Биологиялық ғылымдарың зерттеу объектісі және қасиеттері бойынша тізімдеңіз


Гормон, рефлекс, нейрон ұғымдарына анықтама беріңіз



бет28/67
Дата15.03.2022
өлшемі2,3 Mb.
#28089
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   67
Гормон, рефлекс, нейрон ұғымдарына анықтама беріңіз.

Гормондар (гр. hormao — қоздырамын, қозғаймын) — эндокринді бездер немесе эндокриндік қызметке қабілетті жекеленген жасушалар бөлетін тым белсенді органикалық биологиялық заттар. Аталмыш бездер мен жасушалардың шығару өзектері болмағандықтан, олар өздері бөлетін гормондарын организмнің ішкі сұйық ортасына (ұлпа сұйығы, қан, лимфа) бөліп шығарады. Гормондар — өзінің химиялық табиғатына байланысты: стероидты гормондарға (жыныс гормондары, бұйрекүсті безі қыртысты заты гормоны), протеиндік және пептидтік гормондарға (гипофиз, қалқанша без, қалқаншамаңы безі, ұйқы безі, бұйрекүсті безінің бозғылт затының гормондары), ал нысандарға әсер ету қызметіне қарай: бірыңғай салалы ет құрылымдары мен бездерге салыстырмалы қысқа мерзім ішінде әсер ететін кинетикалық гормондарға (окситоцин, вазопрессин, адреналин, норадреналин), организмдегі зат алмасу процестерін реттейтін метабоддық гормондарға (тироксин, кальцитонин, паратгормон, инсулин, глюкагон) және жасушалар, ұлпалар мен мүшелердің өсуі мен жетілуін бақылайтын морфогенетикалық гормондарға (соматропты гормон, фолликулды жандандырушы гормон, эстрогендер, тестостерон) бөлінеді.

Рефлекс(лат reflexus — кері қайтарылған, шағылысқан) — ағзаның ішкі немесе сыртқы тітіркендіргіштер әсеріне орталық жүйке жүйесінің қатысуымен қайтаратын жауабы. Рефлекс туралы түсінікті алғаш рет ұсынған француз философы Р.Декарт (1596 — 1650). Ол Рефлексті санаға тәуелсіз, жан әрекетінің нәтижесі деп есептеді. “Рефлекс” терминін жүйке жүйесі физиологиясына чех ғалымы Й.Прохаска (1749 — 1820) енгізді. Бұл ілімді орыс ғалымдары И.М. Сеченов пен И.П. Павлов одан әрі дамытты. Рефлекс дененің белгілі бір бөлігінде орналасқан рецепторлардың тітіркенуінен басталады. Рефлекс тудыратын қозудың жүріп өтетін жолын рефлекс доғасы дейді. Тітіркендіргішке қайтаратын жауабына қарай Рефлекстің бірнеше түрлері бар.

Биологиялық маңызына қарай қоректік, қорғану, бағдарлау Рефлексі, т.б.;

рецепторлардың (сезімтал жүйке ұштары) табиғатына қарай экстеррецептивтік, интеррецептивтік, проприрецептивтік Рефлексі;

нейрондардың орналасуына қарай жұлындық, булбарлық (сопақша ми), диэнцефалдық (аралық ми) Рефлексі болады.

Жүйке жасушалары (нервные клетки, нейроны, нейроциты); (гр. neuron, neurokytos; neuron — жүйке, kytos - жасуша) — жүйке ұлпасының негізгі морфологиялық және қызметтік құрылымдық бөлігі.

Жүйке жасушалары (нейроциттер) — өсінділі жасушалар. Олар нейролеммадан (плазмолемма), нейроплазмадан (цитоплазма), ядродан және жасуша денесінен (перикарион) таралатын өсінділерден құралған. Жүйке жасушаларының нейроплазмасында базофильді түйіршіктер (хроматофильді зат) және нейрофибриллалар болады.

Жүйке жасушаларының өсінділері қызметіне байланысты: дендрит және аксон (нейрит) болып екіге бөлінеді. Нейроциттер дендриттері қозуды сыртқы орта немесе организмнің ішкі орта әсерлерінен, басқа нейроциттерден қабылдап, жүйке толқындарын (импульстерін) нейроцит денесіне, ал аксон — жүйке толқынын нейроцит перикарионынан басқа нейроциттерге немесе орындаушы мүшелерге өткізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет