98
Бассүйектің өсуінің тежелуі орталық жүйке жүйесі тіндерінің зақымдануына, сондай-ақ
жұлын-ми сұйықтығы қысымының артуына әкеледі.
Гипервитаминозы. А витаминінің гипервитаминозы витаминді және балық майын
шамадан тыс қолданғанда байқалуы мүмкін. А витаминінің гипервитаминозының
симптомдары: көздің қасаң қабығының қабынуы, гиперкератоз, тәбеттің жойылуы, жүрек
айну (құсу), іш өту, бастың ауыруы, буындардың ауыруы, бауырдың үлкеюі, организмнің
титықтауы.
Табиғатта таралуы. А витамині тек жануар текті тағамдарда:ірі қара мал мен шошқаның
бауырында, жұмыртқаның сарысында, сүт тағамдарында, балық майында кездеседі. Өсімдік
текті тағамдарда (сәбіз, томат, бұрыш, салат, т.б.) А витаминінің провитаминдері
каротиноидтар болады. Ішектің шырышты қабатында және бауыр жасушаларында арнайы
фермент каротиноксидаза бар, ол каротиноидтарды А витаминінің активті формасына
айналдырады.
17.
Д витамині, витамерлері, химиялық табиғаты туралы түсінік, Д витаминінің
Достарыңызбен бөлісу: