9.1.5. Тақырыбы: Токсикометрия параметрлері
Сағат саны –1 сағат
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Шектік дозалар мен концентрациялар.
2. Жедел әсер шегі
3. Тітіркендіргіш әсер шегі
4. Созылмалы әсер шегі
Дәріс тезисі:
Биологиялық объектілерге әсерлерін тигізген кездерде әртүрлі өзгерістер тудыратын улардың барлық дозалары мен концентрациялары шартты түрде: өлім шамалар аймағына (DL,CL) және өлтірмейтін шамалар аймағына бөлінеді.
Доза (концентрация) мен оның организмге әсерінің эффектісі арасындағы тәуелділіктің сандық бағасы жайындағы сұрақтар токсикологтар көңіліне тыным бермей келеді.
Өлтіретін доза аймағындағы химиялық заттардың уыттылығын сипаттай келе, көптеген авторлар DL0 және DL100 деген критерилерді жиі пайдаланады. Бірақ бұл критерийлердің абсолюттік мағынасы статистикалық көзқарас тұрғысынан қарағанда әлсіз де жеткіліксіз.
Сандық қатынасқа байланысты өлтіретін доза аймағындағы улардың уыттылығын сипаттайтын неғұрлым дәлірек сипаттамасын DL50 өлшемі береді.
DL50 – бұл улы заттардың экспериментке (зерттеу үшін) алынған жануарлардың жартысын өлтіретін дозасы.
Зерттелетін заттың уыттылығын сипаттау үшін зерттеушілердің көпшілігі осы (DL50) көрсеткішті алады.
Тәртіп бойынша концентрациялардың өлтіретін дозасын анықтау үшін эксперимент кем дегенде екі түрлі жануарларға жүргізіледі. Бұл алын-ған деректерді адам организміне жақындатуға барынша мүмкіндік береді.
Ақ тышқандарға эксперимент жасағанда жануарлардың 50%-ын өлтіретін концентрация екі сағаттық экспозиция аралығында анықталады, ал ақ егеуқұйрықтарға және басқа жануарларға эксперимент жүргізгенде бұл концентрация 4 сағаттық экспозиция аралығында анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |