катетерді енгізу алдында иімділігінің сақталғанын және оның жарығының болмауын қадағалау қажет;
қауіпсіздік техникасын сақтау (оттегі шырышты қабықты күйдіреді);
ойылудың және мұрын қуысының шырышты қабығының құрғауын алдын алу ескерту мақсатында әрбір 30-60 минут сайын катетердің қалпын ауыстырады.
Оттегі жастықшасынан ылғалдатылған оттегін беру
Мақсаты: ұлпалардағы оттегін жоғарлату
Көрсеткіштері: әр түрлі тыныс алудың бұзылуы, тұншығу, газбен улану, өкпе-ісігі, жедел және созылмалы тыныс алу жетіспеушілігі.
Құрал-жабдықтар:оттегі жастықшасы, мундштук, 4 қабаттан жиналған дәке салфетка, 70% спирт ерітіндісі немесе 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісі, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс, су, оттегі бар баллон, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:
Мундштукті науқастың ауызына жақындатып ұстап, жастықшадағы вентильді ашыңыз (ауызға тығыз қоюға болмайды). Оны науқастың ауызынан 1-1,5 см қашықтықта ұстаңыз.
Дем алу мундштук арқылы ауызбен, ал дем шығару мұрыннан жүргізілетінің науқасқа түсіндіріңіз.
Оттегін беру жылдамдылығын реттеңіз (1 минутта 4-5 л).
Оттегі азайған сайын жастықшаның қарама-қарсы шетін қайырып, оттегі толығымен бөлінбегенше басыңыз.
Науқастан жастықшаны алып, мундштукті бөліңіз.
Пайдаланған салфетка, қолғапты ҚЖКЖК-ға салыңыз.
Мундштукті зарарсыздандыру: оны 70% спирт ерітіндісімен немесе 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісімен екі рет арасына 15 минут салып сүртіңіз.