Жаңа білім мен іс-әрекет тәсілдерін қалыптастыру (40 мин.)
Өз бетінше орындайтын танымдық тапсырмалар: (і) Күнделікті тұрмыста пайдаланатын мына қосылыстардың ішінен органикалық заттарды табыңдар:
Ас тұзы, сірке қышқылы, ас содасы, сахароза (қант), глюкоза, глюкоза, нафталин, кальций карбонаты (бор), этил спирті, көмір қышқылы (іі) Органикалық қосылыстарды көрсетіңіз
Сыныпқа сұрақ:
Неліктен органикалық қосылыстар түзуге көміртек атомы қатысады? Оқушылардың ойлары тыңдалады.Содан соң көміртектің ерекше табиғаты, көміртек пен көміртек арасындағы берік байланыстың қалай пайда болатындығы туралы және көміртек органикалық қосылыстарында әрқашан қозған күйде болып, дара төрт берік байланыс қалыптасатындығы туралы бейнеролик арқылы мәлімет алады.
Осы қағиданы ұстана отырып құрамында:
- 1 және 2 көміртегі бар сутекпен қосылысының құрылымдық формуласын жазыңыздар.
- 1 және 2 көміртегі бар хлормен қосылысының құрылымдық формуласын жазыңыздар.
Дәптерлерін бір-бірімен ауыстыру арқылы тақтадағы жауаппен сәйкестендіру.
Органикалық қосылыстардың молекулалық формуласын жазу.
А) Молекулалық формула молекула құрамындағы атомдардың санын ғана көрсетеді, бірақ олардың қалай байланысқаны туралы мәлімет бермейді. Мысалы, Бутанныңның молекулалық формуласы С4Н10 этанолдың молекулалық формуласы C2H6O.
Білік пен дағдыны қалыптастыру. Қолдану. (15 мин.)
Тапсырма. Төменде берілген органикалық қосылыстардың құрылымдық формуласын жазып, көміртектің байланыс саны мен байланыс типін анықтауды сұрау: метан СН4, этан С2Н6, этен С2Н4.
С) Құрылымдық формуланы үшөлшемді бейнеде жазу.
Үшөлшемді бейнеде жазу молекуланың кейбір бөлімдерін толық жазуға көмектеседі. Үшөлшемді бейнені жазудың шарттары бар:
Жазықтықтағы байланыс
Жазықтық артындағы көрінбейтін байланыс
Жазықтық алдындағы байланыс
Оқушыларға молекулалардың шарөзекті модельдері таратылады.
Жұптық жұмыс (і) Алдарыңызға берілген молекулалардың шарөзекті моделін пайдалана отырып, берілген органикалық қосылыстардың молекулалық моделін құрастырыңыздар: Метан СН4, Метанол СН3ОН. Осы қосылыстардың қағаз бетіне үш өлшемді құрылысын суреттеңіздер