Биология кафедрасы



бет43/43
Дата06.01.2022
өлшемі0,56 Mb.
#15053
түріСабақ
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43
Жұмыстың орындалу барысы: Астық тұқымдасы немесе қоңырбастылар (Gramіnedаe, Poaceaе) – дара жарнақты бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер 650-дей туысы, 10 мыңнан аса түрі белгілі. Қазақстанның барлық облыстарына тараған 83 туысы, 418 түрі бар. Астық тұқымдасының тамырлары шашақты келеді, ал сабағы жұмыр, іші қуыс, бунақтармен бөлінген. Кейбіреуінің буын аралықтары жұмсақ ұлпалы

(қант қамысы, жүгері, т.б.). Сабақтарының ұзындығы 1 – 2 см-ден 30 – 40 см-ге дейін, ал жуандығы 0,5 мм-ден 20 – 30 см-ге дейін жетеді. Сабаққа екі қатар кезектесіп орналасқан жапырақтары – жіңішке таспа, қандауыр, жұмыртқа тәрізді. Астық тұқымдасының гүлі көбінесе қос жынысты, кейбіреулері ғана дара жынысты (жүгері) болады. Олардың гүл құрылысы басқа өсімдіктерден өзгеше келеді. Көбіне гүлінің сыртын гүл қабыршағы қоршап тұрады. Бір немесе бірнеше гүлдерден топталған масақшадан – шашақбас, айдар, масақ, собық, сыпыртқы бас, яғни күрделі гүлшоғыры құралады. Астық тұқымдасының көбі жел арқылы тозаңданады. Жемісі – бір тұқымды дәнек, кейде жаңғақша. Жеміс қабығы (қауызы) тұқымға жабысып тұтасып біткен. Астық тұқымдасы түптену түрлеріне байланысты тамыр сабақты, селдір түпті және тығыз түпті болып үш топқа бөлінеді. Тамыр сабақты. Астық тұқымдасының түп өскіндері түптену буынына тік (перпендикуляр) бағытта шығып, өсімдік сабағына қатарласа өседі (бидайық, айрауық, қамыс, т.б.). Селдір түпті астық тұқымдасының түптену буыны топырақ бетіне жақын орналасады (арпабас, сұлыбас). Тығыз түпті астық тұқымдасының түптену буыны топырақ бетінде өседі (бетеге, қау, селдірек).

Астық тұқымдас өсімдіктердің сабағын сабансабақ дейді. Жапырақтары қатар жүйкелі, сабаққа кезектесіп орналасады. Жапырақ негізі өсімдік сабағын қармал, қынап түзеді. Жапырақ алақаны мен қынап аралығында тілше пайда болады. Астық тұқымдастардың гүлдері ұсақ. Олар жинақталып, күрделі гүлшоғыр түзеді. Гүлшоғыры - сыпыртқыгұл, күрделі масақ, собық, шашақ және т. б. Гүлдері көбінесе қосжынысты. Дара жынысты гүлдер тек жүгеріде болады. Гүл негізінде 2 (кейде 3) түссіз жұқа қабыршақ және 2 гүл үлпегі орналасады. Оны гүлсерік нышаны десе де болады. Аталығы - 3. Аналығы - 1. Жемісжапырақшасы 3-еу болып келеді. Аналық аузы қауырсын тәрізді - екі телімді. Жатыны жоғары орналасады. Жемісі - дәнек. Тамыр жүйесі - шашақ тамырлы. Гүлжарғақ гүл құрылысына жатпайды, ол түрі өзгерген жапырақ. Астық тұқымдастардың көпшілігі азықтық өсімдіктер. Бидай, күріш, жүгері, қант қамысы, өзге де өздеріңе таныс өсімдіктерді адам тағамға пайдаланады. Қарабас, бидайық, атқонақ, бетеге, тарбақ, арпабастардың мал- азықтық өсімдіктер екені мәлім. Бамбук, қамыс қағаз өндіруге шикізат ретінде пайдаланылады. Сүректі астық тұқымдастар (бамбук, алып сүрек қамыс) құрылыс материалы ретінде жүмсалады. Қара сұлы, жатаған бидайық, арпабас, қонақ, итқонақтың кейбір түрлері - шектен шыққан арамшөптер.

Сабансабағы сүректеніп кеткен астық тұқым дастар бар. Оңтүстік Америка да өсетін бамбуктың биіктігі 30 м, сабағының жуандығы 20 ем болады. Оңтүстік Азияда өсетін алып сүрекқамыс 40 метрге дейінгі биіктікте есе алады. Бұлардың сапасы ағаштан кем түспейді.



Қоңырбастар тұқымдас тармағы. Масақшасының 2 масақтық қабықшасы болатын көпгүлді немесе біргүлді өсімдіктер. Бұл тұқымдастармағына экономикалық жағынан маңызы зор, тамаққа пайдаланылатын жарма алынатын жөне нан пісіруге қажетті ұн алынатын, сонымен бірге малға азық болатын өсімдіктер жатады.

Бидай туысы (Тгiticum) 19 түрі бар, олардың тек 4-уі ғана табиғи жағдайда белгілі, қалғаңдары мәдени жағдайда өсетін немесе жабайы жағдайға ауысқан өсімдіктер больш келеді. БОР-дьщ территориясында 13 түрі бар, негізінен Грузияда (түрлерінің ең көп кездесетін орталығы, бидайдьщ шыққан жері болуы да мүмкін). Өмірлік формасы – біржылдық – және екіжылдық шөптесін өсімдіктер. Жел арқылы өздігінен және айқас тозаңцанатьш өсімдіктер. Масағы жалғыздан, оның 3-тен 7-ге дейін гүлі болады. Дәндері әдетте 2—3 төменгі гүлдерінен пайда болады. Гүлшоғыры күрделі масақ. Дүниежүзінің ауылшаруашылық өндірісінде негізгі нан өнімдерін беретін дақыл, 4 мыңнан астам сорттары белгілі.

Карабидай туысы (Secale). Оның қоңыржай климатты облыстарда, әсіресе солтүстік ендіктің таулы аудандарында кең таралған 8 түрі бар. БОР-дың флорасында 5 түрі кездеседі, олар негізінен Кавказда шоғырланған. Жабайы қара бидайдың ареалы кең (ТМД-елдерінің европалық бөлігінің оңтүстік және оңтүстік-шығыс аудандарында (Кавказда, Батыс Сібірде, Орта Азияда), ол көпжылдық және біржылдық шөптесін өсімдіктер, масағы екі гүлді, гүлдің төменгі қабықшасының қылтығы болады, дәнінің сыртын түктері айқын қаптап түрады. Мәдени бидайды бір және екіжылдық (күздік) дақыл ретінде БОР-дың европалық бөлігінде, Сібірде себеді; оңтүстік аудаңдарда ол көпжағдайда арамшөп ретінде кездеседі. Күрделі масағының әрбір масақшасыңда 2 жақсы жетілген, және 1 толық жетілмеген гүлі болады. Қарабидай желмен тозаңданатын өсімдік. Оның дәні әрі жіңішке, өрі үзын болады. Қарабидайдың дәнінен алынған ұнның түсі қоңыр болады. Одан қарабидай нанын (ржаной хлеб) пісіреді.

Арпа туысы (Ноrdeum). Туыстың құрамында 26 түр бар, оның 12-сі Қазақстанда кездеседі. Жабайы түрлері Қырымда, Кавказда, Орта Азияда өседі. БОР-дың территориясында, соның ішіңде Қазақстаңда екі түрі көптеп себіледі: қосқатар арпа және кәдімгі арпа.

Арпаның гүл шоғыры күрделі масақ. Масақтың өсінің әрбір кертпегінде 3 біргүдді масақша орналасады. Арпа гүлдеген кезде өздігінен тозаңданады, бірақ әрі ыстық, әрі құрғақ жазда айқас тозаңдануыда мүмкін. Қосқатар арпаның үш масақшадан түратын тобының, тек ортаңғысыңда ғана қосжынысты гүл жөне дән пайда болады, ал кәдімгі арпаның барлық үш масақшасының гүлдері түгелдей гүлдеп дән байлайды. Арпа ерте пісетін дәнді дақыл. Оның дәндерінен арпа жармасын дайындайды және сыра ашытады. Сонымен бірге арпа мал азығы ретінде де пайдалы дақыл, оның дәнімен жылқыны, ірі қарамалды, шошқаны және құстарды семіртеді.



Сұлы туысы (Аvena). Туыстың 33-тей түрі бар, олар негізінен Жерорта теңізі жағалауыңдағы елдерде кең таралған өсімдіктер. БОР-дың территориясында 18 түрі, ал Қазақстанда 7 түрі кездеседі. Оның шашыраңқы болып келетін гүлшоғыры сыпырғы деп аталынады. Сыпырғының бұтақшаларында масақшалар орналасады, олардың әрқайсысында 2—4 гүл бар. Олар өздігінен тозаңданады. Кейбір арамшөп ретінде өсетін түрлері, мысалы қарасүлы (овсюга) дүниежүзінің барлық құрлықтарында кең таралған өсімдік. Сүлы суыққа төзімді дақыл. Мәдени жағдайда егістік

Қоңырбас туысы (Роа). Туыстың қоңыржай және салқын климатты зоналарда өсетін 200-дей түрі бар. БОР-дың территориясында 110 түрі бар, ал Қазақстаңда 38 түрі кездеседі. Олардың кейбіреулері космополиттер. Мал азығы ретінде құнды өсімдіктер. Сондықтанда олардың кейбір ерекше қүндыларын мөдени жағдайда себеді. Мысалы, жуашық қоңырбасын шалғын қоңырбасын көп жерде отырғызады. Жабайы түрлерінен аса құндыларының бірі болып бір жылдық қоңырбас табылады.

Арпабас туысы (Вгоmus). Солтүстік еңдіктің қоңыржай климатты облыстарында кең тараған өсімдіктер. Олар Оңтүстік Америкада және тропикалық елдердің таулы аудандарыңда да өседі. БОР-дың территориясыңда 44 түрі, ал Қазақстанда 20 түрі кездеседі. Гүлшоғыры агрегатты сыпырғы түзеді, олардың масақшалары біршама ірі больш келеді. Мал азығы ретінде аса құңды өсімдіктер. Кейбір түрлері мәдени жағдайда аралас шөптер өсіруге пайдаланылады. Қылтанақсыз арпабас көпжылдық көген-тамырлы өсімдік, ылғалдың аздығына және төменгі температураға шыдамды. Тарақбоз, арпаған құрғақшылық аудаңдарда өсетін біржылдық өсімдік. Шашыраңқы аққылтан, қыздырма үй бидайық, шалғын атконағы тамырсабағы қысқа больш келетін көп жылдық шөптесін өсімдіктер.
Бақылау сұрақтары:

  1. Астықтар тұқымдастардың морфологиялық құрылысы қандай?

  2. Гүлінің, жемісінің құрылысындағы ерекшеліктері қандай?

  3. Тамыры мен жапырағының құрылысындағы ерекшеліктері?

  4. Қандай туыстарға жіктеледі, туыстарының құрылысын сипаттаңыз.

  5. Адам өміріндегі, ауыл-шаруашылығындағы маңызы қандай?






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет