Білім беру бағдарламасы (бакалавриат) Үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру Мамандықтың шифры және атауы



бет20/43
Дата08.12.2023
өлшемі1,33 Mb.
#135406
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   43
Электрондық ресурстар:
Химия кафедрасының дәрістері. https://www.youtube.com/channel/UCLWHAMhQU25OnnIjbSy3Baw?view_as=subscriber


Сабаққа дайындалу үшін сұрақтар:

  1. Дисперсті жүйелер. Негізгі түсініктер. Дисперсті жүйелердің жіктелу тәсілдері.

  2. Коллоидты жүйелерді алудың диспергациялық және конденсациялық әдістерінің мәні. Пептизация.

  3. Гидрофобты золь мицелласының құрылысы. ҚЭҚ, электротермодинамикалық потенциал, электрокинетикалық потенциал.

  4. Дисперсті жүйелердің қасиеттері: молекулярлы-кинетикалық, электрокинетикалық, оптикалық. Электрофорез. Электроосмос. Медицинада қолданылуы.

  5. Коллоидты ерітінділерді тазарту әдістері: диализ, электродиализ, ультрасүзгілеу. Медицинада диализдің қолданылуы.

  6. Салыстырмалы термодинамикалық тұрақтылық, коллоидты ерітінділердің седиментациялық және агрегативті тұрақтылығы.

  7. Зольдердің коагуляциясын қандай факторлар тудырады? Коагуляциялау сатылары. Коллоидты қорғау. Ағзадағы атқаратын рөлі. Коагуляция табалдырығы мен электролиттің коагуляциялау қабілеті. Аддитивтілік, электролиттер қоспасы әсерінің синергизмі және антагонизмі.

  8. Дөрекі дисперсті жүйелер: аэрозольдер, суспензиялар, эмульсиялар. Қасиеттері және медицинада қолданылуы. Коллоидты БАЗ.

  9. Тура және кері эмульсиялардың түзілуі. Стабилизаторлар түрлері.



Сабақты жүргізу форматы: Тапсырмалар мен ситуациялық есептерді түсіндіру және талқылау, ауызша/жазбаша сұрау.


Сабақты бақылау түрі: Баға – суммативті (жазбаша түрде/тестілеу).


Тәжірибелік сабақтар үшін тапсырмалар мен сұрақтар (оқытушының қалауы бойынша):

  1. Коллоидты ерітінділердің молекулалық-кинетикалық және оптикалық қасиеттерін дөрекі дисперсті және молекулалық-дисперсті жүйелермен салыстыра сипаттаңыз. Тиндаль конусы дегеніміз не?

  2. Келесі берілген зольдер мицеллаларының құрылысын жазыңыз:

  1. натрий хлоридімен тұрақтандырылған күміс хлориді золінің;

  2. калий хлоридімен тұрақтандырылған қорғасын (II) хлориді золінің;

  3. адсорбциялық пептизация тәсілімен алынған темір (III) гидроксиді золінің;

пептизатор – темір (III) хлориді;

  1. темір (III) хлоридімен тұрақтандырылған берлин көгі золінің;

  2. калий (II) гексацианоферратымен тұрақтандырылған берлин көгі золінің

  1. Коллоидты ерітіндіге потенциал қолдану кезінде қандай құбылыстар байқалады? Жауабыңызды түсіндіріңіз. Күкіртсутек қышқылының артық мөлшерінде алынған күшән (мышьяк) сульфиді золінің бөлшектері электрофорез кезінде қай электродқа қарай жылжитынын анықтаңыз. Мицелланың құрылысын келтіріңіз.

  2. Коллоидты ерітінділерді тазарту әдістері. Диализ, электродиалаз, вивидиализ кезінде жүретін процестерді түсіндіріңіз.

  3. *Барий хлориді мен күкірт қышқылының 1%-дық ерітінділерін бірдей көлемде араластырды (тығыздықтарын 1 г/мл-ге тең деп алыңыз). Түзілген барий сульфаты золінің мицелласының формуласын жазыңыз. Бұл зольдің бөлшектері электрофорез кезінде қай электродқа қарай жылжитынын анықтаңыз.

  4. Коллоидты ерітіндінің тұрақтылығы неге тәуелді? Зольге электролит қосқанда қандай құбылыс байқалады?

  5. 1,5 л алтын сульфиді золінің коагуляциясы оған 570 мл концентрациясы 0,2 моль/л натрий хлориді ерітіндісін қосқанда туындады. Зольді натрий иондарымен коагуляциялау табалдырығын анықтаңыз.

  6. *Зольдің коагуляциялау табалдырығы анықталған: КС1 үшін 189 ммоль/л, К2SO4 үшін 183 ммоль/л, СaCl2 үшін 2,9 ммоль/л. Зольдің зарядын анықтаңыз.

  7. Күміс иодиді золі бірдей көлемдегі 0,04 н KJ мен 0,01 н AgNO3 араластыру арқылы алынған. Екі электролиттің қайсысында (MgCO3 немесе К3[ Fe(CN)6]) коагуляциялау табалдырығы жоғары болады және не себепті?

  8. Электролиттердің коагуляциялау қабілеті қандай да бір зольге қатысты келесі қатар бойынша төмендейді: Na3PO4 → K2SO4 → NH4NO3. Коллоидты бөлшектердің заряды қандай? Коагуляциялау қабілеті жобамен жоғарыдағы электролиттердікіне тең болатын электролиттерге мысал келтіріңіз.

  9. Бөлшектері теріс зарядталған қандай да бір золь үшін келесі электролиттерді коагуляциялау табалдырығының мәніне орай орналастырыңыз: CrCl3, Ba(NO3)2, K2SO4, Дәлелдеу арқылы түсіндіріңіз.

  10. 4 л темір (III) гидроксиді золіне (тығыздығы 1,1 г/мл), 0,91 мл магний сульфатының 10%-дық ерітіндісін қосқанда зольдің коагуляциясы туындады. Зольді сульфат-иондарымен коагуляциялау табалдырығын есептеңіз

  11. *Қорғасын (II) бромиді золі қорғасын ацетаты мен кальций бромиді ерітінділерін араластыру арқылы алынған. Берілген зольге қатысты магний нитратының коагуляциялау қабілеті аммоний сульфатының коагуляциялау қабілетіне қарағанда жоғары. Берілген зольдің мицелласының формуласын жазыңыз.

  12. *м/с және с/м типті эмульсия құрылысының схемасын гидрофильді және гидрофобты эмульгаторлармен келтіріңіз.

  13. Беттік активті заттар ерітінділерінде мицелла түзілу процесін сипаттаңыз. БАЗ-дың суда мицелла түзу мицелласын келтіріңіз. Мицелла құрылысы БАЗ-дың ерітіндідегі концентрациясына қалай тәуелді болады?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет