Бірінші тексеру мерзімі 2025 ж



бет2/3
Дата18.05.2023
өлшемі23,79 Kb.
#94520
1   2   3
МІНЕЗДЕМЕ
Психологиялық-педагогикалық іс-тәжірибесін өту кезінде Мырзабекұлы Ақниет практика міндеттерін толығымен орындады, күн тәртібін қатаң ұстана білді. Күнделікті берілген тапсырмаларды бұлжытпай орындап, жауапкершілікпен атқарды. Өзінің орнықты мінезі мен сыпайылығының арқасында сыныптағы оқушылармен жақсы тіл табысып, орнықты қарым-қатынас құра білді.
Студент қарым-қатынасқа жеңіл түсе алды, мекеме ұжымымен, сыныптағы оқушылармен жеңіл тіл табыса білді. Студенттің жүргізген ашық тәрбие сағаттары талапқа сай жүзеге асырылды. Сынып жетекшімен бірлесе жұмыс жасай білді. Тілепалды өзінің білімімен және коммуникативтік қабілеттерімен, сонымен қатар сыпайылығымен, ұқыптылығымен, салмақтылығымен, тартымдылығымен көзге түсті. Болашақта оқушылардың жан-жақты үйлесімді дамуына қажетті жағдай туғыза білетін, олардың сапалы білім алуына, денсаулықтарының мықты болуына үлкен үлесін қосатын білікті маман болады деп сенем.
Студент-практикант;Мырзабекұлы Ақниет ________________
Қолы
МІНЕЗДЕМЕ

Сынып оқушылары әр түрлі сыныптардан біріккенге қарамастан, бір-бірімен жақсы тіл табыса алады. Ұйымшылдық қасиеттері жоғары, сынып жетекшілерін , жәнеде ұстаздарын сыйлайды, қол ұштарын беруге дайын тұрады. Оқушылардың тәртіптері жақсы, сабақты себепсіз босатпайды.


Сынып оқушыларының сабаққа ынталары өте жақсы. Дене тәрбиесі сабағына қызығушылықпен қатысады. Сонымен қатар музыка өнері, сурет, спорт үйірмелерге де уақыт тауып қатысады. Әр сабаққа белсене ат салысады, топпен біргіп те, жекелей де жарысып берілген тапсырмаларды орындайды. Сыныптың жалпы танымдық бағыты өте жоғары. Сыныпта үздік және дене қуаты жақсы дамыған өз жастарына сай оқушылар саны басым.
Сынып оқушыларының арасында түсінбеушіліктер орын алып көрген жоқ. Сабақта ескерту алған оқушылар болды, кейін өз қателіктерін түзеп, ондай ескертулерге орын бермеді. Оқушыларда бір-бірін бөлу, ренжіту сияқты жаман қылықтар жоқ. Сабақ үстінде бір-біріне көмектесіп, білгендерін үйретіп отырады. Спорт секторы мен тазалық секторлары оқушыларды қадағалап отырады.
Мектепшілік іс-шараларға, қоғамдық жұмыстарғы да сынып барын салып қатысады. Келешекте осы сыныптың оқушыларынан еңбекке қабілетті, мемлекеттің белгілі бір азаматтары, спортшылары шығатынына сенемін.


Студент-практикант ;Мырзабекұлы Ақниет ________________
Қолы




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет