Биохимия кафедрасы


тәуліктік қажеттілігі, табиғатта таралуы



Pdf көрінісі
бет69/76
Дата02.03.2023
өлшемі1,47 Mb.
#71048
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   76
тәуліктік қажеттілігі, табиғатта таралуы. 
Химиялық табиғаты. А витамині β-ионон сақинасынан, 2 изопрен қалдығынан, біріншілік 
спирт тобынан тұратын циклді қанықпаған бір атомды спирт. 
Биологиялық ролі. Биофлавоноидтар А витаминінің спирттік формасы ретинол организмде 
ретинальға (А витамині альдегиді) және ретин қышқылына (А витаминінің спирт тобының 
орнына карбоксил тобы түзіледі) дейін тотығады. 
✓ Ретинол жасуша мембранасының структуралық компоненті болып табылады. 
✓ А витаминінің көздің көруіне байланысты химиялық үрдістерге қатысуы жақсы 
зерттелген. Көздің жарық сезгіш аппараты – көздің тор қабаты. Тор қабатқа түскен жарық тор 


97 
қабаттың 
пигменттері 
арқылы 
адсорбцияланып, 
энергияның 
басқа 
түріне 
трансформацияланады. Адамда рецепторлық жасушалардың 2 түрі бар: таяқшалар мен 
колбашықтар. Таяқшалар әлсіз жарыққа (қараңғы), ал колбашықтар жақсы түскен жарыққа 
(күндізгі) сезімтал. Таяқшалардың құрамында көру пигменті родопсин, ал колбашықтарда 
йодопсин болады. Екі пигмент те күрделі белок, олар бір-бірінен белоктық бөлігі арқылы 
ерекшеленеді. Кофермент ретінде 2 белоктың құрамында да 11-цис-ретиналь (А витаминінің 
альдегидтік формасы) бар. Таяқшалардың сыртқы сегменттерінің құрамында қатар 
орналасқан тұйық мембраналық көпіршіктер – дискілер болады. Бұл дискілер опсин белогына 
бай. Опсин 11-цис-ретинальмен байланысып, қызыл түсті пигмент – родопсин (көру 
пурпурын) түзеді. Родопсин – көздің тор қабатының негізгі жарық сезгіш пигменті 
(фотосенсибилизатор). Қараңғыда родопсин көп синтезделеді.
✓ Ретинол организмнің антиоксиданттық қорғанысының маңызды компоненті болып 
табылады. 
✓ А витамині және ретиноидтар жасушалық иммунитет реакцияларын стимульдейді, Т– 
киллерлердің активтілігін арттырады. 
✓ А витамині антиканцерогенді болып табылады, өйткені кератиндену үрдісін төменгі 
деңгейде ұстап тұрады, цистеинді цистинге айналдыратын құрамында мысы бар ферменттің 
активтілігін төмендетеді. Бұл фермент кератин синтезіне керек, ол беткі қабаттарда жиналып 
кератинденуді стимулдейді. 
✓ Дамып келе жатқан организмнің (эмбрионның, жас организмнің) жасушаларының 
қалыпты өсуі мен дифференциациясын реттейді. 
✓ Тез пролиферацияланатын (бөлінетін) тіндердің – шеміршек, сүйек тіндерінің, 
сперматоген эпителийінің, плацентаның, тері және кілегей қабаттары эпителийінің) бөлінуі 
мен жіктелуін (дифференциациялануын) реттейді.
Авитаминозы. А витаминінің жетіспеушілігінің клиникалық көріністері: кешқұрым 
көрудің бұзылуы (гемералопия немесе ақшам соқырлық), қараңғыға бейімделіктің күрт 
төмендеуі. А витаминінің авитаминозына көз алмасының зақымдануы – ксерофтальмия, яғни 
көз жиегі эпителий қабатының қатпарланып, эпителийдің мүйізденуіне байланысты көздің 
жас шығатын жолдарын жауып, жас бөлінуіне кедергі болады. Бұл өз кезегінде 
конъюктивиттің, көздің қасаң қабығының ісінуі, кебуі және жұмсаруы, яғни кератомаляцияға 
әкеледі. Егер дұрыс ем қолданбаса, адам соқыр болып қалуы да мүмкін. 
Балаларда авитаминоз кезінде сүйектердің өсуі тоқтайды. Барлық мүшелердің эпителий 
жасушаларының кератозы, соның салдарынан терінің шамадан тыс мүйізденуі, ас қорыту 
жолдарының, зәр-жыныс, тыныс алу жолдарының эпителийлерінің зақымдануына әкеледі. 


98 
Бассүйектің өсуінің тежелуі орталық жүйке жүйесі тіндерінің зақымдануына, сондай-ақ 
жұлын-ми сұйықтығы қысымының артуына әкеледі. 
Гипервитаминозы. А витаминінің гипервитаминозы витаминді және балық майын 
шамадан тыс қолданғанда байқалуы мүмкін. А витаминінің гипервитаминозының 
симптомдары: көздің қасаң қабығының қабынуы, гиперкератоз, тәбеттің жойылуы, жүрек 
айну (құсу), іш өту, бастың ауыруы, буындардың ауыруы, бауырдың үлкеюі, организмнің 
титықтауы. 
Табиғатта таралуы. А витамині тек жануар текті тағамдарда:ірі қара мал мен шошқаның 
бауырында, жұмыртқаның сарысында, сүт тағамдарында, балық майында кездеседі. Өсімдік 
текті тағамдарда (сәбіз, томат, бұрыш, салат, т.б.) А витаминінің провитаминдері 
каротиноидтар болады. Ішектің шырышты қабатында және бауыр жасушаларында арнайы 
фермент каротиноксидаза бар, ол каротиноидтарды А витаминінің активті формасына 
айналдырады. 
17. Д витамині, витамерлері, химиялық табиғаты туралы түсінік, Д витаминінің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет