Білім беру бағдарламасы В086 «Жалпы медицина»


«Типтік патологиялық процестер» бөлімі



бет9/19
Дата04.05.2023
өлшемі0,58 Mb.
#89818
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19
«Типтік патологиялық процестер» бөлімі




6

Перифериялық қанайналым бұзылыстары.

1. Жергілікті қан айналым бұзылыстары, негізгі түрлері, балаларда пайда болу және даму ерекшеліктері. 2. Артериялық және веналық гиперемия, ишемия, тромбоз, стаз, эмболия: түрлері, себептері, даму механизмдері, сыртқы көріністері, салдары. 3.Жергілікті қан айналымының бұзылуларындағы бейімделу реакциялары. Шунтталу, коллатеральды қан айналым. 4. Перифериялық қан айналым бұзылыстарын дәрілік емдеу принциптері.

1. Сабақ тақырыбын талқылау.
2. Толық емес шарттар жүйесі берілген және PBL элемент-тері бар көп сатылы ситуа-циялық есеп.
3. Тақырыптық диктант.
4. «Диаграмма Венна» әдісі.

2

7

Қабыну. Этиологиясы. Альтерация сатысы.

1. Қабынудың жіктемесі. 2. Этиологиясы. 3. Қабынудың компоненттері. 4. Альтерация сатысы. Қабыну ошағындағы біріншілікті және екіншілікті альтерация. 5. Қабыну ошағындағы зат алмасудың және физикалық-химиялық өзгерістері. 6. Қабыну меди-аторлары. Олардың зақымдану және биологиялық қорғаныс механизмдеріндегі рөлі, қабыну белгілерін қалыптас-тыруға қатысуы. 7. Қан айналымының бұзылуы. Қабыну ошағында тамырлық реакциялардың қалыптасу кезеңдері мен механизмдері.

1. Сабақ тақырыбын талқылау.
2. Толық емес шарттар жүйесі берілген және PBL элементтері бар көп сатылы ситуациялық есеп.
3. Тақырыптық диктант.
4. Конгейм әдісін талдау.
5. Кесте толтыру «Біріншілікті және екіншілікті альтерацияның салыстырмалы сипаттамасы.

2

8

Жіті және созылмалы қабыну. Балалардағы қабынудың ерекшеліктері.

1. Жіті және және созылмалы қабынудың салыстырмалы сипаттамасы. 2. Қабыну дамуындағы реактивтіліктің рөлі. Қабыну процесінде иммундық реакциялардың маңызы. 3. Қабыну кезіндегі жалпы және жергілікті көріністердің арасындағы байланыс 4. Балалардағы қабынудың ерекшеліктері 5. Қабынудың биологиялық маңызы. Қабыну процесінде зақымдану мен қорғаныс-бейімделу реакцияларының диалектикалық байланысы. 6. Қабынуды емдеудің патогене-тикалық принциптері.

1. Сабақ тақырыбын талқылау.
2. Жағдаяттық есептерді шешу.
3. «Қабыну» оқу фильмін көру және талқылау.
4. Кестені толтыру «Жіті және созылмалы қабыну».

2

9

Аллергия. Этиологиясы. Патогенезінің сатылары. Балалардағы аллергияның ерекшелігі

1.Аллергияның жалпы сипат-тамасы. Аллергия мен иммунитеттің байланысы. 2. Этиологиясы. Аллергендер - олардың түрлері, организ-мге ену, сенсибилизацияланған және шешуші аллергендердің шығу тегі. 3. Cooke, Gell және Coombs бойынша аллергиялық реакциялардың жіктелуі. 4. Сенсибилизация — даму механизмдері, көріністері. 5. Аллергиялық реакциялардың жалпы патогенезі. 6. Аллергия медиаторлары-түрлері, пайда болу және босау механизмдері, қабыну мен инфекциялардың дамуындағы маңызы.

1. Тіректік сим-волдар мен сигналдар әдісі «Аллергия сатылары».
2. Сабақ тақы-рыбын талдау.
3. Озып оқу тәсілі: Gell және Coombs бойын-ша аллергиялық реакциялардың иммунокомплексті типі және жедел гломер-улонефрит.
4. Тақырыптық диктант.

2

10

Өспелер пато-физиологиясы.

1. Өспелердің жалпы сипат-тамасы. 2. Өспелердің биоло-гиялық ерекшеліктері. 3. Этиологиясы. Канцерогендер. 4. Канцерогенездің сатылары. Инициация, промоция және ісіктік прогрессияның жалпы сипаттамасы. Метастаздану-дың механизмдері мен жолдары. 5. Канцерогенездің жасушалық-молекулалық мех-анизмдері. Протоонкогендер, ген-супрессорлар (антион-когендер), апоптоз жолымен жасуша өліміне қатысатын гендер, ДНК репарациясына жауап беретін гендер. 6. Протоонкогендердің белсену механизмдері. 7. Канцероген-ездегі онконәруыздардың рөлі, олардың түрлері.

1. Синектика әдісі «Өспелік жасушалардың биологиялық ерекшеліктері. Канцерогенез».
2. Сабақ тақырыбын талқылау.
3. Тақырыптық диктант.
4. Баяндама және оны талқылау: «Канцерогенез қатерлі жасуша геномының кешенді өзгеруі ретінде».



2

11

Гипоксия.
Этиологиясы. Патогенезі. Ұрық пен жаңа туған нәрестелердегі гипоксия

1. Гипоксияның жіктелуі. 2. Этиологиясы, патогенезі және гипоксияның негізгі: экзоген-дік, тыныстық, қанайналым-дық, қандық, тіндік түрлер-індегі артериялық және вена-лық қанның газдық құрамы-ның көрсеткіштері. 3. Гипок-сияға шұғыл және ұзақ уақыттық бейімделу тегершік-тері. 4. Жіті және созылмалы гипоксия кезіндегі зат алмасудың және физиология-лық қызметтердің бұзылыс-тары. 5. Гипоксияға организ-мнің жастық сезімталдығы. 6. Гипоксиялық жағдайларды емдеудің және алдын алудың патофизиологиялық негіздері.

1. TBL.
2. Тәжірибені талқылау «Натрий нитритімен уланғандағы гипоксия».
3. Тақырыптық диктант.
4. Баяндама: «Гипер-бариялық оксигенацияның патофизиологиялық негіздері».

2



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет