Дүние тарихы (7 сынып)
І нұсқа
Оқушының аты – жөні: ______________________________
Сыныбы: 7 «»
Тақырыбы: тест
Мақсат - міндеттері:
Өткен материалдарды еске түсіру арқылы оқушылардың ой - өрістерін кеңейту, тест сұрақтары арқылы алған білімдерін тексеру, білімдерін шыңдау, өткен материалдарды саралай алуға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: қайталау
Әдістері: тест белгілеу
Тест І нұсқа.
1. Рим нешінші ғасырда әлсірей бастады?
а) ІҮ ғ. ә) Ү. б) ҮІ ғ.
2. Вандал корольдігі қай жылы құрылды?
а) 420ж ә) 426 ж б) 429ж.
3. Холдвиг тұсында жазылған сот саласындағы заңдар қалай аталды?
а) Сали ақиқаты ә) Каи ақиқаты б) Гали ақиқаты
4. Аллод бұл не? а) жер иелігі ә) құл б) патша
5. Холдвиг қай жылы қайтыс болды?
а) 620ж ә) 511 ж б) 429ж.
6. Карл Мартелл баласы
а) Хлодвиг ә) Қортық Пипин б) Суансон
7. Византий қаласы қашан Константинополь деп өзгертілді?
а) 330ж ә) 335ж б) 336ж
8. Византия империясы қай билеуші тұсында күшейді?
а) Хлодвиг ә) Пипин б) Юстиниан
9. Аттила – а) Еділ ә) Айдын б) Айбын
10. Мұхаммед пайғамбардың билігімен өз мемлекетіне адал қызмет атқарғандарға берілген жер қалай аталды? а) аллод ә) икта б) халиф
11. Пайғамбар ізбасарлары –
а) аллод ә) икта б) халиф
12. Араб халифатының саяси жүйесіндегі жоғарғы мемлекет және дінбасшысы болып кім табылады?
а) аллод ә) икта б) халиф
13. Ислам дінінің негізін қалаушы кім?
а) Мұхаммед ә) Иса б) Халиф
14. Мұхаммед пайғамбардың әйелі кім?
а) Айша ә) Ғайша б) Қадиша
15. Меккеге барып қайтқандар қандай атақ алады?
а) молда ә) қажы б) мүфти
16. Эфталит мемлекетінің тайпалық бірлестігі
а) ақ ғұндар ә) үйсіндер б) қаңлылар
17. Шығыс славяндарға жататын халық
а) словен ә) орыс б) чех
18. Оңтүстік славяндарға жататын халық
а) словен ә) орыс б) чех
19. Батыс славяндарға жататын халық
а) словен ә) орыс б) чех
20. Польша мемлекетінің алғашқы астанасы?
а) Гнезно ә) Прага б) Киев
21. Киев Русі қай жылы христиан дінін қабылдады?
а) 1086 ж ә) 988 ж б) 1008ж
22. Рыцарь атану үшін үміткердің несі болуы керек?
а) аты ә) қару - жарағы б) жер үлесі
23. Әскери іспен айналысқан феодалдар қалай аталды?
а) виконт ә) рыцарь б) граф
24. Францияда басыбайлы шарулар қалай аталды?
а) сервтер ә) виконттар б) вилландар
25. Жеке басы ерікті шарулар Англияда қалай аталды?
а) сервтер ә) виконттар б) вилландар
Дұрыс жауаптары
1. А. 2. Б 3. А. 4. А 5. Ә 6. Ә 7. А 8. Б 9. А 10. Ә 11. Б 12. Б 13. А 14. Б 15. Ә 16. А 17. Ә 18. А 19. Б 20. А
21. Ә. 22. Б 23. Ә 24. А 25. Б.
Тест ІІ нұсқа
1. Рим империясының құлауының басты себебі не?
а) құлдар еңбегінің тиімсіздігі ә) күпірлер қозғалысы б) әскери қабілеттің нашарлығы
2. Франк мемлекеті қашан құрылды?
а) 429 ж ә) 452 ж б) 486 ж
3. Француз тілінің негізін ежелгі қай халықтардың тілі құрады?
а) галл тілі ә) латын тілі б) латын - герман тілі
4. Франк мемлекетінде «Майордом» қандай қызмет атқарды?
а) салық жинады ә) атты әскерді басқарды б) ең жоғарғы мемлекет басшысы
5. Хлодивтің өлімі қандай оқиғаға алып келді?
а) лангобардтардың шабуылына ә) билік үшін кескілескен күреске б) араб шапқыншылығына
6. Рим империясы қашан құлады?
а) 337 ж ә) 324 ж б) 395 ж
7. Византия империясы кімдермен кескілескен соғыс жүргізді?
а) дактармен ә) арабтармен б) гректермен
8. Қағба бұл... а) аса қастерлі орын ә) мешіт б) басқару жүйесі
9. Құран арабшадан аударғанда қандай мағына береді?
а) оқу ә) ізбасар б) қастерлі
10. Еуропа дәрігерлері кімнің кітабын ХҮІІ ғ дейін қолдарынан тастамады?
а) Ибн Рушд ә) Ибн Сина б) Аббас
11. Эфталиттер қай жылы сасанилік Иранды бағындырды?
а) 484 ж ә) 424 ж б) 460 ж
12. Эфталит мемлекетінде шаруашылықтың қай түрі басым болды?
а) сауда ә) отырықшы б) көшпелі мал бағу
13. Ұлы Моров мемлекетін қай кінәз құрды?
а) Мешко ә) Болеслав Храбрый б) Моймир
14. Болгар мемлекетінің негізін кім қалады?
а) Кубрат ә) Моймир б) Аспарух
15. Чех, словак, поляктар қандай славян тайпаларына кіреді?
а) батыс ә) оңтүстік б) шығыс
16. Болгар, серб, словендер қандай славян тайпаларына кіреді?
а) батыс ә) оңтүстік б) шығыс
17. Орыс, украиндардан қандай славян тайпаларына кіреді?
а) батыс ә) оңтүстік б) шығыс
18. Батыс Еуропада ІХ - Х ғғ. Қалыптасқан феодалдық құрылыстың басты белгісі
а) артық жерлерді шаруаларға үлестіру
ә) жердің негізгі табыс пен байлықтың көзіне айналуы
б) бағыныштылық жүйе (васаллдық)
19. Рыцарлар немен айналысты?
а) әскери іспен ә) егінмен б) саудамен
20. Еңбекпен өтеу міндеткерлігі қалай аталады?
а) барщина ә) оброк б) салық
21. Заттай алым - салық міндеткерлігі қалай аталады?
а) барщина ә) оброк б) салық
22. Вилландар....
а) Англиядағы ерікті шаруа ә) басыбайлы шарулар б) Франциядағы еріктілер
23. Феодалдық сатының ең жоғарғы баспалдағында кімдер тұрды?
а) король ә) герцог б) граф
24. Герцогтардың қол астында қанша деревня болды?
а) 50 - дей ә) 100 - деген б) 200 - дей
25. Барондар қанша дервняны басқарды?
а) 70 - тей ә) 20 - 30 - дай б) 40 шақты
Дұрыс жауаптары
1. А. 2. Б 3. Б. 4. Б 5. Ә 6. Б 7. Ә 8. А 9. А 10. Ә 11. А 12. А 13. Б 14. Б 15. А 16. Ә 17. Б 18. Ә 19. А 20. А
21. Ә. 22. А 23. А 24. Ә 25. Ә.