Мақсаты: дем алу қозғалысының жиілігін анықтау әдісіне үйрету және алынған нәтижені бағалау.
Көрсеткіштері:тыныс алу мүшелерінің функционалды жағдайын бағалау.
Құрал-жабдықтар: секунді тілі бар сағат, қызу парағы, көк стержен, қалампсап.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз.
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіңіз.
Науқасқа ыңғайлы қалып беріңіз (жату). Сізге оның кеуде торының жоғарғы бөлігін және ішін көруі қажет.
Бір қолмен науқастың қолын алыңыз, қәржілік артериясынан тамыр соғуды зерттегендей, оның көңілін аударуға.
Екінші қолыңызбен науқастың кеудесіне (кеуде түрімен дем алуда) немесе эпигастрии (төс шеміршегі мен кіндік аралығы) аймағына (іш түрімен дем алуда) қойыңыз.
Секундомерді қолдана отырып, бір минуттағы демді ішке алу немесе демді шығару санын есептеңіз.