Тапсырма Оқудан тыс уақыттарда оқушылар ұжымымен қандай жұмыстар ұйымдастырар едіңіз. Нақты мысалдар келтіріңіз



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата21.04.2023
өлшемі412,39 Kb.
#85446
  1   2   3   4


Ағымдық тапсырма №3
Тапсырма 1. Оқудан тыс уақыттарда оқушылар ұжымымен қандай 
жұмыстар ұйымдастырар едіңіз. Нақты мысалдар келтіріңіз.
“Қазақстан Республикасының 2023 жылға дейінгі білім беруді 
дамыту тұжырымдамасында” орта білім берудің мақсаты жылдам өзгеріп 
дүние 
жағдайларында 
алынған 
терең 
білімнің, 
кәсіби 
дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін - өзі іске асыруға, өзін-
өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты 
шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру деп көрсеткен. 
Осындай күрделі мақсаттың жүзеге асуы білім берудің 
үздіксіздігін қамтамасыз ету жағдайына байланыстылығын да 
көрсетті. Республикада бұл міндеттердің шешу жолы білім берудің 
қосымша дамыту бағдарламаларында айқындалады. Сондай -ақ “ҚР тәлім 
тәрбие тұжырымдамасында” үздіксіз тәрбиенің негізі – ұлттық тәлім 
тәрбие деп қарастырады. Мұнда әрбір халықтың тәлім-тәрбиелік мұрасы- 
мәдениеттің құнды бөлігі немесе қазақ халқының педагогикалық ой -
пікірлерін бүкіл оқу тәрбие жүйесінің тірегіне айналдыруды көздейді. 
Осыған орай, мектепте оқушыларды тек сыныпта ғана тәрбиелеп 
және қалыптастырып қана қоймай, сыныптан тыс жұмыстарда да тәрбиелеу 
қажеттілігі маңызды болып отыр. 
Оқушылармен сабақтан тыс жүргізілетін тәрбие жұмыстары сабақтан тыс 
немесе сыныптан тыс жұмыс деп аталады. Бұл мұғалім сабақ үстінде жүзеге 
асыратын тәрбие жұмысын толықтыра және тереңдете отырып, ең алдымен 
балалардың таланттары мен қабілеттерін неғұрлым толық ашудың, олардың 
бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын оятудың құралы ретінде қызмет 
атқарады, ол оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың және олардың 
адамгершілік мінез құлыққа жаттығуын ұйымдастырудың формасы болып 
табылады 
Мен оқудан тыс уақыттарда оқушылар ұжымымен бірлесе отырып келесі 
жұмыстарды ұйымдастыратын едім. Мысалы алатын болсақ: оқу-саяхат, топ-
серуен, үйірме, клуб жұмысы, ертеңгілік, ғылыми жұмыстар, іскерлік ойында
р, диспуттар, байқау, көрмелер, олимпиадалар, пәндік апталықтар, онкүндік-
тер, айлықтар т.б. жатады. 
Қызықты 
кісілермен кездесу- өскелең ұрпақты адамгершілікке 
қалыптастырудың маңызды құралы болып келеді. Мұндай кездесулер 
сыныптық немесе жалпымектептік немесе сыныптан тыс жұмыстың басқа 
түрінің құрамында болуы мүмкін. Кіріспе сөзде мұғалім оқушылардың 
қызығушылығын тудыру үшін қонақтардың өмір және қызметі туралы айтуға 
тиіс, ал қорытындыда бүкіл айтқанын жалпылап және қатысқандарға алғыс 
айтылу керек. Іскер ойындары – зерттелетін объектіні немесе оқушылардың 
нақты әрекетін қабылдайтын немесе көз алдына елестету арқылы шешім 


қабылдайтын оқытудың белсенді әдісі. Балалармен іскерлік ойындардың 
сюжеті әдетте күрделі болмайды, ұйымдастушылық семинар түрінде өтуі 
мүмкін. Сыныптан тыс жұмыста ұйымдастырылатын іскерлік ойындар – 
келешегі бар бағыт. 
Менің ойымша қазіргі оқу үрдісінде жеке тұлғаны қалыптастырудағы 
үйірменің рөлі басым. Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың кең 
тараған түрі – үйірме жұмысы деп есептеймін. Мұны ұйымдастыру жүргізу 
үстінде мұғалімің шығармашылық дербестігі айқын көрінеді. Үйірме жұмысы 
алдымен кең тынысты шараларды жүзеге асыруға бағытталуы тиіс, сонда ғана 
ол оқушылардың ынта – ықыласын толық қанағаттандыра алады.
Үйірме жұмысын негізінен теориялық және практикалық бағытта 
жүргізуге болады.Үйірме жұмысын қамтуда оқушылардың ынта ықыласын 
ескеру маңызды мәселе.Мұғалім оқушылардың талаптар мен сұраныстарын 
қанағаттандыра отырып, үйірме мүшелерін ортақ іске жұмылдыруы 
тиіс. Үйірменің жетекшісі алынған тақырыбының үйретушілік және тәрбиелік 
маңызына ерекше мән бергені жөн.
Бастауыш мектеп балаларға белгілі бір білім беріп қана қоймай, оны 
жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас 
қалыптастыру, жағдайларды шынайы түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, 
ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне 
үйретеді. Баланы оқыта отырып, оны шығармашылық бағытта жан-жақты 
дамытады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет