Биология кафедрасы


Орталық жүйке жүйесіндегі нерв орталықтарынын қызметтері



бет21/100
Дата08.04.2023
өлшемі1,59 Mb.
#80610
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   100
Орталық жүйке жүйесіндегі нерв орталықтарынын қызметтері:
Орталық жүйке жүйесі синапстар арқылы бір - бірімен байланысқан нерв клеткаларының жинағынан құралған. Дегенмен мұндай нейрондар жинағынан белгілі
бір мүшелердің қызметін реттеуге бейімделген нейрондар тобын байқауға болады. Ондай нейрондар тобын н е р в орталықтары деп атайды. Яғни белгілі бір қызметті бірігіп орындауға қатысатын нейрондар тобын нерв орталықтары дейді.Нерв орталықтары - функциялық ұғым. Әрбір нерв орталығында белгілі бір қызметті орындауға қатысатын негізгі нейрондарға қоса, соларға көмекші болатын нейрондар да бар. Сонымен қатар, ми сыңарларының қыртысында негізгі нейрондардың қызметін бақылайтын, реттейтін әрбір нерв орталықтарының өкілдері болады. Олар нерв орталығындағы негізгі нейрондардың қызметін қазіргі, яғни тітіркендіргіш әсер етіп тұрған мезгілдегі жағдайға байланыстырып, қисынын келтіреді. Дегенмен нерв орталықтары туралы әңгіме болғанда сол орталықтардағы негізгі нейрондар тобының қызметі жайында сөз болады. Мысалы, тыныс орталығын айтқанда сопақша мида орналасқан тыныс алуды реттейтін негізгі нейрондар тобы жайында әңгімеленеді. Бірақ негізінде тыныс алу сопақша мидың қатысуымен ғана емес, вароли көпіріндегі пневмотаксис орталығы, жұлынның қозғаушы нейрондары және еркін тыныс алу қимылдарын реттейтін ми қыртысының қатысуымен іске асады.
Нерв орталықтарының бірнеше қасиеттері бар: нерв орталықтары өзінің қызметін жағдайға байланысты өзгерте алады. Қажет болғанда ол өзінің бұрынғы қызметін өзгертіп, жаңа қызметті атқаруға бейімделеді. Мұндай бейімделу ми қыртысының компенсаторлық тетігіне байланысты. Мұнымен қатар, орталық жүйке жүйесінің синапстарына сәйкес нерв орталықтарында қозу тек бір ырғақта ғана қозғалады, қозу тежеледі, нерв импульстері сублимацияланады (лат. сублимация - кері ажырату), олардың қозғалу жылдамдығы төмендеп, ырғағы өзгереді және әсер іздері байқалады, нерв орталығы шаршайды, мүшелердің қызметі үйлесімдіріледі.
Орталық жүйке жүйесіндегі организмнін қыметінің үйлестірілуі (координациялануы). Адам организміндегі қаңдай да болмасын әрекеттер жүйке жүйесінің қызметіне байланысты және соған қатысатын нерв орталықтарының, ондағы нейрондардың қызмет қабілетінің жағдайына байланысты. Барлық мүшелер мен мүшелер жүйелерінің қызметтері организмде бір-бірімен үйлестіріліп отырады, үйлесімді орындалып өзара кедергі жасамайды. Былайша айтқанда, организм ішкі және сыртқы орталардың әсерлеріне біртүтас құрылым ретінде жауап береді. Көптеген мүшелердің қызметтерін біріктіріп, байланыстырып, сыртқы ортаның әсерлеріне бейімделуін орталық жүйке жүйесінде организмнің қызметін үйлестіру немесе кординациялауы (лат. координация - үйлесімділік, келісімділік) дейді. Орталық жүйке жүйесінің рефлекторлы реакцияларды үйлестіруі қозу мен тежелудің бір-бірімен байланысына және олардың қасиеттеріне негізделген иррадиация, индукция, доминанта, концентрациялау және конвергенцияның қатысуымен іске асады.
Орталық жүйке жүйесіндегі бір нерв орталығында пайда болған қозу мен тежелудің көрші орталықтарына жойылуын, таралуын иррадиациялан (лат. Иррадиацая таралу, жайылу) дейді. Қозу мен тежелудің жайылуы нерв талшықтарының миелин қабығының қалыңдығына тәуелді. Жаңа туған нәрестенің нерв талшықтарының миелині өте жұқа, кейбір нерв талшықтарында мүлде болмайды. Сондықтан оларда қозу мен тежелу өте тез және оңай тарайды. Сонымен бірге, баланың рефлекторлы реакциясын реттеуге ми қыртысынан гөрі қыртыс асты құрылымдар көбірек қатысады және балалардың нерв ұлпаларының қозғыштығы ересек адамға қарағанда күштірек әрі нерв орталығының миелинденуі 5-10 жасқа дейін созылады. Нервтегі қозу мен тежелудің таралуы тітіркендіргіштің күшіне де байланысты. Неғұрлым тітіркендіргіш ұзақ әсер етсе және неғүрлым күшті болса, соғұрлым олардың нерв орталықтарында жайылуы көбірек. Қозу мен тежелудің жайылуы кішкентай балаларда күштірек. Мысалы, қызық ойыншық көргенде баланың ауызы ашылып қалады, қуанып секіре бастайды, мәз болып күледі, яғни бірнеше орталықтардың қызметі пайда болады.
Нерв орталықтарыңда қозу тежелуге және керісінше, тежелу қозуға жылдам ауысады. Сонымен қатар, бір нерв орталығының қозуына байланысты екінші бір нерв орталығының қозуы тежеледі және керісінше, бір нерв орталығы тежелгенде екіншісінің қозуы күшейеді. Мұны қозу мен тежелудің индукциясы (лат. индукция -орнату, кіргізу) дейді. Егер нерв орталығында қозу тежелуге ауысса - теріс индукция, ал тежеду қозуға ауысса - оң индукция.
Орталық жүйке жүйесіндегі қозу мен тежелудің иңдукциясы олардың жайылуы тәрізді нерв талшықтарының миелин қабығының қалындығына байланысты болады. Сондықтан бала неғұрлым жас болса, қозу мен тежелудің индукциясы соғұрлым нашар болады. Мысалы:кішкентай бала ауырғанда күндіз-түні тынымсыз әбден шаршағанша жылай береді. Ересек адамда қозу мен тежелудің индукциясы күшті болады.
Бірнеше нерв ортальгғындағы қозу мен тежелу бір орталыққа жинақталады. Мұны қозу мен тежелудің ж и нақталуы дейді. Жинақталу таралуға қарама-қарсы құбылыс. Балаларда ол нашар болады.
Нерв орталықтарының қызмет атқаруының негізгі қасиеттерінің біріне доминанта жатады. Оның негізін ең алғаш А. А. Ухтомский ұсынған. Оның қозу мен тежелудің доминантасы( лат. Доминанта - басым) туралы ілімі бойынша жүйке жүйесінің қызметінде бір нерв орталығының қозуы басқаларының қозуын өзіне тарту арқылы белгілі бір сәтте басымырақ болады да, басқа орталықтарының қызметін өзіне бағындырады. Мұндай жағдайда басқа нерв орталықтарын қоздыратын тітіркендіргіштер доминантты (басымды) орталықтың қозуын күшейте түседі. Мысалы, "2" алып, жылап отырған баланы жолдастары жұбатса, оның жылауы үдей түседі. Себебі бүл сәтте баланың орталық жүйке жүйесінде басым нерв орталығы басқа орталықтардың қозуын өзіне тартып, қоза түседі. Бір мүшесі қатты ауырып отырған адамның ауырмайтын сау мүшесіне қол тиіп кетсе, оның ауру мүшесі одан сайын қатты ауырады. Бұл да басымдылыққа мысал бола алады. Балаларда басымдылық оңай және жеңіл пайда болады. Сондықтан да балалардың зейіні тұрақсыз: жаңа тітіркендіргіштер оның миында басқа орталықтың басымдылығын тудырады. Педагогикада кездесетін балалардың белсенді зейінін ми сыңарларында басым орталық және шетте индукциялы тежелудің пайда болуымен түсіндіріледі. Балаларда белсенді зейіннің ұзақтығы жасына қарай әртүрлі. Кішкентай балаларда белсенді зейін нашар қалыптасады: тек 7 жасқа таман ол ұзара бастайды, 7 жасар балада - 15 мин, 10 жаста - 20 мин, 12 жаста 25 минутке созылады, 13-15 жас арасында жарты сағаттай, 16 жаста 40 минутей, ересек адамда 1 сағатқа жуық. Еске алар жай: егер бала ұзақ уақыт жүмыстың бір ғана түрімен шүғылданса, оның басым орталығы шаршап, белсенді зейіні төмендейді. Мұндай жағдайда басым нерв орталығы 3 кезеңді өткізеді:

  1. басымды орталықтың маңайыңда индукциялық тежелу пайда болып, бала мазасызданады;

  2. басым орталықтың қозуы төмендейді де, шартты нервтік байланыстардың пайда болуы баяулайды. Бала сабақты түсінбейді, есіңде сақтамайды;

3) басым нерв орталығында шектен тыс тежелу пайда болады, белсенді зейін жойылады, бала мүлде сабақ тындамайды, тіпті мұғалімнің айтқанын естімейді.
Сондықтан мұғалімдер балалардың сабаққа зейініне көңіл бөлуі шарт. Егер олар тыңдамай бара жатса, онда еңбектің түрін ауыстыра қою керек. Мысалы, сабақ түсіндіруді тоқтатып, методикалық картамен жұмыс істету сияқты әдістерді пайдалануы керек.
Нервтік орталық байланыстың молдылығынан бір нерв клеткасына жүйке жүйесінің бірнеше жерінен нерв импульстері келуі мүмкін. Әртүрлі талшықтар арқылы келген қозулардың ұшырасуын конвергенция (лат. конвергенс -түйісу) деп атайды. Айталық, дыбыс, көру, тері рецепторларынан келген қозулар бір нейронда түйісуі мүмкін. Жалпы алғанда балалардың жасына қарай ұшырайтын үйлесімділіктің кейбір кемшіліктері жасы ұлғайған сайын бәсеңдеп, 18-20 жаста толық жойылады да, үйлестіру қабілеті толық қалыптасады.
Нерв жүйесінің қызметінің негізі - рефлекс. Р е ф л е к с деп сыртқы ортаның тітіркендіргіштерінің әсеріне нерв жүйесінің қатысуымен организмнің берген жауабын айтады. Рефлекстің пайда болуына қажетті уақытты р е ф л е к с уақыты немесе рефлекстің латентті кезеңі деп атайды. Жүйке жүйесінің рефлекстік қызметіне байланысты организм сыртқы және ішкі ортаның әсерлеріне тез жауап береді. Барлық рефлекстер дененің бір жеріне - р е ф л е к с а ймағына- тітіркендіргіш әсер еткенде пайда болады. Рефлекс аймағында тітіркендіргіштің әсерін сезетін сезгіш рецепторлар орналасады. Рефлекстің болмысына байланысты рефлекстер қорғаныс, ас қорыту, тамақтану, зәр шығару, жыныс, тыныс, жүрек-қан тамырлар рефлекстері т.б. болып бөлінеді.
Қозудың орталық жүйке жүйесі арқылы өтетін жолына байланысты жұлын, қыртыс, мишық, сопақша ми, таламустық, гипоталамустық болып бөлінеді.
И. П. Павлов барлық рефлекстерді ш а р т т ы және ш а р т с ы з рефлекстер деп бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет