Ыстық ылғалды компресті қою
Мақсаты: емдік, қабынуды қайтару, сіңдіріп тарату және ауыруды басу.
Көрсеткіштері: бас сақинасы (мигрень), талықсу (коллапс), ішек, өт жолдарының түйіліп ауыруында, бронхиальдық астма, бұлшық ет пен буындардағы ауырулары.
Қарсы көрсеткіштері : іш пердесінің қабынуы.
Құрал-жабдықтар: ыстық (t-60-700С) суы бар ыдыс, су термометрі, 2 салфетка, клеенка, мақта, сүлгі.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның рұқсатын алыңыз.
Компресс қоятын жердің тері қабатын тексеріп алыңыз.
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіңіз.
8 қабатты салфетканы ыстық суға салып сулап, оны сығыңыз.
Дененің тиісті учаскесіне ылғалды салфетканы тығыз 5-10 минуттай басыңыз.
Салфетканы клеенкамен, сосын үстінен қалың жүннен тоқылған матамен жабыңыз.
Бірнеше минуттай компресті қолыңызбен ұстап тұрыңыз, оны салқындаған сайын ауыстырыңыз (бинт салмайды).
Терінің ылғалды бетін сүлгімен құрғатып сүртіңіз.
Науқасты жылы жабыңыз.
Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
Ескерту: клеенка үстіне жылытқыш қоюға немесе қалың тоқылған матаны жабуға болады.
Салқын компресті қою
Мақсаты: емдік, қан тамырларын тарылту әсері, жергілікті салқындату, ауырсынуды басатын әсері.
Көрсеткіштері: жұмсақ ұлпалардың (ткандердің) сіңірдің (байламы), сүйек қабығының жарақаттануы мен зақымдануынын бірінші тәулігінде, мұрыннан қан кетуде, қызбаның 2 кезеңінде.
Қарсы көрсеткіштері: іштің түйіліп ауыруында (іштің спастикалық ауруларында), талықсу (коллапс), шок.
Құрал-жабдықтар: салқын суы бар ыдыс, бірнеше рет қабатталған 2 салфетка, қолғап, ҚЖКЖК
Достарыңызбен бөлісу: |