Бірінші кітап (роман – диалогия)



Pdf көрінісі
бет13/69
Дата28.03.2022
өлшемі2,11 Mb.
#28989
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   69
ЖАЛАҢАШ ҚАСҚЫР

Қасқырдың  жүні  қалың,  киіздей  тығыз.  Қасқырдан  ішік  кигендер

некен-саяқ.  Əркімнің  қолы  жете  бермейді.  Бар  болса  да  жастарға

кигізбейді.  Күйдіріп  жібереді  дейді.  Жас  бозбала,  жігіт-желең  кисе,

əтек  болып  қалатын  көрінеді.  Тұқым  тамырлары  өртеніп  кетеді  екен

де.


Қасқыр жазда түлейді. Киімін ол да жеңілдетеді. Ал қыста қырық

градус  аязыңа  бүлк  етпей  жорта  беретін  көк  бөрің  –  осы.  Аңшылар

оны осы кезде аулайды.

Қасқыр  затын  адамдар  жек  көреді.  Көбі  қорқады,тіптен  бəрі

қорқады. Малын жеп қояды, содан өштеседі. Ал адам мал жемей ме?

Жейді. Оны ешкім күстəналамайды.

Қасқырдың  адамнан  өзгешелігі  –  адам  бəрін  жей  береді.  Шөп-

шаламды да азық қылады. Тіпті бақа-шаян жейтін ел де бар. Ал қасқыр

шөп жей алмайды. Тек емдік үшін өте сирек дəру шөптерді қажағаны

болмаса,  шөп  атаулыны  аузына  алмайды.  Ал  əлдеқалай  ауырса  –  тек

асыл тамырды ғана татады. Өзін-өзі емдемесе, қасқырды кім емдейді?!

Табиғат солай жаратқан.

Қасқыр  тек  етпен  ғана  қоректенеді.  Су  ішеді.  Арақ  ішпейді.  Ол

Құдайдан  шекер  мен  бал  сұрап  жатқан  жоқ.  Ананас  пен  банан  талап

етпейді.  Оның  бəрі  адамдардың  ермегі.  Қасқыр  адамдар  сияқты



тойымсыз, тəуфихсыз емес. Бөрі баласын жұрт: «қорқау, қомағай» деп

ғайбаттайды. Бəрі бекер. Қомағайлық, қорқаулық алдымен адамға тəн.

Құдай  солай  жаратты.  Оған  бөрі  баласы  кінəлі  ме?  Амал  жоқ,  ет

керек, еттен басқа қорегі жоқ.

Қасқырды жамандап жатқандарды көргенде, мен ішімнен:

− Уа, қасиетті киеміз, бұл пенделерді кешіре гөр, – деп отырамын.

Көк  Бөрі  біздің  қасиетті  киеміз  ғой.  Көк  Түрік  заманында  көк

байраққа  алтындап,  Көк  Бөрінің  басын  салып  қояды  екен.  Сол  тегін

деп пе едіңіз?! Тегін емес қой. Қазіргі көк байрағымызға:

− Бөрінің басын салайық, – деп ұсынғанымда, кəдімгідей ақылды,

биік дəрежелі, лауазымды адамдар күлді:

− Ай, осы жазушылар-ай, қайдағы жоқты айтады, – деді. Амал не,

көп айтса, көнесің дағы. Мейлі, келер ұрпақ бізден гөрі парасаттырақ

болса, түзетіп алар.

«Бұл  не  айтпақшы?»  –  дейсіз  ғой.  Айтпағым,  кешегі  əңгіменің

жалғасы. Құдайдың өлшеп берген өмірінің тағы бір күні өтті. Тағы бір

түн келді.

Жоқ-жұтаңдай  тамағымызды  ішіп,  Машан  екеуміз  уқит-суқит,

шала-шарпы  сабаққа  дайындалған  болып,  төсегімізге  жатамыз.  Ерте

жатсаң – түн ұзақ. Ұйықтамай отыра берсек – жермайды жеп қоямыз.

Жермай  іздеп,  Айша  тракторшыларды  жағалап,  жалынып  жүргені.

Қазір трактор да тоқтаған. Дала – аяз. Жатпағанда не істейміз?

Ары тартып, бері тартып, Машан екеуміз бір көрпеге таласып, көз

байлана  бере,  сырыққа  қонақтайтын  тауықтар  сияқты  бір-бірімізді

итерісіп, əйтеуір, бір кезде тынышталамыз:

Машан:


− Апа, – дейді. Айша:


− Ау, жиен бала, – дейді.

− Кешегідей əңгіме айтыңызшы.

− Нені айта берем беталды?

− Иə, кешегі хан жақсы кісі екен ғой.

−  Жақсысы  жақсы  ғой,  –  деді  Айша  күрсініп.  –  Залымдығы  да

жетеді.


− О, не? – Машан басын көтеріп алады. Хан залым дегенге сенгісі

келмеген шығар.

− Ақыры, қоймадың ғой, – деп, Айша ықылассыздау бастайды.

− Кеше сол хан қоңырау таққан еліктерді жақсы көреді екен деп ем

ғой.  Жарықтық  елік  те  бір  ерекше  сұлу  жануар,  əсіресе  лағының

көзінің жəудірегенін көрсең. Хан да сұлуға құмар шығар. Сұлулықты,

əсемдікті, əдеміні сүймеген патша қатыгез, қан-құмар келетін көрінеді.

Содан,  сол  қарауылдар  көздің  қарашығындай  қоритын  еліктің

біреуін  түнде  қасқыр  жеп  кетіпті.  Хан  ордасы  жау  шапқандай

аласапыран.

Қарауыл  қанша  күшті  болса  да,  ормандағы  ағаш  сайын  бір-бір

қарауыл қойса да, тағы бір елік жоғалып кетеді.

Хан қаһарланып:

− Тірідей ұстап əкеліңдер! – деп бұйырады. Нөкерлер:

− Қасқырдың апанын кім біледі? – деп жар салады. Сонда қарадан

біреу тұрып:

− Е, ханның қайын атасы аңшы емес пе? Білсе – сол біледі, – дейді.

Бір көзі ойылған, бір қолы шабылған қайын ата:




− Баяғыда білуші ем, – дейді.

− Білсең – баста, жол көрсет, – дейді нөкерлер.

Арланның  апаны  жайдақ  жерде  болушы  ма  еді,  аңшылар  атқа

қонып, тазыларын жалақтатып, тауға қарай тартады. Керегетастың ар

жағындағы Қорымтасқа жортады.

Семіз  елікті  жарып  жеген  арлан,  əлгі  мол  етті  сіңіріп,  тарғыл

жартастың  астындағы  үңгірінде  ұйықтап  жатса  керек.  Апанына

жақындап қалған аттылардың дүбірін естіп, бір бəленің боларын сезіп,

атып  тұрып,  аттыларға  ызғарлана  бір  қарап  алып,  Қорымға  желе

жортып  жөнеледі.  Аңшылар  қиқулап,  қуып  келеді.  Бірақ  сусыма,

тайғанақ  тастан  аттары  жүре  алмай  қалады.  Енді  арланның  соңына

тазылар түседі. Бүркітшілер қырандарының томағасын сыпырады.

Не керек, бүкіл əлем жиналып жатып, əлгі арланды тірідей ауылға

алып  келіп,  ханның  алдына  тастайды.  Аяқтары  қыл  шылбырмен

матаулы.  Аузын  да  қайыспен  құрсаулап  тастапты.  Ақсия  да  алмайды.

Тек ызадан от тұтанған көздері ғана аласұрады. Керіскедей тұрқы есік

пен төрдей екен. Аяқтары – Нəметқұлдың балғасындай.

−  Қай  балғасы?  –  деймін  шыдай  алмай.  Өйткені  ұстаханада

балғаның түр-түрі барын мен жақсы білемін ғой. – Шеге соғатыны ма,

таға  қағатыны  ма,  жоқ  болмаса  арбаның  дөңгелектеріне  құрсау

соғатыны ма?

− Тыныш жатшы-ей, тақылдамай, – деп, Машан мені шынтағымен

түйіп қалды.

− Ең үлкені, – дейді Айша. – Содан хан айтады:

− Мұның терісін тірідей сыпырыңдар! – дейді.

Хан  айтты  болды.  «Оу,  тақсыр,  қалай  тірідей  сыпырамыз?  –  деп

сұрау  жоқ.  О  кезде  де  неше  түрлі  қасапшылар  бар  шығар.  Тірі

қасқырға пышақ салып, терісін сыпырғанда, əлгі арлан бір қыңқ етпеді




дейді ғой. Тек, шоқ шашқан көздерінен бірер тамшы жас шықса керек.

Не деген жаны сірі десеңші!

Қасқырды  қасапшылар  жалаңаштап,  туырлықтай  терісін  тірідей

сыпырып болған соң, хан:

Енді аузын, аяғын шешіп, қоя беріңдер! – депті.

Хан айтты – бітті.

Арлан  қаны  шыққан  жалаңаш  етіне  шөп-шалам,  қиыршық  тас

жабысып,  орнынан  əрең  тұрды  дейді.  Жанына  жаман  батса  да  артқы

аяқтарымен шоқиып отыра қалып, алдыңғы екі аяғымен жер тipeп, хан

отырған  таққа  қарап  қойып,  содан  соң  қан  толы  көзін  жұмып  алып,

тұмсығын көкке көтеріп, əй бір ұлыды дейді. Адамдардың тұла бойы

қаза болып, шыдай алмай, құлақтарын басты дейді.

Көк  Бөрі  баласы  ит  сияқты  адамға  жарамсақтана  алмайды.  Ол

үрмейді де, қыңсылап жыламайды да. Тек, Көктегі Тəңірге ғана мұңын

шағады.  Соған  ғана  бағынады.  Əйтпесе,  адамдар  қасқырды  асырап,

қолға үйретпек боп талай əуреге түскен. Бірақ одан түк те шықпаған.

Жалаңаш қасқыр жалаң еті дір-дір етіп, безгек қағып, Көкке қарап

зарлана ұлығанда, жұмулы көзден қан тамшылады дейді.

Мұндай  азалы  зарға  шыдай  алмай,  хан  тағынан  тұрып  кетіпті.

Патшаға да шүкіршілік, тəуба керек қой.

Əлде  содан  ба,  əлде  басқа  себептен  бе  –  кім  біледі,  бір  Тəңірден

басқа  ешкім  білмейді.  Əйтеуір,  содан  соң-ақ  əлгі  айбынды  асқақ  хан

билеген  елдің  əлемді  жарқыратқан  Күні  бешінге,  ақшамға  қарай

құлдырай береді деседі.

Ал болды, ұйықтаңдар!

Айша  үндемей  қалды.  «Тағы  айтшы»  деп,  Машан  да  қолқалай

алмады.  Көпке  дейін  ұйқы  да  келмеді.  Əлден  уақыттан  соң,

тереземізден Ай да ауып кетті. Үйдің ішін ап-ауыр, зілдей қараңғылық




басты  да  қалды.  Жайшылықта  шынтақтасып,  тебісіп  жататын  екеуміз

бір-бірімізге  тығыла  түстік.  Құрмаш  пен  Батырхан  екеуі  екі  жақтан

Айшаға жабысып қалған сияқты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет