«Көркем шығармашылық: заманауи қазақстандық мәдениеттің озық үлгілері, теория, әдіснама және тәжірибе синтезі»



Pdf көрінісі
бет1/12
Дата20.05.2023
өлшемі0,61 Mb.
#95497
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 
М.ӨТЕМІСОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ 
«Көркем шығармашылық: заманауи қазақстандық мәдениеттің
озық үлгілері, теория, әдіснама және тәжірибе синтезі» 
атты
мәдениет және өнер факультетінің (көркемсурет-графика)
құрылғанына 40 жыл толуына орай
өткізілген республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының
МАТЕРИАЛДАРЫ 
 
2 қараша 2018 жыл 
 
*** 
 
МАТЕРИАЛЫ 
Республиканской научно-практической конференции 
«Художественное творчество: лучшие образцы современной 
казахстанской культуры, синтез теории, методики и практики»
посвященной 40-летию основания факультета культуры и искусства
(художественно-графического факультета)
2 ноября 2018 года 
 
*** 
 
MATERIALS 
Republican Scientific Practical Conference 
«Artistic work: synthesis of theory, methodology and practice.
The best examples of modern Kazakhstan culture»
dedicated
to the 40th anniversary of the foundation of the Faculty of Culture and Art
(Art and Graphic Faculty) 
November 2, 2018 
 
 
 
 
 
 
 
 
Орал-Уральск-Uralsk 
 



ӘОЖ 798 (579) 
 
ҚОБЫЗҒА АРНАЛҒАН ШЫҒАРМАЛАРДА КЕЗДЕСЕТІН КЕЙБІР 
ОРЫНДАУШЫЛЫҚ ӘДІСТЕР 
 
Ерғалиева А.Т., Нагиденова Ә.А.
Орал қ
 
Тамыры тереңнен тартылған қазақ халқының қобыз өнері ұлтымыздың мәңгілік рухани 
қазынасы. Көптеген ғалымдар қобыздың сан ғасырлы тарихын зерттеп, зерделеп, ұрпақ сабақтастығы 
нәтижесінде жеткен күйлер, орындаушылар, композиторлар туралы дерек қалдырғаны белгілі. 
А.Затаевич, А.Жұбанов, Б.Ерзакович, Б.Сарыбаев, Б.Қарақұлов және т.б. ғылыми жұмыстары осы 
күнге дейін қобыз өнерін зерттеуде бағыт-бағдар берерлік құнды еңбектер деп білеміз. Музыкалық 
білім беру саласында аспаптың қарқынды дамып, мол жетістіктерге жетуі педагогтарғалымдар 
Фатима.Балғаева, Зере Бейсембаева, Ғалия Молдакәрімова, Раушан .Мұсаходжаева, Ғалия Уразалиева,
ҚиятайҚұспановалар, Камаш Намазова және т.б. қажырлы еңбегінің арқасы деп білеміз.
Академик А.Жұбанов өзінің «Ән-күй сапары» атты еңбегінде аспаптардың түрлеріне, әсіресе 
қобыз аспабының дамуына басты назар аударды. Ол дәуірдің мәдени-әлеуметтік тынысын білгірлікпен 
қабылдап, ұлтының тарихи, рухани және интеллектуалды болашағының зор екендігін пайымдады.
Қобыз сияқты күрделі аспапты меңгеру, әсіресе, онда ән мен күй ойнап, оған арнап шығарма шығару 
мәселесі ұзақ жылдық қажырлы еңбекті қажет ететіні туралы айтты. Еліміз еуропалық мәдениетке бет 
бұрып, алғашқы оркестр құрылған шақта, қыл қобыздың үлгісімен үш ішекті, кейіннен төрт ішекті 
қобыз түрлері жасалынды. Халық аспаптарын жаңғырту жолдарының бастапқы мақсаты көне қыл 
қобыз бен домбыраның басыңқы камералық дыбыстарын көтеріп, ауқымын кеңейтіп, біркелкі тембріне 
келтіру еді.
Бүгінгі таңда қобыз аспабымыз жеке және оркестрлік орындаушылықта дамып, ұлтымыздың 
мақтанышына айналуда. Аспапты шебер меңгерген өнерпаздар республикалық және халықаралық 
конкурстарға қатысып, жеңімпаз атануда. Яғни, елімізде қобызшылардың кәсіби ортасы қалыптасты 
деп айтуға толық негіз бар. Композиторлар көптеген халық әндерін өңдеп, қобызға лайықталған 
шығармаларды дүниеге әкелді. Аталмыш туындылардың барлығы фортепиано сүйемелімен 
орындалды. Сол кезде дүниеге келген шығармалар осы күнге дейін қобызшылар репертуарынан 
түспей, педагогикалық және концерттік бағдарламаларға енгізілуде. Аспаптың қолдану аясы кеңейіп, 
репертуары күрделі виртуоздық туындылармен салмақтана түсті. Аспапқа төртінші ішек қосылғаннан 
кейін, қобызшылардың скрипканың виртуоздық партияларын орындауға мүмкіншіліктері артты. 
Сондықтан бұл аспап тез тарап кетті. Көне аспап мойынының ұзындығы 44-45 см. болса, енді ол 
қысқартылып, оның мензурасы 33-34 см болды. Виолончель аппликатурасы бірте-бірте қолайлы 
скрипка аппликатурасына ауысты. Енді төрт дыбысты қатарынан төрт саусақпен алуға мүмкіндік туды. 
Ішек басуға саусақтардың қалыптасуы, оның шапшаң жүріп, жылдам қимылдауына жеңілдік туып, 
позициядан-позицияға ауысудың күрделілігін шешті.Қобыздың кәсіби деңгейі тың белестерге 
көтеріліп,маман кадрлар дайындау ісі өрге басты. 
Қобызға арналған шығармаларда композиторлар халық музыкасының дыбыс ерекшіліктерін 
қазіргі заман тілімен жеткізіп, ұлттық стильдің көрсеткіштерін табуды мақсат тұтып, сол арқылы жаңа 
композициялар шығарып, жаңа иірімдерді бағдарлайтын. Ұлттық музыканың бояуы шығарманың ішкі 
құрылыстары арқылы жеткізілетін.
А.Жұбановтың қажырлы еңбегінің арқасында қобызда орындаушылық өнер жоғары кәсіби 
деңгейге көтерілді.
Алғашқыда қобызшыларекі ғана позицияны қолданғаны (1 – 4 позиция) белгілі, сол себептен, 
дыбыс ауқымы да шектеулі болатын. Ал, қазір ол екі есе кеңейіп, аспаптың хроматикалық дыбыс 
қатарымен толықтырылуда. Ежелгі кезеңде қыл аспапта дыбыс шығару үшін, саусақтарды ішектің 
үстіне қойып, көбемен ойнау әдісі қолданылған. Сол әдіс осы күнге дейін өзгермей келеді.
Осындай, қазақтың аспапты музыкасындағы үлкен бетбұрыстардың арқасында көптеген 
дарынды композиторлар репертуар мәселесіне байланысты тыңғылықты еңбек атқара бастады. 
Музыка өнеріндегі тың бастамашылдықтарды қолдап, Е.Брусиловский, М.Төлебаев, Л.Хамиди, 
С.Великанов, В.Мацуцин, Х.Тастанов, Л.М.Шаргородский, С.И.Шабельский, М,Әубакіров, 
М.Қойшыбаев, С.Мұхамеджанов, К.Күмісбеков және т.б. сол кезде жазған шығармалары бүгінгі күнде 
қобыз музыкасының классикалық репертуарына айналғаны белгілі. Атап айтқанда, А.Жұбановтың 
«Қобыз бен фортепианоға арналған бес пьесасы», Л.Хамидидың «Романсы», С.Мұхамеджановтың 



«Нәзік гүл», М.Қойшыбаевтың «Романсы», Е.Брусиловскийдың «Алтынай», «Сонатасы», 
Л.М.Шаргородский және С.И.Шабельскийдың «Қобызға арналған концерті» - қазақтың аспапты 
музыкасындағы өшпейтін, ешқашан көнермейтін дүниелер. Осы тізбектің қатарында домбырашы
педагог, композитор Хабиболла Тастановтың «Алтай аясында» пьесасы педагогикалық және 
концерттік-шығармашылықбағдарламалардың төрінен орын алуда.
Хабиболла Тастанов (1926-1980) Ақтөбе облысы, Мұғажар ауданында дүниеге келді. 
Музыкатанушы, педагог, домбырашы, ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткері. 1950жылы Алматы 
қаласындағы Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияны домбыра сыныбы бойынша 
тәмамдады.1950 жылдан осы консерваторияның халық аспаптары кафедрасында ұстаздық 
(1980жылдан профессор) етті. Х.Тастанов Қали Жантілеуовтың шәкірті. Х.Тастановтың 
шығармашылығы аспаптық және вокалдық өнерге арналған «Алатау аясында», «Тыңға аттану», 
«Қазақ биі», «Толғану», «Қуанамын», «Романс», «Белгісіз солдат туралы баллада» және де домбырада 
ойнауға арналған оқу-әдістемелік құралдары бар. 1959-1961 ж. КСРО Мәдениет министрлігінің 
жолдамасымен Ұланбатыр қаласында моңғол өнері онкүндігін ұйымдастыру және өткізу жұмысына 
басшылық етті. Баян-Өлгий (Моңғолия) музыкалық-драма театры жанында қазақтың тұңғыш халық 
аспаптар оркестрін ұйымдастырды. 1960 жылы осы еңбегі үшін Моңғолияның «Алтын жұлдыз» 
орденімен марапатталды.
«Алтай аясында» шығармасы А.Жұбановтың «Қобызға арналған бес пьесаларының» заңды 
жалғасы ретінде қабылданады. Х.Тастанов аталмыш туындылардан алған әсерін өзінің музыкасында 
бейнелегендей көрінеді. Үйткені, үш үлесті вальс екпіні осындай жақындықты бірден аңғартады. Бірақ, 
композитор-педагогХ.Тастанов өз дүниесінде тек жанрлық туыстықты ғана арқау етіп, мүлде жаңа 
дыбыстық әуен, музыкалық құрылым және композициялық даму желісін туындатады. Ол ұлттық 
дәстүрді еуропалық жүйенің заңдылықтарымен ұштастырады. «Алтай аясында» пьесасы бүгінгі күнге 
дейін қобыз өнерінің падишасы атанған Қазақ ССР-нің халық әртісі, профессор Фатима Балғаеваның 
педагогикалық нұсқауы бойынша репертуарлық айналымға енді.
Шығарма табиғаттың бір әдемі көрінісін бейнелейді. Мұнда адам жанына тән көтеріңкі көңіл-
күй, тіршіліктің дөңгелене өрілген әсем сәттері, табиғаттың сұлу көріністері музыка тілімен барынша 
шынайы бейнеленеді. Х.Тастановтың «Алтай аясында» атты пьесасында контрастылық образдар жоқ. 
Композитор аспапты музыкаға арналған көптеген жанрлардың ішінде вальсты қалағаны кездейсоқ 
емес деген ойдамыз. Себебімұнда лирикаға толы сезімдерді жеткізуге мол мол мүмкіндіктер бар. Пьеса 
басынан аяғына дейін бір эмоциялық-бейнелік жағдайды суреттейді.
Жалпы, композиторлардың қобызға арналған шығармалардың көркемдік-эстетикалық мазмұнын 
ашу үшін орындаушының музыкалық теория пәндерінен қажетті білімі болу керек. Яғни, оқыту 
барысында саусақ қойғандағы дыбыстар арасындағы қашықтық, фортепианолық сүйемелдің 
партиясын оқып-білу, позиция туралы түсінік, екпін белгілері, жанрлық мазмұн, композициялық 
құрылым, кульминациялық даму шегі, каденциялық белгілер, тональдік жоспар, кездейсоқ қозғау 
белгілер және т.б. туралы толық мағлұматтың болғаны жөн.
Пьеса бірінен соң бірі төгіліп, шашыраған музыкалық әуендерден тұрады. Шығармада вальс 
жанрын айқындайтын үш үлесті екпінмен қатар, элегиялық мазмұнда әндете орындалатын бөлімдер 
де бар. Туындының дамуы бірнеше кезеңдерден тұрады. Музыкалық эпизодтар негізгі музыкалық 
тақырыптың трансформациясы ретінде үнемі дамып отырады. Алғашында ашық, жарқын сипаттамаға 
ие музыкалық әуен романтикалық арман-аңсары мол лирикалық эпизодтармен алмастырылып 
отырады. Тональділік сақталып, интонациялық өзектер бірінен соң бірі ажарлана түседі.
Вальс екпінінде жазылған шығарманың негізгі музыкалық тақырыбы ысқыштың ортаңғы 
бөлігімен орындалатын ұстамды, жоғары-төмен бағыттағы деташе, легато штрихымен орындалады. 
Фразаның алғашқы ұзақтықтары кішкене акцентілене, таза диатоникалық дыбыс қатарларымен 
үнделеді.
3, 10 тактіде кездесетін аралас штрих ысқыш бөліктерін дұрыс пайдалануды талап етеді. Яғни, 
алғашында төмен бағыттағы екі үлесті орындағанда ысқышты кішкене баяу жүргізіп, ал жоғары 
штрихты кішкене жеңіл, тез алып кеткен жөн.



Осы штрих 10 тактіде керісінше орындалады. Төмен бағытта ысқышта жылдам жүргізіп, 
жоғары орындалатын штрихта ысқыш ұзындығын үнемдеу ұсынылады. Легато штрихымен 
орындалатын октава көлеміндегі әсем әуен щығарманың негізгі мазмұнын бірден ашады.
Фортепианоның оң қолындағы сүйемел VI, I, IV, VI басқыштардағы септаккорд 
дыбыстарыментолқындатыла төгіліп, шығарманың гармониялық фактурасын тығыздатады.
Келесі сегіз тактіден тұратын музыкалық эпизод музыкалық тақырыбы фортепиано партиясында 
жүреді. Қобыз pizzicato штрихымен сүйемел функциясын орындайды. Ысқышсыз ойналатын оң қол 
саусақтары арнайы жаттығуды талап етеді. Ол үшін №1саусақпен қолдың бұлшық еттерін бос ұстап,
шектерді бірінен соң бірін іліп алып, дыбыс анық, салмақты шығу керек. Легато және pizzicato 
штрихтары алмасып отырған кезде, оң қолдың буын, бұлшық еттері сіресіп немесе қатайып қалмау 
үшін өзін-өзі бақылап отыру қажет. Мұндағы мақсат – оң қолдың саусақтарынан икемділік пен 
жұмсақтық қозғалыстарына жетуге ұмтылу болып табылады. Ысқышты ішектен ішекке ауыстырып 
ойнаған кезде оң қолдың буынын бос, жұмсақ ұстай отырып, таяқшаға сұқ қол арқылы баса ойнаса, 
дыбыс бірқалыпты, әрі біркелкі шығады. Ысқышты төменнен жоғары, жоғарыдан төмен жүргізген 
кезде әрбір жаңа тактінің басын айқынырақ ойнау үшін оң қолдың саусақтары арқылы ішекте қаттырақ 
басып ойнаған жөн.
Ортаңғы бөлім аттас d-moll тональдігінде жазылып, мүлде басқа материал ретінде берілсе де, 
шығарманың жалпы мазмұны еш өзгермей, кульминацияға ұласады.
Бұл бөлім екі музыкалық элементтен тұрады. Біріншісі, созылыңқы, ұзақ дыбыстармен үнделсе, 
екіншісі, бірте-бірте жоғары қарай биіктеп, үшінші октаваға дейін жоғарылайды.
1элемент 
2элемент 



Бүгінгі таңда қобыз өнері жеке, ансамбль және оркестрдегі домбыраның сыңары ретінде өзінің 
салтанатты шеруін бастан кешуде. Қазақстан композиторларымен қатар, еуропа классиктерінің 
көлемді туындылары биік дәрежеде меңгерілуде. Бұл үрдіс орындаушылар мен педагогтардың алдына 
күрделі міндеттерді қоюда. Шығармашылық және кәсіби біліктілік тұрғыда дамып, жетілген қобыз 
әлемдік мәдени айналымдағы виртуозды шығармаларды игеріп, мол нәтижеге қолын жеткізуде.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет