«Біз шыныққан баламыз»



бет4/6
Дата22.05.2023
өлшемі34,66 Kb.
#95775
1   2   3   4   5   6
5. Қол күрес ұлдар
Екі топтан бір-бір бала шығып күш сынасады. Бір рет жыққан бір ұпай беріледі.
6. Секіртпемен секіру қыздар
Әр топ өз тобынан бір ойыншы шығарады. Белгі берілгенде ойыншы бір-бірінен қажықтау тұрып, секіртпемен секіре бастайды. Қайсы топтың ойыншысы бірінші болып тоқтап қалса сол топ жеңілген болып саналады. Бұл ойында ойыншының секіртпемен тоқтамастан секірген саны есептелінеді.
Төрешілер алқасының шешімі бойынша 1,2 орындар анықталып, арнайы мақтау қағазы тапсырылады. Сол сияқты төмендегі арнайы жүлделердің белгіленгені дұрыс.

  1. «Ең үздік» топ басшы

  2. «Ең үздік» ойыншы

Сайыскерлер:
Осылайша жарыс жолын тартамыз,
Біз үйімізге көңілді болып қайтамыз.
Бізді тәрбиелеп шынықтырған
Дене тәрбиесі апайына рахмет айтамыз!
Жүргізіші :
Құрметті көрермен қауым, балалар! Осымен бүгінгі сайысымыз аяқталды. Сайыскерлерімізге қатысқандарыңызға рахмет айтамыз. «Әрқашан деніміз сау,еліміз тыныш болсын!»-деп, бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз. Қош, сау болыңыздар!

Тақырбы: Спорт біздің досымыз
Мақсаты: Спортқа деген қызығушылығын арттыру.
Салауатты өмір салтын ұстауға баулу.
Түрі : Эстафеталық жарыс
Көрнекілігі: түрлі түсті шарлар, доптар, кедергілер, ысқырық.
Ұйымдастыру кезең:

  • Құрметті тәрбиешілер, балалар. «Спорт-біздің досымыз» атты жарысымызға қош келдіңіздер.

  • Көңілді жарысқа Ортаңғы топ балалар қатысады.

Жарысқа қатысушы топтарды ортаға шақырамыз.

  • Ұстанған салауатты өмір салтын.

Жасқанып ешқашанда мойымайтын
Болашақ спортшылар келді ортаға
Қол соғып қарсы алайық және халқым
1-топ: «Сұңқарлар»
2-топ «Қырандар»
Қошеметпен қарсы алайық.
Жарысымызды бастамай бұрын, жарысқа әділ баға беретін әділқазылар алқалармен танысып алайық.
-балабақша меңгерушісі: Бейсебекова Г.Ж.
-балабақша әдіскері: Шаханова Н.М.
-балабақша медбикесі:Сапарбаева Э.Н.
- Спорттық жарысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады.
1-кезең: «Таныстыру».
2-кезең: «Эстафеталық ойын»
Шарты: Доппен кедергілер арасымен жүгіріп, допты қойып,отырып жүгіреді. Екінші балаотырып жүгіріп, допты алып кедергілер арасымен жүгіріп келеді.
3-кезең: «Кенгру»
Шарты : Әр топтан бала шығып кедергілер арасымен секіріп келеді.
4-кезең: «Кедергілер»
Шарты: Кедергілер арасымен қоянша секіріп, матрас үстінде домалап қоянша секіріп жүгіру.
5-кезең: «Баскетбол торына допты лақтыру».
Шарты : Баскетбол добын кедергілер арасынан бір қолмен алып жүгіріп баскетбол торына допты дөп салып, кедергілер арасынан жүгіріп келу.
6-кезең: Калькулатор ойыны:
Шарты: Жүгіріп барып доғадан өтіп, берілген есепті шығарып, доғадан қайта өту.
7-кезең: «Кім шапшаң?»
Шарты : Әр бала кедергілер арасынан оң аяғын бүгіп секіріп, үрленген шарды жару.
8-кезең: «Арқан тартыс»

  • Рахмет балалар, барлық жарыстың кезеңдерін жақсы орындадыңдар.

  • Өнерге биік сенсеңіз

Әділқазы ел сенген
Сайысқа баға беріңіз.
Әділқазылар жарыстың қорытындысын шығарып, жеңімпаз топ анықтағанша «Көңілді ән » сұраймыз.
( Әділқазылар жеңімпаз топты анықтап, марапаттайды.)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет