Білім беру бағдарламасы 6В01301-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі Оқу түрі күндізгі Барлық кредит 2



бет2/5
Дата18.11.2023
өлшемі30,28 Kb.
#124448
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5
Байланысты:
Оқу практикасы 2023 апрель - 1 курс

Оқу практикасын қорғау
Барлық тапсырмаларды орындаған және есеп беру құжаттарын практика жетекшісіне тапсырған студенттерге оқу практикасын қорғауға рұқсат етіледі. Практиканы қорғау педагогикалық университетте жүзеге асырылады. Практика жетекшісі студент-практиканттардың жұмысын және тапсырмалардың сапасын бағалайды, сонымен қатар педагогикалық практиканың нәтижелерін талдайды, оны жетілдіру жолдарын көрсетеді.


Оқу практикасына жетекшілік
Оқу практиканы басқаруды факультеттің практика жетекшісі, топ жетекшілері жүзеге асырады (МД және ББ кафедрасының оқытушылары).
Оқу практикасы жетекшісінің міндеттері
1. Кафедраның практика жетекшісі:
Студенттерді оқу практикасына бағыттау туралы бұйрық жобасын дайындайды;
Студенттермен және практика жетекшілерімен бекіту және қорытынды конференция өткізеді;
Оқу практикасын ұйымдастыру мен өткізуді бақылауды жүзеге асырады.
2. Топтың практика жетекшісі:
Студенттердің жұмысын ұйымдастыру бойынша кеңестер өткізеді, студенттердің оқу практикасында тапсырмаларды орындауын ұйымдастырады;
Студент-практиканттардың есептік құжаттарын талдайды, олардың оқу практикасын қорғауын ұйымдастырады және баға қояды.

Оқу практикасы тапсырмаларын орындауға арналған нұсқаулық

1 тапсырма. «Мектеппен жалпы танысу»:


1. Мектептің мекен-жайы.
2. Мектеп түрі (толық/толық емес, жалпы білім беру мектебі, бастауыш мектеп).
3. Мектепті басқару (әкімшілік – Т.А.Ә., мұғалімдер саны – жалпы және ауысым бойынша).
4. Оқу кабинеттері (зертхана, лингафон кабинеттері, шеберхана, спорт залы, информатика кабинетінің болуы, т.б.).
5. Сыныпқа бекітілген кабинет (кабинеттің материалдық базасы – ТОҚ (техникалық оқу құралдары); кабинетте қандай демонстрациялық және үлестірме материал бар, мұғалімнің өзінің жасағандары; оқу тілінде журналдар, кітаптар болуы және т.б.)
6. Мектепте оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру.
7. Студенттердің жеке істерін зерделеу (қосымшаны қараңыз).
Осы тармақтар бойынша жалпы білім беру мекемесінің тіршілігін қамтамасыз ету үшін мектептің қандай материалдық-техникалық базасы бар екендігі туралы жалпы қорытынды жасаңыз.
Сыныптар бойынша бөлу. Сынып жетекшісімен және сынып оқушыларымен танысу.

2 тапсырма. «Мектептің тәрбие жүйесі» (директордың тәрбие жөніндегі орынбасарымен әңгімелесу):


1. Мектепте тәрбие жүйесінің болуы. Оның графикалық моделі.
2. Мектепте психолог және әлеуметтік педагог бар ма? Олардың функционалдық міндеттері (негізгі).
3. Мектептің ата-аналар комитеті. Оның қызметі.
4. Мектептің дәстүрлері. Негізгі істер.
5. Мектеп базасындағы факультативтер мен үйірмелер.
6. Мектеп оқушыларын басқа секцияларда, үйірмелерде және т.б. жұмыс түрлерімен қамту.
7. Мектептің мектептен тыс ұйымдармен және мекемелермен байланысы. Қайсысымен?
8. «Мектеп мақтанышы» - байқаулардың жеңімпаздары (қайсысы?), олимпиадалар (қайсысы?) мектеп ішінде де, одан тыс жерлерде де.
10. Мектептегі өзін-өзі басқару.


Қорытындылар:
а) жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеу үшін мектепте қандай жағдайлар жасалған? Бұл неден көрініс табады?
б) мектеп қойған тәрбие мақсаттары білім туралы негізгі құжаттардың (ҚР Заңы, этномәдени білім беру тұжырымдамасы, мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасы, тәрбиенің кешенді бағдарламасы) талаптарына сәйкес келе ме.

3 тапсырма. Оқу практикасынан өтудің жеке күнтізбелік жоспарын жасау




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет