Мақсаты: диагностикалық: жасушалық элементтердің санын анықтау (эритроциттер, лейкоциттер, цилиндрлер).
Көрсеткіштері: дәрігердің тағайындауы бойынша (бүйрек ауруларында).
Құрал-жабдықтар:сыйымдылығы 100-200 мл кең мойнынды таза, құрғақ шыны банка, қолғап, жолдаманы жазып банкіге желімдеп, жапыстырыңыз (бөлімше, палата №, науқастың аты жөні, зерттеу мақсаты, айы-күні, мейірбикенің қолы), ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгор1итмі:
Зәрді зерттеуге жинау тәртібі туралы науқасқа нұсқау жүргізіңіз.
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз.
Науқастың сыртқы жыныс мүшесін алдынан артына қараған бағытпен жуыңыз.
Науқас зәрдің бірінші ағымы порциясын унитазға «1, 2» есебінде бөліп шығаруы тиіс және зәр шығаруды ұстап тұруы қажет.
Даярланған банкіге 50 мл мөлшеріндей зәрдің ортаңғы бөлігі ағымы порциясын жинаңыз.
Ескерту: тәуліктің кезкелген уақытында зәрге зерттеуді жүргізуге болады.
Нечипоренко тәсілі – бұл әдісте зәр тұнбасы микроскоппен қараласып лейкоцит, эритроцит және цилиндр мөлшерлері дұрыстықпен анықталады. Бұл әдіс диагностика үшін үлкен мағына береді, белгісіз жасырынды өтетін нефрит және пиелонефрит
формаларын, науқастарды динамикалық бақылау және жүргізілген емнің тиімділігін бағалау.
Формалды элементтердің қалыпты көрсетілімдері:
лейкоциттер – 1 мл-де 4000-ға дейін;
эритроциттер – 1 мл-де 1000-ға дейін;
цилиндрлер – жоқ.
120. Зимницкий байқауына зәрді жинау
Мақсаты: диагностикалық: бүйрек қызметінің қоюлығын және бөлінуін зерттеу; тәуліктік, күндізгі және түнгі диурездерді анықтау.