Білім беру бағдарламасы Орындаған: Ғылыми жетекшісі


Мүмкіндігі шектеулі балаларға дене шынықтыру сабағын өткізуде жаңа технологияларды қолдану



бет10/12
Дата16.05.2023
өлшемі124,1 Kb.
#93555
түріДиплом
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Мүмкіндігі шектеулі балаларға дене тәрбиесі сабағын өткізу ерекшеліктері

2.3 Мүмкіндігі шектеулі балаларға дене шынықтыру сабағын өткізуде жаңа технологияларды қолдану

Мүмкіндігі шектеулі балаларға мектептерде ақпараттық-қатынастық технологиялар көмегімен білім беру жүйесі келесі педагогикалық шарттар бойынша құрылуы қажет:


-білім беру үдерісіне қатысушыларды әлемдік білім беру ресурстарына қолжетімділігі;
-оқушылардың білімге деген қызығушылығын ІТ-технологиялар арқылы арттыру;
-оқытудың барлық сатысында өз бетімен қосымша жұмыс жүргізуді ұйымдастыру;
-мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуы үшін қалыпты жағдайдағы дені сау балалармен тең мүмкіндіктермен қамтамасыз ету;
-қашықтықтан оқыту кезінде олардың білім деңгейінің даму траекториясын бақылау;
-мүмкіндігі шектеулі оқушылардың білім алуына кедергісіз аймақтар қалыптастыру;
-білім сапасының жоғарылауына әсер етіп, қоғамның белсенді мүшесі ретінде қалыптасуына жағдай жасау.
Мүгедек балаларды оқытуды ұйымдастырудың негізгі принциптері:
-Дәстүрлі оқыту үдерісі мен қашықтықтан білім беру технологияларын кіріктіру жолымен сапалы білім алу қолжетімділігіне азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету;
-Мүгедек балалардың даму бұзылыстарын түзету, әлеуметтік бейімдеу және оларға жалпы білім беру үшін арнаулы педагогикалық әдіс-тәсілдер негізінде қашықтықтан оқыту технологияларының элементтерін қолдану арқылы қолайлы жағдайлар жасау;
-Қашықтықтан білім беру моделінің мүгедек-балалардың даму ерекшеліктері мен деңгейлеріне бейімділігі;
-Жобаға қатысушы мүгедек-балалардың денсаулығының сақталуын қамтамасыз ететін қолайлы жағдай жасау.
Ойын мүмкіндігі шектеулі баланың зейінін, есте сақтау қабілетін, ауыз екі сөйлеу мәдениетін дамытуға арналған, адамгершілік сезімін оятуға, адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға, басқа ұлт өкілдеріне достық сезімін тәрбиелеуге үйретеді. Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасайтын тәрбиешілер үшін талапта жоғары.
Тәрбиешінің басшылыққа алатын негізгі ұстанымдары: 
1.Тәрбиеленуші мен тәрбиеші арасындағы педагогикалық әдеп пен
ынтымақтастықтың сақталуы;
2.Тәлім-тәрбие, ұсынылған ойындарды меңгерту, оның бала зердесіне әсер етуі,
қабылдауы, есте сақтауы;
3.Балаларға берілген тапсырманың шектен тыс ауыр болмауы;
4.Тәрбие жұмыстары баланың денсаулығын нығайтуға әсер ететіндей болуы шарт;
5. Ойын тәсілдерінің тиімділігі іс-әрекеті жүйелі, мазмұн сабақтастығын сақтай
отырып бірнеше компоненттерін құру.
6.Балалардың міндетті және мүмкіндік деңгейлерін ескеру.
Ойындар мынандай түрлерге бөлінеді:
Дидактикалық, тіл дамыту, сюжеттік, дамытушылық, қозғалыс ойындары.
Дидактикалық ойындар үш топқа бөлінеді:
1.Заттық дидактикалық ойындар- дидактикалық ойыншықтармен және түрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады.
2.Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар
3.Сөздік дидактикалық ойындар.
Дидактикалық ойындардың негізгі бағыты- балаларға білім-білік, іскерлік, әдет –дағдыларды игерту мен оны бекітуге, ақыл-ой қабілеттерінің дамуына ықпал ету.
Дидактикалық ойындардағы негізгі міндеті - балалардың ақыл-ойын дамыту, білімін байыту.
«Дидактикалық ойындар «термині дидактика бөліміне мақсатты түрде кіргізілетін ойындардың барлығына тән. Баланың танымдық белсенділігін, интелектісін дамытатын ойындардың бірнеше тобы бар:
1-ші топ- заттық ойындар- ойыншықтар мен заттар арқылы жүзеге асады. Ойыншықтар мен заттар арқылы балалар түрді, түсті, көлемді, материалдарды, адамдар мен жаруарлар әлемін, олардың арасындағы қарым- қатынастарды т.б. зеріттеп таниды.
2-ші топ шығармашылық, сюжеттік рольдік ойындар. Мұнда сюжет- интеллектуалдық іс- әрекетің формасы.
Саяхат ойындары. Бұған кітаптар, карталар, документтер бойынша жасалатын географиялық, тарихи, өлке танушылық, ізшілер т.б. саяхаттар жасады. Білім алушылар ойша геолог, зоолог, экономист, топограф т.б. рольдерді атқарады, күнделіктер жүргізеді, хаттар жазады, түрлі танымдық материалдар жинақтайды. Бұл ойындардың білім алушылардың шығармашылық қиялын дамытудағы маңызы зор.
3-ші топ - дайын ережелері бар ойындар. Бұл ойындар,әдете, оушыдан жұмбақты шеше білуді, тарқата білуді, болжай білуді, ең – бастысы пәнді білуді талап етеді.
4-ші топ – еңбек, техникалық, коструктролық, құрылыс ойындар. Бұл ойындар ересектердің кәсіби қызметтерін бейнелейді. Бұл ойындардың барысында білім алушылар өз жұмысын жоспарлауға, керекті материалдарды жинақтауға, өзінің және басқалардың жұмысына сын көзбен қарауға, шығармашылық міндеттерді тез және дұрыс шеше білуге үйренеді. Еңбек белсенділігі таным белсенділігіне ұштасады.
5-ші баланың психикалық сферасына әсер етуге негізделген жаттығу ойындары, тренингтер. Өзара жарысқа негізделген бұл ойындар ойнаушы балаларға салыстырмалы түрде өздерінің дайындық, жатығу деңгейін аңғарып, одан әрі детілдіру жолдарын көрсетеді. [36]
Ең жақсы деген ойындар өз бетімен оқуға негізделген. Олар білім алушыларды біліммен, біліктермен және дағдылармен қарулануға бағыттайды. Оқтудың екі негізгі компоненттен тұратыны белгілі: керекті ақпаратты жинау және дұрыс шешім қабылдау. Білім алушылардың дидактикалық тәжірибесін толықтыратын да осы компоненттер. Бұл жерде психологиялық сипаттағы дамушы ойындарды да атап кеткен жөн: кроссвордтар, викрориналар, ребустар, криптограммалар т.б.
Дидактикалық ойын балалардың қоршаған тілін дамытуда ауызекі сөйлеу, тілдің дыбысталу мәдениетіне тәрбиелеуде байланыстырып сөйлеу, сөздік
қорын дамыту үшін сабақта және сабақтан тыс уақытта ойналатын дидактикалық ойындардың маңызы зор.
Дидактикалық ойындар арқылы мүмкіндігі шектеулі балалардың ойлау қабілетін дамытумызға болады.
Дидактикалық ойындардың нәтижелі, біріншіден, оларды қолданудың жүйелігіне; екіншіден, ойын бағдарламалырының мақсаттылығына тығыз байланысты. Ойынның мақсаты оқтудың басты мақсатымен үндес білім алушының білуге, білімге деген құштарлығын ояту.
Іскерлік ойынның жүргізілу технологиясы:
1. Дайындық кезеңі - ойынды дайындау; сценариін дайындау; жоспар құру; жалпы сипаттау; мазмұнын меңгеру; материалмен қамтамасыз ету.
2.Ойынға кіріспе - проблемалық мақсат қою; шарттарын білу; топ құру: рольдерді бөлісу; регламент белгілеу; жалпы түсінік беру; тиісті консультация беру.

3.Ойынды жүргізу кезеңі - топтық жұмыс; әдебиеттерман жұмыс; тренинг; ойлану; ойыншылармен жұмыс; топ аралық жұмыс, пікірталас; топтардың жұмысты баяндауы; нәтижені қорғау; пікірталас туғызу.


Талдау және қорытындылау кезеңі - ойынға қорытынды жасау; талдау, рефлексия; баға және өзіндік баға; ұсыныстар беру.
Əр оқушыға арналған жеке даму бағдарламасы олардың өзіндік дарындылығын ашып, өмірдегі өз орнын, өз мамандығын табуға көп көмек болар еді. Осындай орталықтар жұмысын жүйелеп отыратын, мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмыс істейтін медициналық - педагогикалық орталықтарды көптеп ашса, кемтар балаларды зор қуанышқа бөлер еді. Егер жалпы білім беретін ордаларда жоғарыда айтылған ұсынылымдарды есепке
алып, сол бойынша инклюзивті білім беретін болса, мүмкіндігі шектеулі балалар да басқа балалардан қалыс қалмайтыны хақ
Сюжетті рөлді ойындар ақыл-есі кем балаларға тән, ең сипатты ойындар болып табылады. Ол балалар өмірінде елеулі орын алады. Сюжетті ролді ойындардың ерекшелігі сол, оны балалардың өздері жасайды. Ойынның дербес әрекеті айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар ұзақ та қысқа да болуы мүмкін. Сюжетті ролді ойында бейнелеу құралы мен ойын әрекеттері болып табылады. Мысалы: «Телефон» ойынында диалогтық сөйлеудегі әңгіменің мақсаты – бір нәрсе жайында сұралып, баланы оған жауап беруге, белгілі бір әрекетке түрткі болуға үйрету болып табылады, ал «Аурухана» ойынын ойнағанда дәрігер мен науқастың әрекеттерін еліктейді
Дамытушы ойындар танымдық сезімді оятады, яғни балада тану іздену әрекетін дамыта отырып, ойдың, талдау мен әрекеттің логикасын ойлау процесінің икемділігін, жаттығуын және тапқырлығын, қиял ұшқырлығын қалыптастырады. Бұл жағдайда сөзжұмбақтар мен ребустар көп септігін тигізеді.
Өз шығармашылығымен құрастырылған сөзжұмбақтар баланың аса қызығушылығын тудырады. Балалар еркін сөздерді буынға бөліп, ойлау қабілеті дамиды, есеп сабағынан білім дейгейі кеңейеді.
Ребустың бір түрі. Қағаз бетінде заттық суреттер ( екі суреттер, төрт сурет т.б. болуы мүмкін)арқылы белгілі бір заңдылыққа сүйене отырып, ретімен орналастырғанда жасырынып тұрған сөзді табуға болады.
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі белсенді болуы қажет. Оқушылардың жеке жетістіктерін бағалау мақсатымен портфолионы бағалау әдісі қолданылуы мүмкін.
Іскерлік ойындар технологиясы. Іскерлік ойындар дегеніміз болашақ маманның кәсіби қызметінің пәндік және әлеуметтік мазмұнын, сол қызметке тән қарым-қатынас жүйесін моделдеу, елестету.
Адам тәжірибесінде ойын іс-әрәкеттілі мынадай қызметтерді орындайды:

  • көңіл көтеруші: ( бұл ойынның негізгі қызметі – шаттану, ләззат алу, қызығушылық ояту);

  • коммуникативтік: қарым-қатынас диалектикасын меңгеру;

  • ойын-терапевтикалық: өмір іс-әрекеттілігінің басқа түрлерінде пайда болатын әр түрлі қиыншылықтарды жеңіп шығу;диагностикалық: өзін-өзі тану ойын үдерісінде (ережеге сай мінез-құлықтың ауытқушылықтарының пайда болуы);

  • коррекция қызметі: тұлғаның құрымдылық көрсеткіштердің позитивті өзгеруіне үлес қосу;ұлтаралық коммуникация қызметі бойынша: барлық адамға ортақ әлуеметтік-мәдени құндылықтарды меңгеру;

  • әлеуметтендіруші: адамдардың қоғдасып өмір сүріп нормасын меңгеруін қоғамдық қарым-қатынастар жүйесінде бекіту

Ойындардың көбісінде өздеріне сай мынадай 4 басты қырлары болады:

  • еркін дамушы іс-әрекеттілік нәтижесінен немесе іс-әрекеттілік процесінің қамы үшін ғана емес тек баланың тілегіне байланысты қабылданады (процедуралық қанағаттану);

  • шығармашылық, белгілі деңгейдегі іс-әрекеттің импровизациялық өтебелсенді (шығармашылық «жолы»):

  • эмоционалдық көтеріңкілік, қарсыластық, конкурентілік, атракция және т.б. (ойынның табиғи сезімділігі, «эмоциялық кернеу»);

  • түзу немесе жанама ережелердің бар болуы, ойындағы мазмұнды ашу.

Ойын құрылымына оның процесі ретінде жатқызылады:
а) ойнаушының өзіне алған рөлі;
б) осы рөлдер іске асырылуының қоспасы ретіндегі ойын іс-әрекеті;
в) пәндерді ойын түрде пайдалану;
г) ойыншылар арасындағы шынайы қарым-қатынас;
д) сюжет (мазмұн) – ойындағы «шындық аумағы».
Іскерлік ойындарды дайындау барысында төмендегідей психологиялдық- педагогикалық принциптерді жүзеге асыру қажет:

  • өндірістің нақты жағдайлары мен динамикасының, кәсіби қызметтің, іс-әрекетінің мазмұнын имитациялық модельдеу принципі;

  • білім алушыларда кейбір қиындықтар мен ойлау қайшылықтарын тудыратын тапсырмалық ойындар жүйесі арқылы берілген кәсіби қызметке тән проблемалық аухалдарды жасау принципі;

  • ойында көрсетілген өндіріс мамандарының функцияларын бейнелеуде қатысушылардың бірлескен қызметі принципі;

  • оқу тапсырмаларын шешуде, келісімде шешімдерді дайындауда және қабылдауда серіктестердің іс-әрекеттік және диалогтық қарым-қатынастарының шешуші роль атқаруы принципі;

  • оқу ойын іс-әрекетінің екі мақсаттылығы принципі. Іскерлік ойын болашақ маман тұлғасын дамытуда біршама маңызды міндеттерді шешеді: білім алушылар мамандығына қажет білімдер мен дағдыларды меңгереді, әлеуметтік және кәсіби бірліктерді игереді.[21]

Бірақ, бұл маңызды іс-әрекет ойын формасында іске асырылады да, білім алушыларға интелектуалдық, эмоциялық және шығармашылық тұрғыдан өзін көрсете білуіне мүмкіндік береді.
Оқытудың ойындық түрлері білімді игерудің барлық деңгейлерін пайдалануға мүмкіндік береді: өндеуден – қайта жасауға, одан әрі негізгі мақсат – шығармашылық – іздемпаздық қызметіне дейін. Бұл сатылардан өте келе білім алушы оқудың әдіс-тәсілдерін игере алады.
Ойынды ойлана отырып оқыту технологиясының мақсаты да – білім алушыны өз оқуының мотивін, өмір мен ойындағы өз мінез-құлқын түсінуіне, яғни өзіндік іс-әрекеттің мақсаты мен бағдарламасын қалыптастырып, оның жақын болашақтағы нәтижелерін алдын-ала болжай білуге үйрету.
Ойынның функциясы өте көп: дидактикалық, танымдық, оқытушылық, дамытушылық, тәрбиелеушілік т.б.
Барлық ойындарды танымдық деп атасақ қателеспейміз.
Соңғы жылдары «компьютерлік технологиялар» деген ұғым «ақпараттық технологиялар» терминімен алмастырлуда. Бүкіл ақпараттық технологиялар компьютерлік оқытумен байланысты. Қазіргі күннің қажеттілігі - қарқынды күщейте (интенсивті) оқытудың ашық жүйелерін жасау және қолдау. Бұл жүйелер оқушыға өзіне тиімді оқыту технологиясын таңдап алуына және жеке даму бағдарламасын құруына мүмкіндік береді. Бірақ, қарқынды күшейте оқытудың ашық жүйелерін синтездеуді іске асыру төмендегідей шарттарыды орындағанда ғана мүмкін болады:

  • оқыту үрдісі жүргізілетін ортаның сипаттарын жан-жақты есепке алу: педагогикалық ортаның мазмұндық сипаты студенттердің білім, білік, дағдыларымен, танымдық және мәдени потенциалымен, оқуды және өздігінен жұмысты ұйымдастыруының әдістерімен және формаларымен анықталады;

  • оқыту үрдісінің оқушы жеке тұлғасына қатысты бейімделу принціптерінің ұсталуы; бұл принцп практикада оқушының пәнді игеруінің тармақталған бағдарламасын жасау арқалы іске асады (пәннің ішкі және сыртқы модулдерін құрастыру);

  • оқушылардың жалпы ғылымдық және арнаулы білімдерді қысқаша түрде, базалық білімдер берілген пәннің «логикалық конструкциясын» жобалау арқылы жеке игеруін жылдамдату принципі.

Пәннің жалпылама логикалық кострукциясын жобалау алгоритмі төмендегі процедуралардан тұрады: мазмұнды бөлек элементтер жүйесі түрінде елестету қарастыру; базалық білімдерді бөліп қарастыру үшін элементтердің өзара байланысының матрицасын жобалау; базалық білімдерді символдық, графикалық т.б. түрлерде моделдеу; базалық білімдерді неғұрлым жалпы ұғымдар мен олардың арасындағы жүйелік байланыстарды анықтау үшін қайта жақтау; ғылыми білімнің берілген бөліміне тән танымдық қызметтің жалпы құрылымын қалыптастыру; жалпы әдіс- құралдарымен шешілетін жеке тапсырмалар жүйесін жасау.
Инновациялық технологияларға мультимедиялық сабақтар да жатады. Ағылшын тілінде multimedia, латын тілінде multum – көп және media, medium –жинақ дегенді білдіреді , яғни құрамына бірнеше мәтін, сурет, бейне, көрініс, анимация кіреді.
Мультимедиялық сабақтарда қойылатын мақсаттар: студенттердің компьютерлік технологиясын қолдану арқылы оқыту, үйрену, танымдық әрекетін жүзеге асыру және өз бетінше жұмыс істеу дағдысы мен шығармашылыққа қабілеттерін дамыту. Сабақта келесі қажетті шарттар орындалуы керек:
- оқушының жеке тұлғасын дайындау;
- ойлау қабілетін жетілдіру;
- эстетикалық тәрбие;
- нақты бір шешім қабылдауға қалыптастыру;
- пәнаралық байланыстарды тереңдету.
Мультимедиялық сабақ өткізу кезінде оқушылар ақпаратты тек қана қабылдаушы ғана емес, сонымен бірге оны өңдеп, жеткізу әрекеттерін орындайды. Бұл кезде мұғалімнің мақсаты оқушыларда қажетті ақпаратты табу, сұрыптап, оны жүйелеу мен жеткізу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Ол оқу пәнінің тақырыбын қоршаған ортада болып жатқан түрлі құбылыстар мен жағдайларды және проблемаларды шешумен байланыстыра отырып, оқушыларға жобаны дайындау тапсырмасын ұсынады. Бұл тапсырманы орындау мен оны қорғау кезеңі оқушылардың сынып алдында сөйлеу мәдениетін, ойын жүйелеу білу мен өзіндік көз-қарастың және ой-пікірлерін қорғай білу дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мұндай тапсырмаларды қорғау сыныптың алдында орындалады және олардың өзара қарым-қатынасын талап етеді.
Сонымен, мультимедиялық жобаны құру - оқушыларға қажетті теориялық білім мен танымдық қызығушылықты қалыптастыруға мүмкіндік беретін тиімді әдіс болып табылады.
Инновациялық технологияларға бүгінгі кезде – электрондық оқулықтар да жиі қолданылуда. Оқытушы бағдарламаға сай өз электрондық оқулығын дайындайды. Білім саласында компьютер студент үшін құрал, ал оқытушы үшін ол күнделікті қолданылатын жұмысшы болып табылады.
Электрондық оқулықтар – ғылыми негізінде дайындалған педагогикалық-ақпараттық өнім. Электрондық оқулық арқылы студенттер тапсырманы қызыға орындайды, кейде қателерін өздері табады. Электрондық оқулықтар – оқытушылар үшін күннен күнге дамытылып отырған ашық түрдегі әдістемелік жүйе. Мұны пайдалану барысында оқытушы ғылыми-әдістемелік электрондық оқулықты пайдаланғанда сабақтың ыңғайына қарай қосымша материалдарды кірістіруге болады. Электрондық оқулық көрнекілік ретінде де, оқу мен компьютер арасындағы байланыс жасауда да студенттерге көп көмек көрсетеді.
Шағын топтардағы жұмыс
Алдын ала сақтандыру оқуы процесін оқушыларға шамамен жобалап құру қажет. Аталған жағдайда ең тиімдісі топтарда жұмыс істеу. Мұндай жағдайда оқытушы диагностика мен мониторингті қамтамасыз етеді, оқу-жаттығу ортасын ұйымдастырады, алғашқыда басқа ресурстар болмаса қолдау (кеңес, нұсқаулар береді) көрсетеді.
Ұқсастығын немесе белгілі бір құбылыстардың айырмасын жариялау қажет болса, жұмыстың мұндай нысаны қолданылады, қатысушылардың әр түрлі топтарының бір және сол мәселеге қатынасын анықтайды.
Білім процесінің субъектісі ретінде топтың интерактивті режимін енгізу не береді? Бұл, ең алдымен:
-Қарым-қатынас жасау және өзара әрекет ету машығын дамытады.
-Топтың бағалық-бағыттаушылық бірлігін қалыптастырады.
-Жағдайға байланысты әлеуметтік рөлдер сменасының икемділігін кеңейтеді.
Шағын лекциялар теориялық материалды ұсынудың тиімді материалдарының бірі болып табылады. Оны бастар алдында алдыда тұрған тақырыппен байланысты, ми штурмын немесе рөлдік ойынды өткізу қажет, ол қатысушылар үшін оның маңызын арттырады, оларды ақпараттандыру дәрежесі мен тақырыпқа қатынасын анықтайды.
Материал қатысушылар үшін ұғынықты тілде мазмұндалады. Әрбір терминге анықтама беру қажет. Теорияны «жалпыдан жекеге» қағидаты бойынша түсіндірген дұрыс. Келесі сұраққа көшер алдында айтылғандардың бәрін жинақтау және сіздің дұрыс түсінгеніңізге көз жеткізу керек.
Беделді қайнарларға сүйену маңызды және айтылғандардың бәрін – сіз ойлап таппағаныңызға, оны осы саладағы мамандар зерттеп және сипаттағанына назар аудару керек. Ойын аяқталғаннан кейін қатысушыларда пайда болған барлық сұрақты талқылау керек, содан кейін, аталған ақпаратты тәжірибеде қалай қолдануға болады және мұны қандай нәтижемен жүргізуге болады, соны сұрау керек.
Шағын лекцияларды интерактивті режімде өткізу ұсынылып отыр: қандай да бір ақпаратты хабарлар алдында тренер қатысушылар бұл туралы не білетінін сұрайды; қандай да бір бекітуді ұсынғаннан кейін тренер бұл мәселе бойынша қатысушылардың ой-пікірін талқылауға ұсыныс жасайды. Мысалы:
- Ал сіз қалай ойлайсыз?
- Сіз мұны қалай істеуді ұсынасыз?
- Бұл неге алып келуі мүмкін, сіз қалай ойлайсыз? Және т.б.
Бейнефильмдерді көру және талқылау
Сабақтарда дүлей апаттардың қаупін төмендету жөнінде көркем және деректі бейнефильмдерді, олардың фрагменттерін, сондай-ақ бейнероликтер мен бейнесюжеттерді пайдалануға болады.
Тиісті мазмұндағы бейнефильмдерді тек қана қосымша материалдар ретінде емес, сабақтардың және тренингтердің кез-келген түріне оның тақырыбы мен мазмұнына сәйкес пайдалануға болады.
Фильмді көрсетер алдында оқушылардың алдына бірнеше (3-5) шешуші сұрақтар қою керек. Бұл келесі талқылауға салудың негізі болады. Алдын ала таңдалып алынған кадрлармен фильмді тоқтатып, пікір сайыс өткізуге болады.
Соңында оқушылармен бірігіп міндетті түрде жиынтығын шығару және қорытындысын жариялау керек.
Кері байланыс қатысушылардың талқылап отырған тақырыптарының реакциясын ұғынуға, оқуды ұйымдастыру мен өткізудің кемшіліктері мен артықшылықтарын көруге, нәтижелерін бағалауға мүмкіндік береді.
Қатысушылар (ерікті түрде) өткізілген жаттығулар, ақпараттық блок, нақты күн немесе барлық тренинг бойынша өз ойларын айтуды ұсынады.
Әрқайсысының сезімдері мен қобалжуларына назар аударып отыру маңызды.
Барлық айтылған пікірлер тренерлер тарапынан да, басқа қатысушылар тарапынан да үнсіз, даусыз, түсініктемесіз және сұрақсыз тыңдалуы тиіс. Әрбір сөйлеушіге айтқандары үшін алғыс айтқан дұрыс. Басқалармен тең дәрежеде тренерге де кері байланыс ұсынған дұрыс. [11]
Портфолио - оқушының жай білім алуына ғана бағытталмаған, сонымен қатар оның шығармашылық, зерттеушілік, жобалық іс-әрекетін дамытуға, өзінің іс-әрекетіне сыни көзқарасын дамытуға, іс-әрекет түрлерін еркін таңдау негізінде өзіндік бағалауын жоғарылатуға, танымдық міндеттерге жетуде өзіндік мүмкіндіктері мен қол жеткізу тәсілдерінн ескере отырып оларды іске асыру жолдарын қарастыруға мүмкіндік беретін жаңа бағыт.
Портфолионың мақсаты - жеке жинақтаушы бағаның ролін атқару. Инклюзивті мектепте әр баланың даму динамикасын қадағалау үшін портфолио қажет, ол баланың «жақын даму аймағын» жобалауға, әлеуметтік-мәдени ортаға бейімделуде көмек беруге және ауытқушылықтарды түзетуге көмек береді. Баланың портфолиосы арқылы білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларға психологиялық-медициналық-педагогикалық қолдау көрсетуде барлық мамандардың және мектеп педагогтарының біріккен жұмысының нәтижелерін қадағалауға болады.
Портфолионың сипаттамасы:
- оқушының жұмыстарының жиынтығы, олар тек оқу нәтижелерін көрсетпейді, сонымен бірге баланың ұмтылыстарын да сипаттайды;
- оқушының нақты пән (немесе бірнеше пәндер), оқу кезеңі бойынша (тоқсан, жарты жыл, бір жыл) оқу жетістіктерінің көрмесі.
Бұл технологияда оқушы танымдық іс-әрекетінің субъекті ретінде қарастырылады, ол оқу іскерлігін меңгерген және оның нәтижелерін сын тұрғысынан бағалай алады. Портфолио әдісінің инклюзивті білім беру жағдайындағы басты ұтымдылығы - таңдау еркіндігінде.
Инклюзивті сыныпта оқушының портфолиосын жасауда мұғалім көптеген факторларды ескеру керек;
1) оқушыға қойылған мақсаттар мен міндеттердің нақтылығы;
2) түрткілерді жоғарылататын жағдайлар;
3) жасалатын портфолионың құрылымы (жұмыс кезеңдерін, мазмұнын жоспарлау);
4) оқу көздері мен тәсілдерінің қолжетімділігі, альтернативтілігі;
5) оқушының өзін-өзі қадағалау жүйесін қарастыру;
6) тапсырмалардың шығармашылық сипаты.
Портфолио әдісі инклюзивті білім берудің көптеген мәселелерін жекеше көшуге мүмкіндік береді. Кейбір қозғалыс қызметтері аса шектелген балаларға мұндай портфолио-өзіндік қабілеттерін толыққанды іске асыру мүмкіндігі (электронды түрде қарапайым компьютер бағдарламалары көмегімен).
Портфолионың келесі түрлері бар: жетістіктер портфолиосы; жинақтаушы – портфолио; портфолио - фото есеп; портфолио – есеп.
2.4 Дене шынықтыру пәні мүғалімінің тәжірибесінен.

Серікбаева Айман Тұрсынбаевна


№219 Ы. Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебі

Оқушылардың денсаулық жағдайы мен дене дайындығына қарай үш медициналық топқа бөлінеді.


1. Негізгі
2. Дайындық
3. Арнайы
Медициналық дайындық топтарындағы оқушылар денсаулығының қалыпты жағдайдан ауыстыруына және жеткіліксіз дене дайындығына байланысты сабақта негізгі топтармен бірге шұғылданады және бірегей бағдарламаны игереді. Жоғары жүктемеге байланысты қозғалыс әрекетін үйрену кезінде олардан бағдарлама бойынша жаттығуларды орындауы талап ету төменірек болады. Жаттығудың мөлшер өлшемін көрсету немесе бір жаттығуларды екіншісімен ауыстру тікелей сабақ барысында да, мұғалім алдын-ала дайындаған тапсырма түрінде де беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет