Білім және ғылым



бет8/146
Дата01.11.2022
өлшемі2,97 Mb.
#46713
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   146
2.2-сурет. Турбидиметрлік титрлеу қисығының қарапайым түрі.
арасындағы байланысты көрсететін турбидиметрлік қисық (2.2- сурет) полимердің молекулалық массалық таралуының сапалық сипаттамасын береді. Қисықтың тіктеу жағы молекулалық массасы біркелкі полимерлерге, өте жатық қисық полидисперсті фракцияларға тән. Теңдеуге қажетті константалар белгілі болса, тұнбаға түскен полимердің салмағы мен оның молекулалық массасын есептеп шығарып, нақтылы молекулалық массалық таралу кисығын тұрғызуға болады.
Онша дәл болмағанымен бұл әдіс тездігі мен оңайлығына орай

полимердің молекулалық — массалық таралуына жалпы сапалық сипаттама беруге өте қолайлы.



    1. Полимерлердегі молекулааралық әсерлесу

Молекулалар арасындағы күштер полимерлердің көптеген физикалық қасиеттеріне әсер етеді. Мысалы, иондану температура- сына, жұмсаруы мен балқуына, ерігіштігіне, ұшқыштығына, беттік қасиеттеріне, сыйысушылығына, балқыманың тұтқырлығына, кристалдығына, электрлік және механикалық қасиеттеріне.


Молекулалық күштер химиялық күштерге қарағанда 1-2 есе әлсіз және молекулалар бір-бірінен алшақтаған сайын әлсірей береді, бірақ олардың полимердегі жиынтық эффектісі химиялық байланыс энергиясынан артуы да мүмкін.
Молекулааралық күштерді екі топқа бөлуге болады: алыс қашықтықта байқалатын Ван-дер-ваальс және жақын қашықтықта әсер ететін валенттілік немесе химиялық күштер. Ван-дер-ваальс күштерінің үш түрі бар: ориентациялық Ео, индукциялық Еи және
дисперсиялық Ед күштер (2.3-сурет).
Полюсті молекулалар бір-біріне жақындасқанда бір молекуланың
теріс полюсі, екінші молекуланың оң полюсіне тартылыса алатындай болып бағдарласады, яғни бағдарласқан дипольдер бірін-бірі тартып байланысады. Мұны диполь-дипольдік әсерлесулер деп те атайды.


дисперсиялық индукциялық ориентациялық әсерлесу әсерлесу әсерлесу


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет