Білім беру бағдарламасы Орындаған: Ғылыми жетекшісі



бет2/12
Дата16.05.2023
өлшемі124,1 Kb.
#93555
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Зерттеу мақсаты:
Мүмкіндігі шектеулі балалардың дене шынықтыру үдерісінің тиімділігін жақсартуға ықпал ететін инклюзивті дене тәрбиесінің әдістемесін теориялық тұрғыдан негіздеу.
Зерттеу нысаны: Мектеп оқушыларының инклюзивті дене тәрбиесі. Жалпы білім беретін мектепте дене тәрбиесі үрдісі.
Зерттеу пәні: дене тәрбиесі мен спорттың теориясы мен әдістемесі дене шынықтыруды оқытуда инклюзивті оқыту.
Зерттеу міндеттері.

- Инклюзивті білім берудің маңыздылығын негіздеу;
- Мектепте дене шынықтыруды оқытуда инклюзивті оқыту әдістерін қолдану жолдарын қарастыру.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:
1. Инклюзивті білім берудің теориялық негіздері анықталды.
2. Инклюзивті білім берудің маңыздылығын негізделді.
3. Мектепте дене шынықтыруды оқытуда инклюзивті оқыту әдістерін қолдану жолдары қарастырылды.
Зерттеу әдістері. Зерттеу мәселесі бойынша әдебиеттерге, мемлекеттік арнайы деректі құжаттарға талдау жасау, алынған нәтижелерді сұрыптау.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: Қазақстан Республикасы инклюзивті білім беру саласындағы заңдары, инклюзивті білім беру ой пікірлерге байланысты философтардың, тарихшылардың, педагогтардың, психологтардың еңбектері мен ой-пікірлері, педагогика және психологияның теориялық қағидалары, тәрбие теориясы, біртұтас педагогикалық процесс теориясы және кәсіби білім берудің теориясы
Диплом жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.


  1. . ТАҚЫРЫПТЫ ТEOPИЯЛЫҚ НEГIЗДEУ



1.1 Дефектология – мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту және тәрбиелеу туралы педагогиканың саласы
Мүмкіндігі шектеулі балалардың психо-физиологиялық ерекшеліктерін, оларды тәрбиелеудің және оқытудың ерекшеліктерін зерттейтін ғылым –дефектология. Ол педагогика ғылымының саласы.
Дефектология бірнеше бөлек салаларды біріктіреді, олар:
1. есту қабілетінің кемістігі бар балаларды оқытып, тәрбиелеу мәселелерімен 
шұғылданатын - сурдопедагогика;
2. көру кемістігі бар балаларды окыту және тәрбиелеу - тифлопедагогика;
3.ақыл кемістігі бар балаларды оқыту және тәрбиелеу -олигофренопедагогика; 
4.тіл мүкісін зерттеу және түзету мәселесімен айналысатын - логопедия. 
Дефектологияның құрамына кемістігі бар балалардың психологиялық ерекшеліктерін зерттейтін арңайы психология да кіреді.
Даму кемістігі, яғни баланың қалыпты өсуін тежейтін дене немесе психикалық кемістігі тек кері әсермен шектеліп қалмайды. Ондай кемістігі бар баланың тәрбиелеуін қоршаған ортаға бейімделуіне
байланысты бір ерекшеліктерінің дамуын теріске шығармайды.
Көрмейтін баланың кеңістікті бағдарлауға көмектесін есту, иіс сезіну, дене түйсігі мен жылу сезіну қабілеттері шарықталады. Естімейтін бала қозғалысты, музыканы тербеліс сезімдерін шегіне жеткізе жетілдіре отырып қабылдай алады.
Кемістікпен дамуды таза мөлшерлік шектеуге әкеліп тіреуге болмайды. Бұндай даму сақталып қалған мүмкіншіліктерге сапалық ерекшеліктерімен машықтанады. Арнайы оқыту мен тарбиелеу жағдайында кемістігі бар балалардың биологиялық кедергілері тегістеліп, атап өтіледі. Дефектологияның методологиялық концепциясы осыған несізделген. Бұл концепция кемістікті дамытуға сеніммен қарауға мүмкіндік береді.Кемістікпен дамудың сапалық ерекшеліктерін танудың принциптері мен әдістері дефектологияның зерттеу пәні болып табылады.
Дефектологияның негізгі міндеттері.
1)Түрлі кемістіктері бар балалардың дене және психикалық дамуының
обьективті заңдылықтары мен ерекшеліктерін терең жан-жақты клиникалық-физиологиялық және – психологиялық – педагогикалық зерттеу.
2)Кемістігі бар балаларды жан-жақты клиникалық, физиологиялық, психологиялық зерттеу. Оның құрамына: кемістіктің негізі мен құрылымын және түрлі ауытқуы бар баланың коррекциялық компенсаторлық мүмкіндіктерін анықтау; нақтылы оқыту және тәрбиелеуді ұйымдастыру үшін, кемістігі бар балаларды педагогикалық іріктеу мәселелерін шешу; кемістігі бар балаларды тауып, есепке енеді.
3)Кемістігі бар балаларға арналған арнайы мекемелерді ұйымдастырып, дамытудың принциптерін жасау және негіздеу.
4)Кемістігі бар балаларға арналған мекемелердегі оқу-тәрбиелеу процесінің мақсаттарын, ережелерінің мағынасы мен әдістерін анықтау.
5)Балаларда кемістікті болдырмаудың алдын-ала профилактикалық шаралар жүйесін жасау.
6) Кемістігі бар тұлғаларды дамытудың алуан кезендерінде қоғамға арластыру процесінің пәрменділігін арттыру.
Дефектология бірақтар ұқсас психологиялық-педагогикалық және медициналық ғылымдармен байланысты.
Мұғалім-дефегтолоқтың алдына қазіргі уақытта міндет жуктеліп отыр:

  1. Оқушыға білім беру.

  2. Жалпы білім беретін пәндер арқылы оқу дағдын еңбек пәнімен байланыстырып қолдану.

  3. Жағымды мінез-құлық қалыптастыру: айналадағы адамдарға қайырымды болуға, махаббат, еңбек, сүюге, әлеуметтік бейімделуге үйрету.

Бұл міндеттерді негізге ала отырып, психологиялық, педагогикалық түзеу жұмыстары мынадай принциптер сүйенеді:
-баланы жан-жақты, жеке тұлға ретінде зерттеу;
-шаршағандығын ескеру;
-оқу дағдыларын ойын түрінде ұйымдастыру және ойын арқылы тапсырмаларды орындау, кеңістікті бағдарлама және т.б.;
-мектеп өміріне, тәрбие сағаттарына қатыстыруды;
-оқытуды арнайы әдістемелер арқылы ұйымдастыру;
-оқушының жылдық психодиагностикасының деңгейін бақылау.
Тиімді жұмыс атқару үшін маман өзінің беретін пәні әртүрлі әдіс-тәсілдерді білуі, оқушылармен қарым-қатынаста болуы қажет. Осы мәселелерді әрдайын сабақта, сабақтын тыс уақытта, белгілі бір мақсатта емес әр түрлі жағдайларда қолданып отыру, атқарылған жұмыстардың нәтижесін көрсетеді.
Қазіргі кезде қоғам дарында қабілетті адамдарды қажет етеді. Жеке тұлғаның өсуіне психологиялық-педагогикалық жағдай жасай отырып, өз ортасында және өзге ұжымда өзін еркін сезіне алуға тәрбиелеу, өзіне-өзі сенімді, жауапкершілік қасиет сіңірген тұлға ретінде қалыптастыру. Жас нәрестінің сау болса, отбасына зор қуаныш пен бақыт әкеледі. Елімін өркениетті қоғам құру үшін, тәрбиелі, дені сау азаматтын мен азаматшалар тәрбиелеу керек.
Мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеудің мақсаты мен мүдделері педагогиканың негізгі принциптерімен айқындалады: белсенді, қоғамдық пайдалы өмірге дайындау, азаматтық қасиеттерді қалыптастыру. Бұл мақсаттар кемістіктің құрылымы және дәрежесіне сәйкес әдістер мен құралдар арқылы жүзеге асырылады. Комістіктің сипатына қарай оның салдарын түзеуге арнайы шарттар жасалынады.
Баланы тәрбиелеу жұмысы оның жеке басының және жас мөлшерінің ерекшеліктеріне қарай, дербестігін, өзіне-өзі қызмет ету машықтарын, мінез-құлқын, көпшілікпен өмір сүріп, еңбек ете білу қасиеттерін қалыптастыруға бағытталады.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту және дамыту - бұл берудің, шеберлік, дағды, әрекет машықтарын үйретудің мақсатты процесі, өмірге еңбекке дайындаудың негізгі құралы.
Оқыту барысында білім беру мен тәрбиелеудің мақсаты жүзеге асырылады. Дефектология мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру және оқытудың арнайы әдістемелік мәселелерімен айналысады.
Оқу процесінің мақсаты, мазмұны принциптері ұйымдастырылуы кемістіктің сипаты мен ауырлығына қарай әрбір арнайы оқу орнының нақты типіне сәйкестендіріліп жасалады. Осыған байланысты оқыту әдістері, көрнекі және техникалық жабдықтар таңдалып алынады, іріктеп оқытудың мәселелері шешіледі. Бұл мәселе дефектологияда ең негізгі болып табылады, Т.А.Власованың ұғымынша, айтылған ғылымның барлық бөліктерінің мақсаты – мүмкіндігі шектеулі баланың даму ерекшеліктерін ескере оқытып тәрбиелейтін және оның ауытқушылықтарын жеңіп шығуға дәрменінше мүмкіндік жасайтын жайттарды анықтау.
Оқыту және тәрбиелеу, дамудың оңтайлы ауқымын ескере отырып, дамыту сипатында болуы керек. Дамудың оңтайлы ауқымы – кемістігі бар баланың өздігінен пайдалана алмайтын ұстаздың көмегімен жүзеге асыра алатын мүмкіндіктері мен қалыптасып келе жатқан әрекеттері. Л.С.Выготскийдің айтуы бойынша дамудың оңтайлы ауқымы, мүмкіндігі шектеулі баланың тек қазіргі мүмкіндігін ғана емес, сонымен қатар оның келешектегі психикалық дамуын да қамтиды. Оқыту дамудың оңтайлы ауқымынан нақты даму сатысына өтуге септігін тигізуі керек, яғни біртіндеп мұғалімнің жетекшілігінсіз бала өздігінен әрекетке көшуі керек. Бұл оқыту мен дамудың арасындағы ішкі байланысты құрайды. Қалыптасып келе жатқан психикалық қызметтерге сүйене отырып, дұрыс ұйымдастырылған оқыту дамуға әкеліп тіреледі. [10]
Коррекция -балалардың психикалық дене кемістіктерін түзетуге немесе азайтуға бағытталған педагогикалық шаралардын жүйесі. Коррекция түсінігіне жеке қеместіктерді түзету мен қатар (мысалы, қөру және тіл мүкісін жөндеу) кемістігі бар баланы оқыту, тәрбиелеу, дамыту барысында қажетті нәтижеге жету мақсатындағы түнкілікті әсер ету де енеді. Баланың танымдық әрекетіндегі және денесіндегі даму кемшіліктерін жою мен түзету «коррекциялық тәрбиелеу жұмысы» ұғымына белгіленеді.
Балаларға жалпы білім беру және еңбек машықтарын қалыптастыру барысында негізгі және қосымша сабақтардың барлық формасы мен түрлері коррекциялық-тәрбиелік мақсатқа бағындырылған.
Компенсация –организмнің дамымай қалған немесе бұзылған қызметтерін ауыстыру немесе қайта құру. Бұл туа біткен немесе кейіннен пайда болған кемістіктерге организмнің бейімделгіштігіне байланысты құрделі де алуан процесс.
Қөрмейтін болып туылған баланың көру талдауыштарының қызметін қалпына келтіру, көбінесе, түсінушілікті арттыру арқылы, яғни терінің сезіну жүйесі мен кинестатикалық талдауыштарды дамыту арқылы жүзеге асыруға болады.
Компенсация (қалпына келтіру) процесі жоғарғы нерв жүйесі қызметінің едәуір қосымша мүмкіншіліктеріне сүйенеді. Бұл процесс организмнің қайсыбір қызметін жоғалтып алған жануарларға да тән. Бұл организмнің биологиялық бейімделгіштігінің белгісі.
Баланың жан-жақты дамуы компенсация процесінің шарықтау шыңы. Алайда кемістіктің кейбір формалары үшін компенсацияның (калпына келудің) шеңбері шектеулі. Ақыл дамуының терең кемістектері кезінде кемшіліктерді ішінара ғана түзетуге болады, әйткені ақыл-естің терең формадағы кемшіліктері жоғарғы техникалық процестердің дамуына келтіреді. Бірақ бұндай жағдайды ақыл-есі кем балалардың дамуы түпкілікті шектеліп қалады деп түсінбеу керек.
Кемістігі бар балалардағы қалпына келу прөцестерінің өтуі әр түрлі жағдайларға байланысты.
Келесі жағдайлар олардың дамуы үшін қолайлы болып табылады:
а)арнайы мекемелер тарабын құруды қарастыратын оқыту мен тәрбиелеу жүйесін дұрыс ұйымдастыру, оқу процесін коррекциялық-тәрбиелеу
жұмысының арнайы әдістер пайдаланатындай етіп құру;
б) оқу мен еңбекті балалардың дене және ақыл қабілеттері қалыптастыруда негізгі құрал ретінде біріктіре пайдалану принципті.
в) балалар ұжымыңда, сондай-ақ ұстаздар мен оқушылар арасындағы дұрыс қарым-қатынастар;
г) оқу жұмысы мен балалардың демалыс кестесін артық салма түспейтіндей етіп дұрыс ұйымдастыру;
д) олардың белсенділігін, еркіндігін көтеретін оқытудын әр түрлі әдістерін алмастырып отыру;
е) балалардың мүмкіндіктерін тиімді пайдалану үшін арнайы жабдықтар мен оқу құралдар жүйесін, түрлі техникалык құралдарды кеңінен пайдалану;
Мүмкіндігі шектеулі балалардың әр түрлі топтарының ерекшеліктері ескере, сонымен қатар әр баланың ерекшеліктеріне тірек құрастырылған коррекциялық-тәрбиелік жұмыс қалпына келтірудін түзетудін және
функциялардың қызметін орнына келтіруді маңызды шарты болып табылады.
Әлеуметтік адаптация кемістігі бар балалардың жекелей және топтық әрекеттері қоғамдық нормалар мен түсініктер жүйесінің деңгейіне жетелеу. Мүмкіндігі шектеулі балаларда әлеуметтік ортамен қарым-қатынасты дамудың кемшіліктеріне байланысты қиынға түседі. Өзгерістерге күрделеніп келе жатқан топтарға бейімділігі шектелген. Қалыптасқан ортада олардың өз алдына қойған мақсаттарына жет үшін олар ерекше қиналушылык сезінеді, сондықтан олар өзге жол іздеп, әрекеттерінде өрескелдікке жол беруі мүмкін.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеу мақсатына олардың қоғаммең, коллективпен қалыпты қарым-қатынасқа әлеуметтік (соның ішінде құқықтық та) нормалар мен қағидаларды саналы түрде орындай білуге үйрету кіреді. Әлеуметтік бейімделу кемістігі бар балаларға қоғамдық пайдалы өмірге белсене орналасуына мүмкіндік береді. Арнайы мектептің оқушылары біздің қоғамдағы нормаларды игере алатындығын көрсетіп отыр.
Әлеуметтік реабилитация - мүмкіндігі шектеулі баланы, оның дене және психикалық мүмкіншіліктерінің деңгейінде әлеуметтік ортаға, қоғамдық өмірге және еңбекке баулу. Бұл дефектологияның теориясы мен тәжірибесінің негізгі мақсаты.
Реабилитация мақсаттарын орындау, оқу процесі кемістігі бар балалардың ерекшеліктеріне қарай ұйымдастырылған арнайы оқу орындары жүйесінде жүзеге асарылады.
Отбасылық тәрбие - реабилитация жасаудың белсенді факторы. Мектеп пен отбасылық бірлескеи әрекеті, кемістігі бар балаланың еңбекке деген мүмкіндіктерін анықтап, қолынан келер мамандық таңдап, пайдалы қоғамдық өмірге белсенді араласуына септігін тигізеді. [11]
Реабилитация даму кемшіліктерін жою немесе жұмсарту үшін медициналық шаралармен қоса арнайы оқыту, тәрбиелеу және мамандыққа даярлау арқылы жүргізіледі. Реабилитация кезінде аурудың зардабынан бұзылған функция қызметтері ішінара қалпына кіреді.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет