«Білім беру және педагогикалық ойлардың тарихы» пәнінен тәжірибелік жұмыстар жиынтығы



бет7/16
Дата19.12.2022
өлшемі168,5 Kb.
#58063
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
Прагматикалық педагогика
Америка Құрама Штаттарында XIX ғасырдың 90-жылдарынан бастап, тым кең тараған философиялық жүйелерінің бірі прагматизм философиясы болды. Оны толық түрде негіздеген Джемс еді. Прагматизм үшін пайдалы нәрсе ғана шындық-ақиқат болып саналады. Джемс: «Біз үшін ең жақсы қызмет етуші, бізді жетелеп бағыттаушы - өмірдің әр бөліміне ең ыңғайлы да пайдалы келетін»,-деді.
Әрине, мұндай философия буржуазия тым қажет еді. Осы философияға сүйене отыра, буржуазия өзіне пайдалылардың және өз мүдделерін қанағаттандыратындардың барлығын «ақиқат-шындық» деп жариялады. Мысалы, мұндай идея буржуазияға пайдалы болғандықтан, ол буржуазияны қанағаттандырады. Сондықтан бұл «идея» прагматистер көзқарасында «ақиқат-шындық» және құдайдың болуы да «ақиқат». Прагматизм осылай ақиқатты бұрмалап, бірақ буржуазияға пайдалы шындықты жақтауға көмектесті.
Әдебиеттер: [ 1; 2; 3; 4]


6-тақырып. Қазақстандағы түркілер дәуіріндегі мектеп пен педагогикалық ойдың дамуы
Сұрақтар:

  1. Түркілер дәуіріндегі мектеп мен білім беру дамуының ерекшеліктері

  2. Мектептің дамуы

  3. Педагогикалық ойдың дамуы (Қорқыт ата, Әл-Фараби, Ж.Баласағұн, М.Қашқари т.б.)

  4. Жазба ескерткіштердегі педагогикалық идеялар ( Коденс-Куманикус)

Тапсырма:
Практикалық жұмыста алынған мәліметтердің нәтижесін талқылап, олардың қорытындысын жазыңыздар.
Жұыстың мақсаты: Түркілер дәуіріндегі мектеп мен білім беру және педагогикалық ойдың дамуы туралы білімдерін кеңейту
Негізгі теориялық қағидалар
Мектептің дамуы
Түркілер дәуіріндегі мектеп пен педагогикалық ойдың дамуы қоғам өміріндегі экономикалық, әлеуметтік, мәдени, идеологиялық өзгерістер жағдайында жүріп жатты. Исламды қабылдау қолөнердің дамуы қаланың өсуі, мемлекеттік құрылымның нығаюымен тұтас келді. Сауда дамыды. Еларалық байланыстар кеңейді. Түркілерге жаңа дінді қабылдау қиындық келтірмеді. Себебі: Ислам ілімі олардың салт-дәстүріне сәйкес болды. Құранның тәрбиелік сүрелері халық педагогиасында ғасырлар бой қалыптасып адамгершілік қағидаларды бейнелейді: кедейлерге, жетімдерге көмектесу, үлкендерге құрмет көрсету, білімге ұмтылу т.б. Сауатты адамға сұраныс артты. Басқарушыларға сарайда және жергілікті басқармаларда іс-қағаздарын жүргізу үшін жазбашылар сарай және жұздызшылар қажет болды. Жергілікті байларға сауатты салық жинаушылар, саудагерлерге сауда сауда іс-қағазын жүргізетін сауатты адамдар қажет еді. Исламның таралу шамасына қарай дінбасыларына сұраныс артты. Оларға адам тіршілігіндегі күрделі істер жүктелді. Мұның бәрі мекемелер санының артуына ықпал етті. М.Қашқари, Ж.Баласағұн, Әл Фараби және тараз, Қашқар Мерке т.б. үлкенді-кішілі қалаларда мешіттер қатарын артты. Әжетте мекемелер, мешіттер жанынан ашылды.
Біздің заманымыздан бұрынғы II-I ғасырларда Жетісу мен Сырдария аралығын алып жатқан өңірге ғұндар қоныс аударғаны мәлім. Олар жергілікті скиф (сақ) – массагеттермен араласып, біртұтас халыққа айналды. Бірте-бірте олардың ықпалы күшейіп, Енесейден бастап, монғолстанға дейінгі ұлан ғайыр өлкені өздеріне қаратып алғаны көне тарихтан белгілі.
Міне, сол кезден бастап, қазіргі қазақстан мен Орта азия жерінде түркі халықтарының арғы негізі саналатын халықтар тілі, яки көне түркі тілі кең өріс алады.
Түркі тілінің жалпы даму кезеңдерін Н.А.Баскаков төмендегідей дәуірге бөліп қарастырды. 1) Алтай дәуірі; 2) Ғұндар дәуірі (қадым заманынан бастап, біздің заманымыздан бастап, біздің заманымыздың Vғасырына дейін); 3) Түркі тілдерінің көне дәуірі (V-Xғ); 4) Түркі тілдерінің орта дәуірі (X-XVғ); 5) Түркі тілдерінің жаңа дәуірі (XV-XXғ); 6) Түркі тілдерінің қазіргі дәуірі.
Түркі тілдерінің алтай, ғұн дәуірлері туралы мәліметтер, зерттеулер көп емес. V-Xғасырда түркі тілі бүкіл Түркі Қағанатыиеленген ұлан-ғайыр өлкеде кеңінен қолданылады. Әсіресе үйсін, қаңлы, қарлұқ, түргеш, чығыл, яғма тайпалары үшін ортақ тіл болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет