Мақсаты: жасырынды ісіктерді анықтау, олардың қозғалыс күшін және диуретиктердің қолдану әсерлігін бақылау.
Құрал-жабдықтар: сұйықтыққа арналған өлшемді бөлшек белгісі салынған шыны ыдыс және көлемі 0,5 л, 3 л зәрді жинауға арналған ыдыс, су балансын есептейтін парақ, қаламсап, қызу парағы.
Іс-әрекет алгоритмі:
Су ішуге және зәрді жинауға науқасқа өлшемді ыдысты даярлаңыз.
Науқасқа емшара мақсатын және орындау іс-әрекетін түсіндіріңіз. Науқас бір тәулік бойы көлемі 3 л ыдысқа зәрді жинауы қажет және бір уақытта ішілген және шығарылған сұйықтыққа есеп жүргізеді.
Әдеттегі су-тамақ және қозғалыс тәртібін сақтау қажеттілігі туралы науқасқа түсіндіріңіз.
Су балансын есептейтін параққа жазу тәртібі туралы науқасқа толық мәліметті беріңіз. Парақты толтыра білуіне көзіңізді жеткізіңіз.
Науқасқа түсіндіріңіз, таңертең сағат 6,00 зәрін унитазға жіберу қажеттігін.
Келесі зәрдің үлесін тәулік бойы 3 л бөлшек белгісі салынған ыдысқа келесі күніннің таңертенгі сағат 6,00 дейінгі зәрді қоса санап жинаңыз.
Өлшемді ыдыстағы зәрдің жалпы мөлшерін анықтаңыз. Осы тәуліктік диурез болады.
Бөлінген сұйықтықтың мөлшерін есептеу парағына жазыңыз.
Бөлінген сүйықтық
Бөлінген зәрдің уақыты
Бөлінген зәрдің мөлшері мл (диурез)
Барлығы:
Ішілген және организмге енгізілген сұйықтықтың мөлшерін есептеу парағына белгілеңіз
Енгізілген сүйықтық
Сұйықтықты қабылдау немесе енгізу уақыты
Ішілген және енгізілген сұйықтықтың мөлшері
Барлығы:
Келесі күнгі таңертенгі сағат 6,00 да науқас мейірбикеге есептеу парағын тапсырады.
Ішілген сұйықтық мөлшері мен тәуліктік зәр мөлшері арасындағы айырмашылық организмнің су балансы көлемін құрастырады.