Коллоидтық жүйелердің молекулалық- кинетикалық және оптикалық қасиеттері.
Коллоидтық бөлшектердің құрылысы және электрлік заряды. Электрокинетикалық құбылыстар.
Коллоидтық жүйелердің тұрақтылығы және коагуляциясы.
1. Дисперсті жүйелер. Заттардың коллоидтық күйі
Коллоидтық химияны беттік құбылыстар және дисперсті жүйелер туралы ғылым деп атауға болады.
Барлық дисперсті жүйелерге тән негізгі екі белгі бар: жоғары дисперстілік (майдалану) және гетерогенділік.
Дисперсті жүйелердің гетерогенділігі мынадан көрінеді: олар өзара ерімейтін кем дегенде екі фазадан (дисперсті фазадан және дисперсті ортадан) тұрады.
Дисперсті фаза - ұнтақталған ұсақ бөлшектер.
Дисперсті фаза - ұнтақталған ұсақ бөлшектер.
Дисперсті орта-дисперсті фаза бөлшектерін біркелкі таратушы газ, сұйық, не қатты зат.
Дисперсті жүйе түсінігі “коллоидты жүйе” түсінігіне қарағанда кеңірек. Коллоидты жүйелер деп дисперсті фаза бөлшектерінің ұнтақталу дәрежесі жоғары гетерогенді жүйелерді айтады.Академик П.А. Ребиндердіңайтуы бойынша, қазіргі коллоидты химияны дисперсті жүйелер мен беттік құбылыстардың физикалық-химиясы деп анықтауға болады.
Коллоидты химия бөлшектердің ерекше-коллоидты дәрежедегі күйін сипаттайды. Мұнда ірі дисперсті жүйелер (суспензия, эмульсия т.б.) де зерттеледі.
Дисперстілік – коллоидтық химия нысандарының ерекше белгісі. Ол бөлшектердің өлшемдерімен анықталады. Кез-келген заттың майдалану дәрежесін дисперстілік (Д) шамасымен сипаттаймыз.
Дисперстілік – коллоидтық химия нысандарының ерекше белгісі. Ол бөлшектердің өлшемдерімен анықталады. Кез-келген заттың майдалану дәрежесін дисперстілік (Д) шамасымен сипаттаймыз.