«білім беру және педагогика» жоғары мектебі


Әдістемелік жұмыс формалары



бет42/43
Дата03.06.2022
өлшемі386,92 Kb.
#36300
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43
Әдістемелік жұмыс формалары.
Дәрістің мақсаты. Тәрбиеші мамандығын көтеру және ата-аналармен жүргізілетін жұмыстармен таныстыру.
Жоспары.

  1. Тәрбиеші мамандығын көтеру.

  2. Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс.

  3. Әдістемелік кабинеттің жабдықталуы.

Тезистері:

1.Тәрбиеші мамандығын көтеру


Балабақшадағы әр тәрбиеші кәсіптік шеберлігін көтеріп отыруға тиісті. Меңгеруші бұл мәселені яғни тәрбиешілердің керекті және жаңа шыққан әдебиеттермен танысып отыруларын, өз білімін көтеру жоспарын жасауын үнемі қадағалап отырады. Әсіресе тәрбиешілер арасындағы сырттан оқитындарын ерекше назарға алып, егер қажет болса, аға тәрбиешінің оларға көмектесулерін ұйымдастыруы тиіс. Сонымен бірге меңгеруші олардың әдістемелік бірлестіктерге, үйірмелерге аудан жанындағы семинарларға қатысуларын бақылайды. Жекелеген мамандықтың лекциялары да тәрбиешінің білімін көтеруге әсер етеді. /логопед, врач-гигиенист, балалар жазушысы, тілшілер, ғалымдар т.б./
Пед.колледж, пединституттардағы тіл дамыту мәселесімен айналысып жүрген ғылыми қызметкерлер, аспиранттар, мұғалімдердің лекцияларын ұйымдастыруға болады. Сондай-ақ жаңа шыққан әдістемелік әдебиеттерді талқылау керек. Бес минуттық информацияда газет-журналдардан мақал, хабарлама жасауға болады. Түрлі тақырыптағы стенділер, кітап көрмелерін ұйымдастыруға болады. Басқа балабақшаларға, музейлерге, спектакль, кинофильмге барудың да тәрбиеші шеберлігін арттыруда ролі үлкен.


2.Тіл дамытуда ата-аналар арасында насихат жұмысын жүргізу
Балабақша мен ата-ана бірлесіп жұмыс жасағанда ғана, нәтижелі, жемісті болады. Сондықтан түрлі жұмыс формаларын пайдалану керек.
Ұжымдық форма /коллективтік/. Ата-аналар жиналысында жыл басында әр топтың тәрбиешісі тіл дамыту бойынша алда қандай мақсаттар тұрғанын түсіндіруі тиіс. Түрлі тақырыпта ата-аналармен лекция, әңгіме, консультация өткізуге болады. Ата-аналарды сабаққа қатыстырғанда артық емес. Балабақшадағы ата-аналарға арналған бұрышта балалардың тілін дамытудың жағдайын көрсететін стенді іліп қою ұсынылады. Сонымен қатар мұнда ата-аналарға арналған әдебиеттер тізімі ақыл-кеңестер көрсетілуі керек. Әдетте, ата-аналар жиналысы кезінде балаларға және олардың өздеріне арналған педагогикалық әдебиттің көрмесі ұйымдастырылады.
Ата-аналар балабақшаның арасындағы байланысты нығайтудың тағы бір формасы белгілі бір топтың ата-аналарының біреуінің жұмыс орнына балаларды топсаяхатқа апару.
Сондай-ақ ата-аналар конференцияларын, ауызша педагогикалық журналдар ұйымдастырудың да пайдасы мол.
Ата-аналармен жеке жұмыс. Тәрбиеші не меңгеруші баланың сөйлеу қабілеті жайында айтып, нұсқаулар береді. Мұндай жұмысты баланың үйіне барып та жүргізуге болады.
3.Әдістемелік кабинеттің жабдықталуы
Әдістемелік кабинеттің материалдары “Балабақшадағы білім беру және тәрбиелеу” бағдарламасының талаптарына сай іріктеп, алынады, сонымен бірге әрбір мекеменің өз жұмысына тән ерекшеліктері, жылдық жоспардың жаңа міндеттері және балалармен жүргізілетін жұмыстың жағдайы ескеріледі. Сондай-ақ онда бұйырықтар, нұсқаулар, озық тәжірибе материалдары, календарлық жоспар, ашық сабақ конспектісі мен хаттамалары т.б. болуы тиіс.
Бақылау немесе тексеру ненің жасалып, ненің жасалынбай қалғанын білу ғана емес, пед.кеңесте және тәрбиешінің жұмыс әдістерін зерттей отырып, оның пед.шеберлігін жетілдіре түсуіне жәрдемдеседі. Педагог-тәрбиеші жұмысына әділ баға беріледі, оған өзінің осал және күшті жағын көруіне, өз жұмысына сын көзімен талдау жасауына көмектеседі.
Бақылау тәрбие-білім беру жұмысын жетілдіру құралына айналуы үшін ол үздіксіз, жүйелі түрде жүзеге асырылып отырылуы және барлық педагогикалық қызметін қамтуы қажет.
Мектепке дейінгі ұйымдардағы инспекторлық жұмыстың мақсаты – тексерумен қатар әдістемелік көмек көрсету.
Тексерудің қорытындысы аудандық оқу басқармасының мәжілісінде қаралып, қандай кемшіліктер бар, соны түзетудің жолдары бойынша шаралар жасалады.
Тексерудің бірнеше түрлері бар:
1. Фронтальды /жан-жақты/
2. Тақырыптық /бір мәселе бойынша/
3. Аралас /комбинированная/, /балабақшаның жалпы жағдайымен танысу және бір жұмысты толық тексеру/
тексерудің алдында бұрыңғы тексерудің материалдарымен толық танысу керек. Содан соң мақсаты бойынша жұмыспен танысып, бақылайды.
Кадрлар білімін көтеру жеке-жеке жүргізіледі. Білім, жұмыс сапасы, қызметі, кейде қабілеті бәрі ескеріледі. Тәрбиешілер білімін көтеретін курстар ұйымдастыруда әдіскер басты роль атқарады. Курс программасы тыңдаушылар құрамына және курстың мақсатына қарай жасалады журналдар болуға тиісті. Әдістемелік кабинеттегі барлық материалдардың есебін алу үшін тізім кітабын жүргізу керек, оған материалдың аты, түскен уақыты, жаңа әдістемелік құралдардың аты, қойылатын бөлімі жазылады.
Жылдың түрлі мезгіліндегі тәрбие-білім жұмысын көрсететін көрмелер ұйымдастырылады. Оларда табиғаттың мезгілдік календарлары, серуендер мен саяхаттарды өткізудің үлгі жоспарлары, жер үлесіде және табиғат күйі ісінде де түрлі жастағы балалармен жүргізілетін жұмыстар және т.б.

«Мектепке дейінгі, бастауыш білім және өнер»
кафедрасының меңгерушісі п.ғ.м.,
__________Түнғатова Н.Ә.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет