Бизнес және кәсіпкерлік негіздері



бет3/47
Дата29.12.2022
өлшемі5,81 Mb.
#60147
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
3. ІСІНЕ ЖАУАПСЫЗ КӘСІПКЕРДІҢ ТӘУЕКЕЛДЕРІ. Адамдардың көбі жағдайларға байланысты, заңдарды білмей әрі бизнестің жа-уапкершілігін түсінбей, бизнеспен жауапсыз айналысуға құмар. Төменде ісіне жауапсыз кәсіпкерлердің бірқатар іс-әрекетін келтіреміз:
• несиені төлеу бойынша қарыз алушының міндеттемесін орындамау немесе орындауды лайық деп таппау;
• несиені мақсатсыз қолдану;
• несиені жаппай тұрып тіркелген жеке кәсіпкерлігін жауып тастау;
салықты төлеуден жалтару;
• алаяқтық, қолдарды, мөрлерді, құжаттарды және сату-сатып алу шартын қол-дан жалған жасау;
• жалған кәсіпкерлік. Кәсіпкердің жосықсыз әрекеттерінің бірі несиені төлеуде қарыз алушының міндеттемесін орындамау немесе орындауды лайық деп таппау.

Салық төлеу бойынша тәуекелдер



Ісіне жауапсыз кәсіпкер болмас үшін сізге:
• Барлық заңнамалар, ережелер, нормалар мен Кәсіпкерлік кодексі, Азаматтық кодекс, Әкімшілік кодексі, Салық кодекстері міндеттемелерін орындап, Қазақстан Республикасы Конституциясы аясында қызмет жасау;
• Кредит бойынша берешекті төлеу шартының барлық міндеттемелерін орындау;
• Кредитті толық өтемейінше ЖК-ны жаппау;
• Салықтар мен басқа да міндеттемелерді төлеудің барлық мерзімдерін сақтау;
• Кредитті мақсатқа сай пайдалану;
• Жалған қол қою, мөр, құжаттар мен сатып алу-сату шартын қолдан жасамау;
• Кәсіпті бастағанда маркетингілік зерттеулер мен өнімді өткізу нарығының талдауын пайдаланып, анағұрлым табысты, жоғары пайда әкелетін, сұранысы бар бизнес-идеяларды таңдау;
• Қаржы-заңгерлік сауаттылығыңыздың болуы және өміршең бизнес-жоспар құру қажет. Жоғарыдағыны қорытындылай келе, заңсыз жұмыс жасап, үлкен айыппұл мен өсім төлегенше заңды жұмыс істеген тиімді, заңгерлер айтпақшы, заңды білмеу жа-уапкершіліктен босатпайды.
Бақылау сұрақтары:

  1. Кәсіпкерлік дегенімз не?

  2. Өз ісіңді қалай бастау керек?

3. Кәсіпкер психологиясының негіздері неде?
4. Ісіне жауапсыз кәсіпкердің психологиясы.
5. «Комфорт аймағы» дегеніміз не?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет