Білім алушыларға арналған тәжірибелік дағды және білік кәсіби алгоритм жиынтығы



бет24/146
Дата27.06.2023
өлшемі3,09 Mb.
#103563
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   146
Байланысты:
аллгоритмы на каз. яз2

Іс әрекетінің алгоритмі:
1.Гигиналық деңгейде қол деконтоминациясын жүргізіп,, қолғапты киіңіз.
2.Терісінің жағдайын тәулігіне 1-2 рет қарап отырыңыз.
3.Төсек орны мен іш киімінің уақытында ауыстырылуын қадағалаңыз.
4.Төсектің қыртысын, тегіс емес жерлерін тегістеп, жазып, ұсақ түйіршіктер болса алып тастаңыз.
5.Төсектегі жағдайын тәулігіне 10-12 рет, яғни әрбір 2 сағат сайын өзгертіп отырыңыз.
6.Жеке күтім кестесіне сәйкес пациентке жеке гигиеналық күтім жасаңыз.
7.Денесінің ойылып қалу қаупі бар жерлерінің тұсына поролон білеулер (валик) қойыңыз.
8.Арнайы матрастарды қолданыңыз, гельмен толтырылған жастықтар немесе сулы матрастарды қолданыңыз.
9.Асептика ережелерін қатаң сақтаңыз, себебі инфекция қосылса пациенттің жағдайы одан әрі ауырлайды.
10.Ойылу пайда болса, дәрігер нұсқауымен емдеңіз.

  1. науқасты ішімен жатқызу



Мақсаты: төсекте жайлы қалыпты жасау.
Көрсеткіштері: төсектегі еңжарлы және еріксіз қалыптағы науқас, ойылудын
алдын алу.
Құрал-жабдықтар: функциональды кереует, 8 кішкентай жастықтар, 2 жастық,
қолғап, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:



  1. Науқаспен сенімді қарым қатынас орнатыңыз.

  2. Науқастың жағдайын және оның жағынан басқа жаққа ауысуына көмектесу мүмкіндігі барлығын бағалаңыз.

  3. Гигиналық деңгейде қол деконтоминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз.

  4. Кереуеттін тежеуін (тормозын) бекітіңіз.

  5. Мейірбике тұрған қыр жағындағы порученді түсіріңіз (егерде ол болса).

  6. Кереуетке көлденең қалып беріп, науқастың басының астынан жастықты алып, оған көмек көрсетуге жолды камтамасыз етіңіз.

  7. Ішіне аудару жасалатын науқастың шынтақ буынынан жазылған қолын тұлғасының барлық ұзындығына паралельді (қатар) орнатыңыз және қысыңыз, сан астына қолыңыздың ұшын салып, науқасты оның қолы арқылы ішіне «аударыңыз». Егерде науқас денесінің бір жақ жартысында салдану (гемиплегия) болса, онда салданған қол арқылы ішіне аударуды жасаңыз (төсектегі науқасты аудару жеңілденеді).

  8. Науқастың денесін кереуеттің ортасына жылжытыңыз (науқастың қауіпсіздігін қамтамасыз ету).

  9. Науқастың басын бір жақ қырына бұрып, оның астына аласа жастықты салыңыз (ол мойын омыртқаларының бүгілуі мен жазылуын азайтады). Салдануы бар науқастың басын дененің жансызданған жағына бұрыңыз.

  10. Кішкентай жастықты науқастың ішіне, диафрагма деңгейінен біраз төмендеу салыңыз (бел омытқаларының жазылуын және бел бұлшық еттерінің күшін азайту үшін), әйелдердің кеуде қысуын азайтады.

  11. Науқастың иығынан бүгілген қолдарын, жоғары көтеріңіз, оның қолдары науқастың басына орналасады (науқасқа жайлы қалып беру).

  12. Шынтақ астына, білекке және қол ұшына кішкене жастықтарды салыңыз.

  13. Табандардың астына жастықты салыңыз, аяқтың саусақтары матрацтың үстінде болуы керек (аяқтың саусақтарын матрацқа қысуын азайтады, табанның салбырауын және оның сыртына бұрылуын алдын ала ескертеді).

  14. Науқастың ыңғайлы жатқанына көзіңізді жеткізіңіз.

  15. Қолғапты шешіп, ҚЖКЖК - ға салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет