Білім алушыларға арналған тәжірибелік дағды және білік кәсіби алгоритм жиынтығы



бет97/146
Дата27.06.2023
өлшемі3,09 Mb.
#103563
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   146
Байланысты:
аллгоритмы на каз. яз2

ХІ. Құықты катетерлеу


105. Әйелдердің қуығын катетерлеу


Мақсаты: емдік: қуыктағы несепті дер кезінде шығару, кейіннен қалыпты табиғи несеп шығаруды қайта қалпына келтіру, қуықты жуу.
Көрсеткіштері: жедел және созылмалы зәр бөлінудің тоқтауы, қуықты жуу және оған дәрілік, рентгенконтрастық ертінділерді енгізу, несіптік және жыныс жүйелеріне
операциядан кейінгі кезең, зәр бөліну мүшелерін эндоскопиялық зерттеу алдында, клиникалық және бактериологиялық зерттеуге зәрді алу, қалдық зәрді анықтау.
Қарсы көрсеткіштері: уретраның (үрпінің) жарылуы, жедел уретрит, гематурия, зәр шығару каналының тарылуы, зәр шығару каналының жедел қабынуы.
Асқынулар: уретралды қызба, уретраның, қуықтын шырышты қабығының зақымдануы, асептика ережесін сақтамағанда жұқпалы ауруларды енгізу.
Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған катетер, 2 дана анатомиялық пинцеттер, корнцанг, лоток, салфеткалар, 2 дана қолғап, вазелин майы, 1:5000 фурацилин ерітіндісі,тері антисептигі, 1% спирттелген йод ертіндісі, несеп жинайтын ыдыс, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс,судно, алжапқыш, клеенка, жаялық, керме, науқастың жыныс мүшелерін жууға арналған құрал-жабдықтар, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:



  1. Наукаспен өз-ара сенімді қарым-қатынасты орнатыңыз.

  2. Науқаска емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

  3. Науқасты кермемен оңашалаңыз.

  4. Науқасты арқасына жатқызыңыз: тізесінен бүгілген екі аяғын жан-жаққа аздап қана ажыратуына көмектесемыз.

  5. Бөксе астына клеенканы, оның үстінен жаялықты төсеңіз. Судноны беріңіз.

  6. Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп,тері антисептигімен қолыңызды өңдеп, қолғап пен алжапқышты киіңіз.

  7. Науқастың жыныс мүшелерін жууға арналған құрал-жабдықтарды дайындаңыз (қара: халі ауыр әйелдердің жыныс мүшесін жуу іс-әрекетін) жүргізіңіз.

  8. Катетерлеуге қажетті құрал-жабдықтарды дайындаңыз.

  9. Тырнақ пластинкаларын 1% спирттелген йод ертіндісімен өндеңіз.Залалсыздандырылған қолғапты киіңіз

  10. Сол қолдың І және ІІ саусақтарымен үлкен және кіші жыныс еріндерін ажыратыңыз, зәр шығаратын түтіктің сыртқы тесігін ашыңыз.

  11. Фурацилин ерітіндісіне малынған дәке салфеткасын пинцетпен алып, оң қолыңызға ұстаңыз.

  12. Несеп шығатын тесікті антисептикалық ерітіндімен тазалаңыз, кіші жыныс еріндерінің арасын жоғарыдан төмен қарай қимыл жасап жуыңыз.

  13. Дәке салфеткасын ауыстырып, фурацилин ерітіндісімен малынған дәке салфеткасын несеп шығатын каналдың тесігіне 1 минуттай басып ұстаңыз.

  14. Қолданылған дәке салфеткаларын ҚЖКЖК-ға, пинцетті зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз. Пинцетті ауыстырыңыз.

  15. Ораудын саңылаусыздығын оның жасалған күнін тексеріңіз.Ораудан ашып катетерді пинцет арқылы алыңыз.

  16. Оң қолдағы пинцетпен жұмсақ резеңке катетердің тұмсық (домалақ бітеу) ұшынан 5-7 см қашықтықта қаламсап сияқты қылып ұстаңыз.

  17. Катетердің сыртқы ұшын алақан үстінен айналдырып алып, оң қолдың ІV-ші, V-ші саусақтарының арасына қысып ұстаңыз.

  18. Катетердің тұйық жағына залалсыздандырылған вазелин майын құйыңыз.

  19. Сол қолмен жыныс еріндерін ажыратып, оң қолмен абайлап катетерді несеп шығатын каналға 4-6 см ұзындыққа несеп шыққанша енгізіңіз.

  20. Катетердің бос ұшын зәр жинайтын ыдысқа салыңыз.

  21. Пинцетті зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз.

  22. Зәр бөлінуі аяқталғаннан соң катетерді шығарыңыз, сол қолыңызбен қасағаның үстінен іштің алдыңғы бетін басыңыз. Катетерден шығарғаннан сон зәр ағымы зәр шығаратын каналды жуады (несеп жолын табиғи жолмен шайып өтеді).

  23. Зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа катетерді салыңыз.

  24. Қолғапты шешіңіз. Қолғапты, сүрткілерді мақта шариктерін ҚЖКЖК-ға салыңыз.

  25. Алжаапқышты дезерітіндімен 2 рет 15 мин арлығымен сүртіңіз.

  26. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

  27. Науқасқа физикалық және психикалық тыныштықты қамтамасыз етіңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет