Бірінші кітап (роман – диалогия)



Pdf көрінісі
бет15/69
Дата28.03.2022
өлшемі2,11 Mb.
#28989
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   69
ҚЫРҒЫЗ АТА

Айша айта беретін Қырғыз атаны да көрдім. Күздің қара суығы еді.

Ұмытпасам,  1942  жыл.  Мен,  бұйыртса,  он  жастамын.  Кəдімгідей

азаматпын. Өйткені Тасбет бригадир маған бала деп қарамайды, ұдайы

жұмысқа  салады.  Мысалы,  жақында  ғана  Жақаш  екеуміз  сүдігер

жырттық.  Əрине,  Жақаш  менен  үлкен,  Əбдімомын  дейтін  əкесі  бар.

Өте  тақуа  кісі,  үлкен  ғұлама  сияқты.  Мұндай  зиялы  адамды  қалай

қамап  қоймағаны  түсініксіз?  Тəуір  киінген,  таза  жүрген,  елдің  көркі

боларлық  адамдардың  бəрі  ұсталып  кетті  ғой.  Адам  сияқты  өз

беделіңді  бекем  ұстап,  басыңды  тік  көтеріп  жүрсең  –  «халық




жауысың»  ғой.  «Халық  жауы»  атанбас  үшін,  алба-жұлбалау,

ақымақтау, өз ойы, өз пайымы жоқ мəңгүрт болуың керек.

Бірді  айтып,  бірге  кетіп  барамын.  Сөйтіп,  біздің  үйге,  көптен  бері

қонақ келмеген үйге, сонау Көксайдан Қырғыз ата келді. Бүкшиіңкіреп

қалған қарт екен. Сақал-мұрты аппақ қудай. Көзінің жиектері қызарып,

жасаурап тұрады екен.

Біздің  бəрімізді  құшақтап,  сүйіп,  «қағылайын,  қағылайын»  деп

жатыр. «Айналайын, айналайын» дегені.

Мұртаза  мен  Əміреқұлдың  туған  əпкесін  алған  жездеміз  осы  кісі.

Тозыңқырап,  əр  жеріне  жамау  түскен  сары  тонын  шешіп,  басында

сондай  тіккен  телпегін  шешіп,  төрге  шығып  отырды.  Айша  құрақ

ұшып қуанып, көрпеше төсеп, жанына жастық тастады.

Айша шыр айналып, қазанға су құйып, ошаққа тезек салып, тынбай

жүр. Аузы да тынбайды. Ананы сұрайды, мынаны сұрайды. Мен біріне

түсініп,  біріне  түсінбеймін.  Менің  міндетім  –  тезірек  самаурынды

қайнату.  Самаурынға  жаңқа  салып,  ағаш  салып,  қолым  тимей

жүргенмен, құлағым бос қой. Құлақ ағаш жармайды, құлақтың міндеті

–  тыңдау.  Қырғыздың  кейбір  сөздеріне  түсінбесем  де  тұспалдаймын.

Түсінгенім:  əскерге  кеткен  Əбдібектен  хабар  жоқ.  Əуелі  Аягөз  деген

жерден бір хат келген екен. Ол Қазақстанның жері көрінеді. Одан соң,

Новосібір  деген  жерден  келіпті.  Содан  кейін,  Мəскеуге  қарай  бет

алдық деген екен, қайтып хабар жоқ.

Менің  сауатым  ашылып  қалған.  Аздап  картаны  да  білемін.

Жиеніміз Əбдібектің жүрген жолы айналма жол. Мəскеуге қырғыздың

Маймағынан  немесе  біздің  Борандыдан  тік  теміржол  бар  емес  пе?

Аягөз, Новосібірді айналғаны түсініксіз. Менің ұғуымша, Аягөзде де,

Новосібірде де соғыс жоқ. Соғыс Мəскеу жақта.

−  Айша  келін  қарағым,  жағдай  ошондай  болып  тұрат,  –  деп

күрсінді Қырғыз ата.

− Е, жезде, бір Құдай өзі жар болсын. Аруақ қолдаса, тірі жүрген

шығар, – деп жұбатқан болды Айша.



Шəй  ішіп  отырмыз.  Дастарқан  жүдеу.  Жарты  таба  нан.  Айша

көзінің  қарашығындай  сандыққа  салып,  сақтап  жүретін  кішкентай

қозы  қарын  майдан  бір  қасық  қана  алып,  мейманның  алдына  қойды.

Оны  менің  көзім  тесіп  барады.  Таба  нанға  май  жағып  жеу  деген  –

арман. Қарындасым мен інім де жетісіп отырған жоқ. Бірақ шыдаймыз.

Айшаның айбарынан қорқамыз.

Қырғыз  ата  наннан  кішкентай-кішкентай  үш  үзіп  сындырып,  оған

май жағады. Құдай тілеуіңді беріп, Əбдібегің аман келгір, Қырғыз ата

əлгі үш үзікті үшеуімізге ұсынады. Арық қолы дірілдейді. Біз Айшаға

қараймыз.  Айша  бізге  қабағын  түйіп,  астыңғы  ернін  жымқырады.

«Алмаңдар» дегені. Өзі:

−  О,  жездеке,  бұлар  тоқ  қой,  əлгінде  ғана  ауқат  ішкен.  Сіз  алыс

жолдан келдіңіз, өзіңіз алыңыз, – дейді.

Қырғыз ата тыңдамай, бізге əлгі асылдарын тықпалап:

− Е, қағылайын, алғыла, – дейді.

Аламыз,  ақырын-ақырын,  аз-аздап  тістеп,  жей  бастаймыз.  О,

дүниеде  бұдан  тəтті  тамақ  бола  қоймас.  Əлде,  Қырғыз  атаның

қолының сиқыры бар ма, мұндай шырын нанды сары алтындай сақтап,

дəмін ұзағырақ татқымыз келеді. Қайран, қозы қарынның майы-ай! Өзі

ешкінің  сүтінен  пісірілген  май,  ақшыл,  сəл  көкшілдеу  ме,  қалай...

Майды  қозы  қарынға  салып,  Айша  оны  қапшықтағы  ұнның  ішіне

тығып, сандыққа салып қояды. Сандықтың кілтін бұрымының ұшына

байлап алады. Сандықтың кілті – Айшаның шашбауы.

ІІІəй  ішіп,  Қырғыз  атамның  көк  есегіне  кəшек  (шөптің  қалдығы)

салайын деп далаға шықсам, бір топ бала темір ұста алдында тұр екен.

−  Бері  кел,  –  деп  шақырды.  Бəрі  де  менен  үлкен,  ересек  балалар.

Айттым ғой, бұл ауылда менімен жасты ешкім жоқ деп. Бір – екеуі бар,

олар арғы жақта, Таласбай бұлақтың басында.

Бардым.  Аталас  ағаларым:  Сейсенбай,  Дүйсенбай,  Боранбай,

Қорғанбай екен.




– Үйлеріңе кім келді? — деді ең үлкені Сейсенбай.

− Қырғыз ата келді, – дедім мен біртүрлі мақтанғандай. Сірə, біздің

үйге  де  мейман  келеді  деп  кісімсінгім  келген  болуы  керек.  Мұртаза

кеткелі бері біздің үйдің есігін ашатын адам сиреді ғой.

− Жездең ғой ол сенің, – дейді Боранбай мысқылдап. – Құлағынан

тартпадың ба?

− Кəрі кісіні де құлағынан тарта ма екен? – деп қарсыласа кетемін.

−  Қарай  гөр  өзін!  Тартпағанда  ше.  Жезде  болған  соң,  құлағынан

тартып ойнайды да, – деп мазақтағандай болды Боранбай.

−  Ей,  былжырама,  –  деп,  ең  үлкеніміз  Сейсенбай  Боранбайды

тыйып  тастады.  –  Сенен  кіші  болса  да  Барсхан  дұрыс  айтады,  кəрі

кісімен де құлағын тартып ойнаушы ма еді, есің дұрыс па өзіңнің?!

Сөйтіп, Сейсенбай менің арқамнан сипалап тұрып:

− Қырғыз атаңның қабында не бар екен? – деді жай ғана.

−  Білмеймін.  Шөп  сияқты  бірдеңе,  –  дедім  мен.  Шынында  да,

Қырғыз ата көк есегінен теңдеген екі қап бірдеңе түсіріп, үйге кіргізіп

қойған.

− Темекі емес пе? – деді Сейсенбай.

− Болса, болар, қаптың аузын ашып көрген жоқпын ғой.

− Ендеше, мə, – деп, Сейсенбай қалтасынан бір уыс асық шығарып

алақаныма сала салды. Байыдым да қалдым. Өзімде бір шүкей де жоқ

еді. Ұдайы ұтылып қала берем.

Бұлар  бұрынғыдай  мен  ұтылғанда  асығымды  қайтарып  бермейтін

болды. Неге екенін білмеймін? Бұрын мұндай емес еді.

Маған  жалынғандай  болып  жүруші  еді.  Əйтеуір,  бəрі  де  айныды.

Кейін-кейін ойласам: Мұртаза «халық жауы» болған екен ғой...




−  Енді,  –  деді  Сейсенбай,  –  қазір  үйіңе  бар  да,  Қырғыз  атаңа  да,

Айшаға  да  көрсетпей,  сол  темекіден  қалтаңа  толтырып  салып,  алып

келе ғой.

Əлгінде  ғана  басымнан  сипап,  бетімнен  сүйіп,  қайта-қайта

аймалаған  атамның  темекісін  қалай  ұрлаймын?  Ұят  қой.  Бірақ  мына

асық...


Екіойлы болып тұрғанымды сезіп Сейсенбай:

− Мə, мынаны ал, – деді. – Қорғасын құйған сақа.

Менің ұтылып қала беретінім: сақам жаман ғой. Қорғасын құйған

сақа! О, ол менің арманым ғой.

Үйге  жүгіріп  барып,  ауыз  тамда  тұрған  қаптың  аузын  шешіп,  қос

қалтама сап-сары темекі жапырақтарын толтыра салып, қаптың аузын

қайтадан  байлап  қойдым.  Темекі  ащы  екен,  түшкіріп-түшкіріп

жібердім. Ішкі есікті ашып, Құрмаш қарады:

− Не істеп жүрсің? – деді қас қылғандай.

−  Аузыңды  жап,  –  деп  жұдырығымды  көрсетіп,  тысқа  атып

шықтым.

Жүгіріп балаларға келдім. Сейсенбай қуанып кетті. Қалтамдағыны

қағып  алды.  Сөйтіп,  төртеуі  газет  жыртып,  соған  темекіні  орап,

шылымды бұрқырата бастады. Маған да сорғызды. Жөтеліп, қақалып

өліп  қала  жаздадым.  Сонда  Сейсенбайдың  інісі  Дүйсенбай  кісілік

айтып, «Барсхан əлі жас қой, неғыласыңдар», – деді.

Ертеңіне  Қырғыз  ата  Борандының  базарына  барып,  темекісін

сатып, оның ақшасына дəсері қап жүгері алыпты. Қайтарда біздің үйге

түсіп, əлгі жүгеріден бір табақтай тастап кетті. Қоштасарда Айша:

− Жездеке-ау, келіп тұрсаңызшы. Мыналар болса шиеттей жас, біз

жалғыз қалдық қой, – деді.



−  Қағылайын,  Айша  келін,  келіп  тұрар  едім,  қартайып  қалдым.

Шамам  жетсе  қарап  жатпаспын,  –  деді  Қырғыз  ата  жиегі  қып-қызыл

көзі жасаурап.

− Медетханды көрсеңіз, бетінен сүйіп қойыңыз, – деп Айша көңілі

босады.

Қырғыз ата көк есекке мініп, Манас тауын бетке алып кете барды.

Мен  Медетханды  көргім  келді.  Ол,  шынында  да,  мына  қиын

заманда  бір  тірек  сияқты  сезілді.  Мен  бір  жасымда  айырылған

алыстағы  туысқан.  Мұртазаның  інісі  Əміреқұлдың  жалғыз  баласы.

Енді  Мұртаза  да  жоқ,  Əміреқұл  да  жоқ.  Мен  көрмеген  Медетхан

қырғыз елінде. Қазақтың баласы қырғызға кетіп адасқан заман.

Қара жолдың үстінде жалғыз қарайған бірте-бірте көрінбей кетті.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет