Мақалдар мен мәтелдер. Жұмбақтар Мақал-мәтелдердің жанрлық белгілері. Классификациялау принциптері. Ауыз әдебиетінің басқа түрлеріне қарағанда, мақал-мәтелдің өзіне тән ерекшеліктері мен өзгешеліктері бар. Ең алдымен, әдебиеттік жағынан алғанда, мақал-мәтел үлкен толғау, образ арқылы берілген логикалық ой қорытындысы болып келеді. Ол адам өмірінде, тұрмыс-тіршілікте, қоғамдық жағдайларда кездесетін әр түрлі құбылыстарға, тарихи мәні бар оқиғаларға берілген даналық баға, тұжырымды түйін есебінде қолданылады. Қандай мақал-мәтелді алсақ та, оның шығуына себеп болған үлкен оқиға, мәнді әнгіме жатады. Мақал-мәтел соларға берілген баға, жасалған қорытынды яғни «тоқсан ауызсөздің тобықтай түйіні» есебінде жүреді. Халық аз сөзге көп мағына сыйдыра отырып, өзініңөміріндекөргендерін, бастан кешірген кезеңдерін, алған тәжірибелерін мақал-мәтел арқылы айтып береді. Бұл жағынан алғанда, көптеген мақал-мәтелдер ақыл-өсиет, нақыл сөз есебінде қызметатқарады.
Қандай мақалды алсақ та, оның шығуына себеп болған үлкен оқиға, мәнді әнгіме жатады. Мақал соларға берілген баға, жасалған қорытынды яғни «тоқсан ауызсөздің тобықтай түйіні» есебінде жүреді. Халық аз сөзге көп мағына сыйдыра отырып, өзініңөміріндекөргендерін, бастан кешірген кезеңдерін, алған тәжірибелерін мақал арқылы айтып береді. Бұл жағынан алғанда, көптеген мақалдар ақыл-өсиет, нақыл сөз есебінде қызметатқарады.
Мақалды тудырушы — енбекші халық. Ол халық данышпандығының алтын қазыналы мұрасы болып табылады. Бұдан, әрине, барлық мақалды халық шығарған деген ұғым тумайды. Ауыз әдебиетінің басқа түрлерісекілді, мақал да таптық ой-санадан таптық көзқарастан туған. Мақалдарды үстем тап та шығарып, оған таптық идеясын қосқан, идеологиялық құрал еткен. Мәселен, «Аузы қисық болса да, байдың ұлы сөйлесін», «Кұм жиылып тас болмас, құл жиылып бас болмас», «Алтын басты әйелден бақа басты бала артық» деген сияқты үстем тап адамдары шығарған мақалдар халықтың тілегіне, көзқарасына мүлде жат, жанаспайды. Сондықтан оларды еңбекші халық қабылдамаған.