Білім беру бағдарламаларының ОҚу-бағдарламалық ҚҰжаттамалары


Жаңа білім мен іс-әрекет тәсілдерін қалыптастыру



бет37/77
Дата03.08.2023
өлшемі7,37 Mb.
#105008
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   77
Байланысты:
2022-2023 Химия 72 ч. УМК (2)2

Жаңа білім мен іс-әрекет тәсілдерін қалыптастыру
(40 мин.)

Алкандар жану өнімдерінің қоршаған ортаға әсерін сипаттау үшін оқушыларды түрлі түсті маркер түстері бойынша топтастырып, топтық жұмыс жасаймыз. Мұнда топтарға постер жасау тапсырылады.

  • Алкандардың жану өнімдерінің қоршаған ортаға әсерін сипаттаңыздар;

  • Постерге қойылатын талаптар:

*мазмұнды болу;
*проблемалардың шешу жолдарын ұсыну;
*орындау уақыты 15минут.

(Ең үздік жұмысты сабақтың соңында оқушылар мен мұғалім біріге отырып анықтайды.)


Кестені толтырыңыз.( Дәптерге жазады)

Зат

Қалай түзіледі

Туындайтын проблема

Шешу жолдары

Көмірқышқыл газы

Отынның толық жануы кезінде







Көміртек монооксиді

Оттек жеткіліксіз жағдайда







Көміртек

Оттек тым аз жағдайда







Оқушылар сіздер өте жақсы жұмыс жасадыңыздар! Енді көмірқышқыл газының адамға әсері мен пайдасын қарап шығайық.




Білік пен дағдыны қалыптастыру. Қолдану.
(15 мин.)

Есептер шығару

  • Автокөлік 100 км жол жүргенде, 20 м3 пропан газын жағады. Автокөлік 1 км жол жүргенде ауаға қанша көлем (қ.ж) көмірқышқыл газын шығарады?

Жүк машинасы 50 км жол жүргенде, 10л бензин жағады.Егер бензиннің әр литрінің жануына 1,8 м3 ауа жұмсалса, онда бір автобильге (жылдамдығы 60км/сағ болса) бір жұмыс (8 сағ) күнінде ауаға шығаратын көмірқышқыл газының мөлшерін есептеңіздер. ( Бензин- изооктан изомері ретінде )




Үй тапсырмасын ақпараттандыру кезеңі
(5 мин.)

Үйге тапсырма (Есептерді шығарып келу.)

  1. Ауа бойынша тығыздығы 29-ға тең массасы 2 грамм алканды жағы үшін қажет оттектің көлемін есептеңіздер.

  2. Массасы 720г пентанды жағу үшін қанша көлем ауа қажет?

Көлемі 44.8л пропанды жағу үшін қажет оттек пен ауаның көлемін есептеңіздер.




Сабақты қорытындылау
/ бағалау (5 мин.)

Сабақ соңында оқушылармен рефлексия:

  • Не үйрендім?

  • Нені түсінбедім?

  • Мен үйрете аламын...







Рефлексия (5мин.)












Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет