Білім беру бағдарламасының барлық пәндері арқылы. Әсіресе, «Қазіргі әлемдегі Қазақстан»



бет2/3
Дата06.01.2022
өлшемі25,58 Kb.
#13850
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3
Байланысты:
2.4.Үлестірме материалы

Қоғамға қызмет ету

Бүкіл әлемде мектеп оқушыларына сынып және мектеп шеңберінен тыс, қоғамның әлеуметтік мәселелерімен танысуға және олардың шешілуіне елеулі үлес қосуға мүмкіндік беретін әлеуметтік тәжірибе қолданылады. Мектептен тыс адамдармен қарым-қатынас оқушылардың тұлғааралық, әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларын дамытуға ықпал етеді, олардың ой-өрісін кеңейтеді.

Оқушыларды қоғамға қызмет етуге үйрететін модулдерді әзірлеу олардың сабақта алған білімдерін қоғамдық пайдалы еңбекте қолдануға мүмкіндік береді. Экология бойынша білім мен дағдылар оқушыларға әлеуметтік жобалар арқылы, осы тақырыпқа семинарлар, пікірталастар, дәрістер, экология және қоршаған орта туралы фильмдерді көрсету арқылы қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосуға мүмкіндік береді.

Жоғары сыныптарда мұғалімдер көмегімен және оқушылардың бастамасымен жобалар ұйымдастыра алады, сондай-ақ экологиялық және әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге бағытталған халықаралық жобаларға қатыса алады.

Осы бағыт аясында 5 жоба анықталды: «Балалар үйі», «Қарттар үйі», «Fund-raising» (қайырымдылық үшін қаражат жинау), «Экология», «Мектеп».

ДББҰ филиалдары волонтерлік ұйымдармен және әлеуметтік объектілермен (балалар үйлері, қарттар үйлері, қалалық саябақтар, жалпы білім беретін мектептер және т.б.) ынтымақтастық орнатады.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның әрбір филиалы әлеуметтік нысандарды қамқорлыққа алуға мүмкіндігі бар және мектеп оқушылары таңдаған ұйымдарға үнемі көмек көрсетеді. Қоғамдық жұмыстарға: жетім балалардың оқуына жәрдемдесу, қарым-қатынас, қарттар үйлерінде концерттер ұйымдастыру, көшелерді көгалдандыру, қалалық саябақтар мен су қоймаларын тазалау, қайырымдылық мақсатында киім, кітаптар, оқулықтар және т. б. жинау, қайырымдылық жәрмеңкелері, жалпы білім беретін мектептердің оқушылары үшін жазғы пәндік үйірмелер, тақырыптық дәрістер ұйымдастыру және т. б. кіреді

Сонымен қатар, оқушылар жергілікті қоғамдастықтың басқа да қажеттіліктерін анықтау мақсатында сауалнамалар мен зерттеулер жүргізеді және сауалнамалар қорытындысы бойынша қажетті көмек көрсетеді, одан кейін болашақта жағымды өзгерістер енгізуге көмектесетін атқарылған жұмысы туралы талдау жасайды. Оқушылар қоғамға қызмет етуге жылына кемінде 10 сағат арнайды.


1-тапсырма: бұл бағыттар бір-бірін қалай толықтыратыны туралы ойланыңыз. Тәрбие процесінің қандай пәрменді және практикалық мәнін байқауға болады? Сіз өз тәжірибеңізге, тәрбие жұмысының жоспарына қандай өзгертулер енгізесіз?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет