Білім беру бағдарламасы 6В01301-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі Оқу түрі күндізгі Барлық кредит 2



бет1/5
Дата18.11.2023
өлшемі30,28 Kb.
#124448
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Оқу практикасы 2023 апрель - 1 курс


А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті
Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институты
Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасы

ОҚУ ПРАКТИКАСЫ
бойынша
ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
Пәні Оқу практикасы

Білім беру бағдарламасы 6В01301-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі


Оқу түрі күндізгі


Барлық кредит 2

Қостанай, 2023
Оқу жұмыс бағдарламасын аға оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі Даметкен Хажмухановна Кушмурзина құрастырды

Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедраның отырысында қаралған және ұсынылған


_______ «________» 2022 ж. № ____ хаттама

Кафедра меңгерушісі _____________________ Ли Е.Д.





ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР







Данильченко Г.И.

педагогика ғылымдарының кандидаты,
қауымдастырылған профессордың м.а.




Кушмурзина Д.Х.



аға оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі








Шодорова К.Т.

Қостанай қ., Айгерим-Ай жеке мектеп директоры






ҚАРАСТЫРЫЛДЫ







Педагогикалық практика бағдарламасы кафедра отырысында қарастырылды




Хаттама № __ , ________ 2022 ж.






















БЕКІТІЛДІ және ҰСЫНЫЛДЫ




Педагогикалық практика бағдарламасы кафедраның әдістемелік бюросымен бекітілді және ұсынылды




Хаттама № __ , ________ 2022 ж.






















КЕЛІСІЛДІ







Оқу-тәрбиелік педагогикалық практика бағдарламасы жұмыс берушілердің өкілеттерімен келісілді










Практика базасының атауы

Т.А.Ә.

Қызметі

Қолы

Қостанай қ., Айгерим-Ай жеке мектеп

Шодорова К.Т.

директор










Оқу практикасы бойынша мәлімет

Оқу практикасы болашақ бастауыш сынып мұғалімінің практикалық дайындығы жүйесіндегі алғашқы кезең, мұғалім кәсібінің дамуындағы алғашқы буын. Бұл кезеңде болашақ мұғалімнің жеке басының кәсіби іс-әрекеті, практикалық дағдылары мен кәсіби сапалары, педагогикалық практиканың кейінгі кезеңдерінде қалыптасқан мұғалімдік кәсіпке деген көзқарас негіздері қаланады.


Практика бағдарламасы 6В01301 «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасына арналған жоғары кәсіби педагогикалық білімнің мемлекеттік білім беру стандартының талаптарына сәйкес құрастырылған.
Мақсаты: Педагогикалық іс-әрекеттің мәнімен таныстыру және педагогикалық университет студенттерінің педагогикалық мамандыққа деген бағытын тереңдету.
Педагогикалық практиканың негізгі міндеттері:

  • Студенттердің мұғалім мамандығы туралы білімдерін бекіту және кеңейту;

  • Студент-практиканттардың алғашқы педагогикалық шеберліктерін қалыптастыру.

  • Студент-практиканттардың оқу практикасы тапсырмаларын орындау кезінде алған материалдары педагогикадан оқу курсын оқыған кезде, сонымен қатар психологиялық-педагогикалық пәндер бойынша эссе мен курстық жұмыстар жазуда қолданыла алады.

Оқу практикасынан өту кезінде студенттер келесі тапсырмаларды орындаулары міндетті:

  1. Мектеппен жалпы танысу

  2. «Мектептің тәрбие жүйесі» (директордың тәрбие жөніндегі орынбасарымен әңгімелесу):

  3. Оқу практикасынан өтудің жеке күнтізбелік жоспарын жасау


МАЗМҰНЫ


Оқу практикасын ұйымдастыру
1. Студенттер оқу практикасынан «Педагогика тарихы» курсын оқығаннан кейін оқудан үзіліссіз өтеді.
2. Әр студент-практикант оқу практикасының барлық кезеңінде бағдарламада көрсетілген тапсырмаларды орындау үшін жеке жоспар жасайды. Практика жетекшісімен жеке жоспар келісіледі.


Оқу практикасы бойынша есеп беру құжаттары
Практика аяқталғаннан кейін (оны қорғау үшін) студент-практиканттар практика жетекшісіне есеп құжаты ретінде аяқталған тапсырмалары бар папка мен оқу практикасы туралы есепті тапсырады (қосымшаны қараңыз).
1. Оқу практикасын өткізуіне арналған жеке күнтізбелік жоспары.
2. Есеп.
3. Практика бойынша тапсырмалар.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет