Асқынулары: науқастың төсектен құлап кетуі, жалпы жағдайының нашарлауы, мейірбикенің қолымен терінің жарақаттануы және жұқпаны жұқтыруы.
Құрал-жабдықтар: таза іш киім жиынтығы, ластанған киімдерді салуға арналған клеенкалы қап, қолғап, ҚЖКЖК.
Іс- әрекет алгоритмі:
Науқасқа емшара мақсатын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
Гигиналық деңгейде қол деконтоминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз.
Өзіңіздің сол қолыңызды науқастың арқасының астына салыңыз.
Науқастың денесінің жоғарғы бөлігін көтеріңіз.
Ластанған жейденің етек жағынан жинап, оны қолтық асты аймағына және желкесіне дейін шыйыршықтаңыз.
Науқасты сүйемелдеп тұрып ластанған жейдені басынан асырып шешіп алыңыз.
Науқасты жастықтарға жатқызып, екі қолын жейденің жеңдерінен босатыңыз (егер қолының біреуі жарақаттанған болса, онда жейдені алдымен сау қолдан, содан кейін ауру қолдан шешіңіз).
Таза жейденің жеңдерін қолдарына кигізіңіз (егер қолының біреуі жарақаттанған болса, онда алдымен жарақаттанған қолға, содан кейін сау қолға кигізіңіз).
Жейдені басынан өткізіңіз және оны бойымен жазыңыз.
Ескерту: Қатаң төсек тәртібінде жатқан науқасқа түймесіз кең жейде кигізіңіз. Кеуде торының алдын жауып алдымен абайлап бір қолына, содан кейін екінші қолына кигізіңіз. Оның төсектегі қалпын өзгертпей, кең жейденің бос қалған екі жағын науқастың кеуде торының екі жағы бөлімдерінің астына қайырып қояды.
Халі ауыр науқастың шашын күту