Білім алушыларға арналған тәжірибелік дағды және білік кәсіби алгоритм жиынтығы


VІ. Тамақтану және науқасты тамақтандыру



бет49/146
Дата27.06.2023
өлшемі3,09 Mb.
#103563
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   146
Байланысты:
аллгоритмы на каз. яз2

VІ. Тамақтану және науқасты тамақтандыру

  1. ҚАЛІ АУЫР НАУҚАСТЫ ТАМАҚТАНДЫРУ



Мақсаты: науқасты тамақтандыру.
Көрсеткіштері: төсек тәртібінде жатқан, қал-жағдайы ауыр науқас.
Құрал-жабдықтар: сүлгі, салфетка, поильник, сұйықтық ішуге арналған түтік, қасық, тарелка, жылы тамақ.


Іс-әрекет алгоритмі:



  1. Тамақты қандай реттілікпен қабылдайтынын ұнататынын науқастан сұраңыз.

  2. Науқасқа қандай тағам дайындалғанын айтып беріңіз.

  3. Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіңіз.

  4. Науқастың кеудесі мен мойынын салфеткамен немесе сүлгімен жабыңыз.

  5. Тумбочкіге немесе керует жанындағы кішкене үстелге жылы даярлаған тамақты қойыңыз.

  6. Науқасқа ыңғайлы жағдай беріңіз, отырғызу немесе жартылай отыру (Фаулер қалпы).

  7. Науқасты басын көпшікпен бірге сол қолмен көтеріңіз (егерде отырғызу қалпына мүмкіндік болмаса), ал оң қолмен қасықты немесе поильникті тамақпен ауызына жақындатыңыз.

  8. Науқасты қасықпен аз порцияда немесе поильникпен кішкентай жұтыммен тамақтандырыңыз.

  9. Ауызында қатты тағам болмаған жағдайда түтік арқылы сусынды беріңіз.

  10. Сүлгіні сумен суландырып, науқастың еріндерін және иегін сүртіп, сосын сүлгінің құрғақ шетімен сүртіңіз.

  11. Науқастың кеудесінен жапқан салфетканы, қолданған ыдысты алыңыз. Төсек орындағы қиқымды қағып, оны ыңғайлы жағдайда жатқызыңыз.

  12. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.



Ескерту: егерде науқаста алмалы-салмалы протезді тістері болса, онда оны шешіп, сумен шайқаңыз.



  1. Халі ауыр науқасты мұрын-асқазан сүнгісі арқылы тамақтандыру



Мақсаты: сүнгіні енгізу және науқасты тамақтандыру.
Көрсеткіштері: жарақат, тілдің, жұтқыншақтын, көмекейдің, өңештің зақымдануы және ісіктер, жұтынудың және сөйлеудің бұзылуы, ессіз жағдай, психикалық ауру
тамақтан бас тарту, өңештің түйнелуі немесе тарылуы, қақпақшықтың тарылуы. Өнеш және асқазан-ішек жолдарына операциядан кейінгі кезең.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет