123. Зәрдегі глюкозаны ұзынша-сопақ тестімен анықтау
Мақсаты: зәрдегі глюкозаны анықтау.
Көрсеткіштері: қант диабеті.
Құрал-жабдықтар: зәр, ұзынша-сопақ тесті реактивімен, қолғап, ҚЖКЖК.
Іс -әрекет алгоритмі:
Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз.
Ораудан ұзынша-сопақ тестіні шығарып, тез ораудың қақпағын жабыңыз.
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз.
Жаңа бөлінген зәрді араластырып, оған ұзынша-сопақ тестіні салып, жылдам шығарыңыз.
Ұзынша-сопақ тестінің ұшын ыдыстың қырымен жүргізіп, зәрдің артығын кетіріңіз.
Тест-зонаның түсін ораудағы түрлі түсті шкаламен салыстырыңыз.
Қолғапты шешіп ҚЖКЖК-ға салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Ескерту:
қалыпты нәтижеде – реакция кері, зәрде глюкоза деңгейі төмен, оң болған нәтижеде – зәрде глюкоза анықталады (глюкозурия).
124. Розин байқауын жүргізу
(зәрдегі билирубинді анықтау – сапалы байқау)
Мақсаты: диагностикалық (зәрдегі өт пигменттерін анықтау).
Құрал-жабдықтар: 1% спирттік йод ерітіндісі (1 г кристалды йод), сыйымдылығы 100 мл цилиндрде 20-30 мл 96% спирт (ректификатпен немесе Люголь ерітіндісімен ерітіп дайындайды), таза, құрғақ шыны түтік, тамызғыш, зәрді жинауға арналған ыдыс, қолғап, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз.
Зәрді ыдысқа жинауға науқасты үйретіңіз.
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз.
4-5 мл зерттейтін зәрді шыны түтікке құйыңыз.
Шыны түтіктің қабырғасына абайлап 1% спирттік йод немесе Люголь ертіндісін тамызғышпен тамызыңыз.
Қараңыз: шыны түтікте ерітінділердің шек арасында жасыл сақина пайда болады (егерде билирубин болса).
Қолданған тамызғышты, шыны түтікті, зәрді жинауға арналған ыдысты зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз.
Қолғапты шешіп ҚЖКЖК-ға салыңыз. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |