Білім алушыларға арналған тәжірибелік дағды және білік кәсіби алгоритм жиынтығы



бет58/146
Дата27.06.2023
өлшемі3,09 Mb.
#103563
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   146
Байланысты:
аллгоритмы на каз. яз2

Іс-әрекет алгоритмі:



  1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

  2. Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз.

  3. Даярлаған салфетканы салқын суға салып сулап, оны сығыңыз.

  4. Салфетканы бірнеше қабатпен бүктеңіз.

  5. Дененің тиісті учаскесіне салфетканы салыңыз.

  6. Әрбір 2-3 минут сайын салфетканы ауыстырып тұрыңыз, өйткені салфетка қызыу дене қызумен тез теңесіп кетеді.

  7. Бірінші салфетканы екіншісімен ауыстырып отырыңыз.

  8. Емшара аяқталғаннан кейін қолғапты шешіп ҚЖКЖК-ға салыңыз



Ескерту: бүкіл емшараның ұзақтығы 5 минуттан 60 минутқа дейін.



  1. Жылы және дәрілік компресТерді қою

Мақсаты: қан тамырларын ұзақ және біркелкі кеңейту, ұлпадағы қан айналуын жақсарту, ауыруын азайту және сіңіру әсерін жасау.
Көрсеткіштері: инъекциядан кейінгі инфильтратта (жергілікті түйінде) бұлшық еттердегі және буындардағы қабыну процестері, мұрын, құлақ аурулары, соғып алғаннан кейінгі 2 тәулікте.
Қарсы көрсеткіштері: қызба, қан құйылу, терідегі іріңді және аллергиялық бөртпелер, тері жамылғысы бүтіндігінің бұзылуы, әртүрлі этиологиядағы ісіктер, жарақат пен соғып алудың бірінші тәулігінде.
Асқынулар: терінің тітіркенуі, күю
Құрал-жабдықтар: компрестік мата немесе 8-10 қабаттап бүктелген дәке салфетка, компрестік қағаз, мақта, бинт, 40% этил спирті немесе дәрілік ерітінділер, 20-250С су, қайшы, қолғап, ҚЖКЖК.


Іс-әрекет алгоритмі:



  1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оны жасауға рұқсатын алыңыз.

  2. Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз.

  3. Науқастың компресс қоятын жерінің терісін қараңыз.

  4. Даярланған ерітіндінің (20-250С) біреуіне компрестік дәке салфеткасын ылғалдап, оны аздап қана сығыңыз.

  5. Дененің қажетті учаскесіне компрестік дәке салфетканы қойыңыз. Әсерін тигізетін аймақтан оның көлемі 2 см артық болуы керек.

  6. Компрестік матаның немесе дәке салфеткасының үстіне компрестік қағазды салыңыз. Ол алдыңғы қабаттан 2 см-ге енді болуы қажет.

  7. Компрестік қағаздың үстіне мақтаны қойыңыз (компрестің алдыңғы қабатынан көлемі 2 см артық болуы тиіс).

  8. Қойған компрес денеге тығыз қабыса жататындай керек, бірақ қозғалысты шектемейтіндей етіп, бинтпен байлаңыз.

  9. Компресті 6-12 сағатқа қалдырыңыз (дұрысы түнге қарай қою).

  10. Қолғапты шешіп ҚЖКЖК-ға салыңыз. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

  11. 2 сағаттан кейін компрестің дұрыс салынғанын тексеріңіз. Компрестің астына саусағыңызды сұғыңыз, салфетканың ылғалды, терінің жылы екендігіне көзіңізді жеткізіңіз.

  12. Компресті алып, теріні жылы сумен сүртіп, сүрткімен құрғатып, құрғақ таңғыш салыңыз. Компресс қойған жерді жылы қымтаңыз.



Ескерту:

  • егер 2 сағаттан кейін салфетка құрғақ болса, онда компресс дұрыс салынбаған;

  • спирттік компресттер жылдам кебеді, сондықтан оларды әрбір 4-6 сағат сайын ауыстырады;

  • компресті қайталап қоюды, алдыңғы компресті алғаннан кейін 1 сағат соң қайталауға болады;

  • қоспасыз иіс су (одеколон) немесе спирт қолданғанда тері қабатын күйдіру мүмкін.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет