ІV. Науқастың жеке бас тазалығы
Науқасқа төсек-орын дайындау
Мақсаты: төсекте жайлы жағдай жасау.
Көрсеткіштері: науқастың ауруханаға түсуі.
Құрал-жабдықтар: функциональдық кереует, матрас, матрас тысы, ақжайма, жастық тыстары, екі жастық, жұмсақ қалың бәйке көрпе қаптама сейсебімен, клеенка, жаялық, қолғап, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:
Гигинаалық деңгейде қол деконтоминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз.
Матрасты матрас тысына салыңыз.
Кереуеттің торына тысқа салынған матрасты салыңыз.
Зәрі тоқтамайтын науқастар үшін матрас тысының еніне сәйкестеп, клеенканы жылжымайтындай етіп бекітіңіз.
Матрастың үстіне ақжайма төсеңіз, ол жиырылып, қыртыстанып қалмауы үшін, ақжайманың шеттерін матрастың астына қайырып қойыңыз.
Жастықтарға тысын кигізіңіз,оларды аздап көпсітіңіз, кереуеттің бас жағына қойыңыз.
Астыңғы жастықты тіке қойыңыз, ал үстіңгісін сәл жоғарырақ, кереуеттің арқа сүйенішіне тіреліп тұратындай қылып қойыңыз.
Көрпеге сейсебін кигізіңіз және оны мұқият түзетіңіз.
Қолғапты ҚЖКЖК-ға салыңыз.
Халі ауыр науқастың төсек-орын тыстарын ауыстыру
(ұзынынан жасалатын әдіс)
Науқастың төсек тәртібін сақтау жағдайларында егер оған төсекте аударылуға рұқсат етілсе, ұзынынан ауыстыру әдісі қолданылады.
Мақсаты: төсекте жатқан науқасқа жайлы жағдай жасау.
Көрсеткіштері: науқастың жеке басының гигиенасын сақтау, ойық жаралардың алдын алу, төсек тыстарының кірлеуінің алдын алу.
Құрал-жабдықтар: таза ақжайма, ластанған төсек орынды салатын клеенкалы қапшық, қолғап, ҚЖКЖК .
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа манипуляцияның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
Гигиналық деңгейде қол деконтоминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз.
Таза ақжайманы бікүл ұзындығын бойлап ортасына дейін шиыршықтап бүктеңіз.
Науқастың басын көтеріңкіреп, оның астынан жастықты алып тастаңыз.
Ақжайманың шеттерін матрацтың астынан айнала шығарып алыңыз.
Кереуеттің шетіне қарай абайлап науқасты жылжытып, оны бір қырына аударыңыз, осы қалыпта қалдырыңыз.
Лас ақжайманың бос қалған бөлігін бүкіл ұзындығы бойынша науқасқа қарай шиыршықтаңыз (яғни төсек бойына).
Ұзынынан бүктелген таза ақ жайманы төсектің босаған жеріне төсеңіз.
Науқасты арқасына аударып, содан кейін екінші қырына аударыңыз, сөйтіп ол таза ақжайманың жарты бөлігінде болуы керек.
Лас ақжайманы науқастың астынан жинап алыңыз, оның орнына таза ақжайманың екінші жартысын жайыңыз.
Таза ақжайманы жазыңыз, ондағы қыртыстарды тегістеңіз.
Ақжайманың шеттерін матрастың астына қайырыңыз.
Жастықты тыстап науқастың басының астына қойыңыз және оны жаңадан тысталған
көрпемен жабыңыз.
Лас ақжайманы төсек-орын тыстарына арналған клеенкалы қапқа салып, шаруашылық мейірбикесіне тапсырыңыз.
Қолғапты шешіп ҚЖКЖК - ға салыңыз.Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |