Биология кафедрасы



бет19/100
Дата08.04.2023
өлшемі1,59 Mb.
#80610
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   100
Ми сыңарларынын дамуы. Бір жастағы баланың ми сыңарларының маңдай бөлімі нашар дамыған, оның сайлары мен қатпарлары ұсақ, таяз, қысқа болады. Олардың ми сыңарларының нейрондар саны ересектермен бірдей болғанымен, пішіндері қалыптаспаған, 14 түрлі болып дифференцияланбаған. Тек қана 1-ші жылдың аяғында 6-7 қабаттағы нейрондар қалыптаса бастайды. Ми қыртыстарының қызметі нашар, қыртыс асты бөлімін бақылауы төмен дәрежеде, жұлынға ықпалы аз болғандықтан баланың ретсіз қимылдары көп болады.
Ми қыртысының қызметінің толық жетілуі оның ЭЭГ-сыңда айқын көрінеді. Баланың сергек кезіндегі ЭЭГ-сын тек 2-3 айдан кейін ғана жазып алуға болады. Оның өзі -баяу (2-5 гЦ), тұрақсыз ырғақ. Тек 3 айдан кейін ырғақ тұрақталады, бірақ жиілігі 5 гЦ-тен аспайды. Бұл болашақ альфа ырғағының қалыптаса бастаған кезі. Яғни 2 жасқа дейінгі баланың ЭЭГ-ның жиілігі ұйқыда жатқан ересек адамның ырғағындай болады. 2-3 жастың арасында ми жарты шарларының құрылысы мен қызметі жетіле бастайды: ми қыртысы жұлынды толығынан бақылауына алады. Сондықтан бала кеңістікте қозғала алады: жүреді, секіреді, жүгіреді. Ми қыртысының нервтік байланыстары көбейеді, 2-ші сигнал жүйесі күшті дамып, 3 жастағы баланың мыңға жуық сөз қоры жиналады. Бүл кезде баланың көңіл күйі еркін реттелмеген. Айталық, ол ренжігенде эмоциясы күшейеді, қонақта жүргенде жылай береді. ЭЭГ-сында жиілігі 6-9 гЦ альфа ырғағы қалыптасады.
4-6 жас арасыңда баланың сезім және қимыл-қозғалыс аймақтары қалыптасады, ал байланыс және қозғалыс аймақтарының дамуы ересек адамның 80% шамасында. Функциялық жетілуі төмендеу болғандықтан жүйке орталықтарының тежелуі - нашар, қозуы - тез, жайылады (иррадиацияланады): бала тез қозады, әсіресе, ойнағанда; жаман ұйықтайды; ұйықтап жатқанда мазасызданады т.с.с, өзінің көңіл күйіне ие бола алмайды: оның ішкі сезімін көзінен көруге болады. Баланың ЭЭГ-сында жиілігі 8-10 гЦ ересек адамның альфа ырғағы байқалады. Бірақ бұл ырғақ тұрақты емес, арасында 4-7 гЦ жиіліктегі биоток кездеседі.
7-13 жаста ми қыртысының үшінші қабатындағы пирамида тәрізді клеткалары қалыптаспаған, байланыс бөлімінің нейрондары миеленденіп болмаған. Сондықтан ойлау қабілеті, санасы толық жетілмейді. Ойлау қабілеті өлі де болса нақтылы тітіркендіргішке байланысты. Нақтылы жағдайда, нақтылы затқа сәйкес болып келеді. Осы жастардағы баланың сергек кезіндегі ЭЭГ-сында жиілігі 5 гЦ 25 %-дай тета ырғағы байқалады. Оның қозу мен тежелуді жинақтау қабілеті төмен болады, қозуы тежелуден басымырақ болып, оңай тез жойылады. Сондықтан бұл мезгілде баланың белсенді зейіні 7-8 жаста 15-20 минут, 8-10 жаста 20-25 минуттей ғана. Бастауыш сынып оқушылары тез қозады, үзіліс кезінде, түрлі ойындардан кейін тез қозып, ұзаққа дейін тыныштала алмайды. Қозу мен тежелуі әлсіз болғандықтан 45 минут бойы сабақта қозғалмай отыру балалар үшін жүйке жүйесінің көп қызметін қажет етеді. Сондықтан сабақ кезінде мезгіл-мезгіл балалардың еңбегін түрін ауыстырып, тежелуді болдырмауға тырысқан дұрыс.
Жалпы, 7-13 жас арасы баланың ми қыртыс қызметінің бірсыпыра жоғарылаған мерзімі. Бұл кезде ол көңіл-күйін, қимыл-қозғалысын толық бақылауына алады. Сондықтан баланың көзіне қарап, көңіл-күйін білу қиындайды, баланың қимылдары жылдам, ақыл-ойы, ойлау қабілеттері болады. Ойлау қабілеті тікелей сөз әсеріне байланысты дамиды.
13-18 жас арасында ми қыртысының үшінші қабаты толық қалыптасып үлгереді. Дегенмен байланыс бөлімінің миелинденуі әлі аяқталмайды, қыртыстағы нейрондардың серпімділігі әлі де болса төмен, қозу тежелуден басымырақ келеді. Сергек кезіндегі ЭЭГ-сында 10%-дай тета ырғақтары болады. 13-16 жас арасында маңдай бөлімінің дамуы аяқталып, ЭЭГ-сы ересек адамдар дікіндей. Баланың белсенді зейіні 30-40 минуттай. 17-18 жаста ми қыртысының құрылымдық дамуы аяқталады, бірақ қызметінің дамуы одан әрі қарай жалғасады. Көпшілік ғалымдардың мәліметіне қарағанда, ми қыртысының қызметінің дамуы 50-60 жасқа дейін байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет