Білім беру ұйымы: «Зерде» МДДО
Тобы: «Раушан» мектепалды тобы
Балалардың жасы: 5 жас
Жоспардың құрылу кезеңі: мамыр айы , 2023 жыл
Айы
Ұйымдастырылған іс-әрекет
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері
Мамыр
Дене шынықтыру
Мәдени-гигиеналық дағдыларды жетілдіру Мәдениетті тамақтану және асхана құралдарын еркін қолдану дағдыларын жетілдіру.
Жеке гигиена ережелерін орындауда өзін-өзі бақылауды дамыту: дененің тазалығын бақылау, қол - аяқтарын жуу, тіс тазалау, тамақтанғаннан кейін ауызды шаю, қол орамалды пайдалану, белге дейін дымқыл шүберекпен сүртіну. Осы шараларды жүргізудің және жеке гигиена заттарын пайдаланудың қажеттілігін түсіну.
Гигиеналық шараларды жүргізуде балалардың өзара көмегін қолдау.
Өзіне – өзі қызмет көрсету және киіміне күтім жасау дағдыларын жетілдіру.
Шамасы келетін еңбек тапсырмаларын, асханада кезекшілердің міндеттерін орындауға, түрлі балалар әрекеттеріне қажетті құралдарды дайындауға баулу.
Қоғамдық орындарда гигиена ережелерін сақтау дағдыларын қалыптастыру.
Сауықтыру-шынықтыру шаралары
Жергілікті шаралардың температурасын біртіндеп төмендете отырып, қарапайым су шараларын өз бетінше жүргізуге дағдыландыру, балалардың денсаулықтарын, шынықтыру құралдарының әсерлеріне бейімделу деңгейін ескеріп, қарама-қарсы температурадағы сумен шайыну, таңертеңгі жаттығуды орындауға қызығушылық тудыру, дене бітімін қалыптастыру және аяқтың өкшелерін нығайту.
Сөйлеуді дамыту
Байланыстырып сөйлеу Айналасындағылармен өздігінен диалогті бастауға ынталандыру, әңгімелесушіні мұқият тыңдап, сұрақтарды дұрыс қоюға және қойылған сұрақтарға қысқаша немесе толық жауап беруге баулу, әңгімелесу кезінде өзін мәдениетті ұстау, әдепті және сабырлы болу.
Негізгі ойды дұрыс жеткізе білу, монологты байланыстырып құра білу, әңгімені бірізді айту, шағын логикалық және хабарлау сипатындағы әңгімелерді құрастыру. Ойыншықтарды, заттарды, сюжеттік суреттер, табиғат құбылыстарын сипаттауда заттар мен нысандардың ерекшеліктерін білдіретін сөздерді дұрыс таңдау, сын есімдер мен үстеулерді қолдану.