Биология кафедрасы



бет36/43
Дата06.01.2022
өлшемі0,56 Mb.
#15053
түріСабақ
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   43
Бақылау сұрақтары:

  1. Саңырауқұлақтардың денесі қалай құралған?

  2. Саңырауқұлақтардың жынысты және жыныссыз көбею жолдары қандай?

  3. Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың мицелийінің құрылысы қандай?

  4. Жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтардың мицелийінің құрылысы қандай?

  5. Ашытқы саңырауқұлағының көбею жолдары қандай?

  6. Саңырауқұлағының маңызы қандай?


Лабороториялық сабақ №17
Лабороториялық жұмыстың тақырыбы: Папоротниктер тәрізділер бөлімі
Мақсаты: Папоротниктер тәрізділердің құрылымдық ерекшеліктері, таралуы, жалпы морфологиялық құрылысымен танысу.

Сабаққа қажетті объектілер мен құрал-жабдықтар: Еркек папоротниктің және басқада папоротниктердің гербарийлері.

Жұмыстың орындалу барысы: Қазіргі кезде папоротник тәрізділердің түрлерінің саны 10 мыңнан астам. Папоротник тәрізділердің алуан түрлілігі жағынан, ылғалды тропикалық ормандар ерекше орын алады. Бұл жерлерде папоротниктер топырақта ғана емес, сонымен бірге эпифит ретінде басқа ағаштарлың діндерінде де өседі.

Құрылысы. Ертедегі папоротник тәрізділердің спорофитгері, діндері колона торізді бұтақтанбайтын, радиальды симметриялы агаштар болған. Кейіндеу қоңыржай және салқын континентальды климаттың әсерінен олардың геофиттік өмірге (жер астында өсуге) бейімделген жаңа түрлері пайда болады. Олар өркендері қысқарған, жерге, жайылып өсетін дорзовентральды, қосалкы тамырлары бар шөптесін өсімдіктер. Қазіргі кездегі папоротник тәрізділердің басым көпшілігі көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Папоротник тәрізділердің басқа жоғарғы сатыдағы споралы өсімдіктерден айырмашылығы сол, олар эволюцияның үлкен жапырақты линиясын (мегафилия) береді. Жапырақтары ұзақ уақыттар бойы төбесінен өседі. Мұның өзі жапырақтарды талломдардың жалпайуының нәтижесінде пайда болған деп айтуга негіз болады. Сондықтанда оларды вайялар деп жиі айтады. Көп жағдайда жапырақтар екі кызмет атқкарады фотосинтездік және спора түзу. Кейбір түрлерінде жоғарғы вайялары спора түзуге, ал төменгілері фотосинтезге маманданған болып келеді. Түрлерінің көпшілігі тең споралы, алайда әртүрлі споралы түрлері де кездеседі. Гаметофиті көп жағдайда қос жынысты. Қоңыржай климатгы зоналарда өсетіндерінде ол жүрек тәрізді, тропикалық зонадағы түрлерінде жіп тәрізді, немесе тармақталған пластинка тәрізді. Гаметофит ылғалды жерде өсуге бейімделген. Ұрықтануы сумен байланысты. Гаметофиттері балдыр кезеңіндегі леңгейден озгермей қалып қойған, сондықтанда спорофит құрғақта есетін өсімдік болғанымен папоротник тәрізділер құрлықты басып ала алмаған.

Папоротник тәрізділер көптеген өсімдіктер қауымдастығының әсіресе тропикалық, субтропикалық және солтүстік жалпақ жапырақты ормандардың негізгі компоненттерінің бірі. Олар ашық және жабық грунттарда, сәндік бақтар өсіру үшін ең қажетті өсімдіктер, сонымен бірге дәрі-дәрмек алуға таптырмайтын шикізат. Біздің флорада ең кең таралғаны полиподиопсидтер класы. Кластың жапырақты ормандардың ылғалды, көлеңкелі жерлерінде кең таралған өкіліне еркек папоротник (щитовник мужской — Dryopteris filixmass) жатады. Ол спорофитінің биіктігі 1-метрдей болатын көп жылдық шөптесін өсімдік. Сабағы жер асты тамырсабағы түрінде берілген. Ол қысқа, жуан, қаралау-қоңыр түсті құрылысы айқын байқалатын дорсивентральды болып келеді. Мұндай тамырсабақтар жас жапырақтармен қоршалған, өсу конусынан тұратын, төбе бүршіктерімен аяқталады. Тамырсабақтың үстінде жапырақтардың сабақтары қаптап тұрады, ал астыңғы жағынан қысқа қосалқы тамырлары кетіп жатады.

Жапырақтары ірі, сағақтары қоңыр түсті. Жапырақ жиегі екі рет қауырсынды тілімделген. Жапырақ сегментінің бірінші қатары кезектесіп орналасады, ұштары үшкір болады. Екінші қатарының шеттері иректелген және ұштары доғал болады. Жапырақтың сыртын эпидермис жауып тұрады, оның клеткаларында хлоропластар болады. Жапырақ мезофилі борпылдақ, онда өткізгіш шоқтар орналасқан. Олардың құрылысы тамырсабақтағы өткізгіш шоқтардың құрылысымен бірдей. Жапырақтың астыңғы бетінде, оның екінші қатардығы сегменттерінің орталық жүйкесін бойлай спорангилердің тобы орналасады. Оларды сорустар немесе сорий деп атайды. Спорангилердің формасы жасымықшаға ұқсас. Сорустың үстін жауып тұратын бүйрек формалы жамылғысы-индузий болады. Споралар жетілген соң спорангилары құрғап, жиегіндегі сақина тәрізді қоршар тұрған клеткалары жиырылып, тартылады, нәтижесінде жиегі ашылып споралар сыртқа шашылады. Споралар бүйрек тәрізді, мөлшері бірдей. Спора түзілер кезде мейоз процесі жүреді. Қолайлы жерге түскен спорадан гаметофит (өскінше) пайда болады. Гаметофиттің ені 4 мм, көк-жасыл түсті, жүрек пішінді табақша. Оның астыңғы бетінде табақшаның ойық жеріне жақын архегонийлар , яғни аналық жетіледі, ал ризоидтарға жақын жерде натеридий (аталық ) жетіледі. Антеридий шар тәрзді, оның ішінде спираль тәрізді көп талшықты сперматозоидтар жетіледі. Архегоний құмыры пішінді, оның кеңейген бөлімінде жұмыртқа клеткасы пісіп жетіледі. Ұрықтануы сумен байланысты. Жаңбырлы күндері сперматозоид жұмыртқа клеткасын ұрықтандырады. Ұрықтанған жұмыртқа клеткасынан спорофиттің ұрығы пайда болады, ол бастапқы кезде өскінше есебінен қоректене бастайды. Көп ұзамай жас папоротниктің тамыры сабағы пайда болған соң өз бетінше өмір сүреді. Еркек папоротник тең споралы өкіліне жатады.

Тапсырмалар: 1.Спора түзілу фазасындағы өсімдікті алып, морфологиялық талдауүшін мына схеманы пайдаланады:

-өмірінің ұзақтығы;

-жапырағы: бірдей, спора түзетін жапырақтарының спора түзбейтін жапырақтарынан айырмашылығы болады;


  1. Тамырсабағы:

-жуан немесе жіңішке;

-қысқа немесе ұзын;

-вертикальды немесе горизонтальды;


  1. Жапырағы

-тілімделмеген, тілімделген;

-үшбұрышты, ланцетті, сопақша, жүрекше, т.б.

-жекелей тілімделген, бөлінген саусақ салалы, қауырсынды, бір рет бөлінген, екі рет бөлінген.

-Сегменттерінің формасы: таспалы, ланцетті, сына, жұмыртқа, дөңгелек.



  1. Сории

-орналасуы: жапырақ шетінде, барлық жерінде;

-формасы.

Папоротниктің түрін сипаттап жазады.

2. Бөлме жағдайында өсіп тұрған папоротниктің жапырағының құрылысымен танысу, астынан сорустарды тауып, түсіне және орналасу


тәртібіне зер салып, суретін салу.

3.Сорустардан уақытша препарат дайындап, сорустың көлденең кесіндісінің тұрақты препаратымен салыстырып, көргендерді сурет дәптерге салу.

4.Өскін құрылысы: өсу нүктесі, ризоидтары, антеридий, архегоний құрылысымен танысу, суретін салу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет