Бизнес және кәсіпкерлік негіздері


Дәріс № 1. Бизнес пен кәсіпкерліктің жалпы теориялық негіздері



бет2/47
Дата29.12.2022
өлшемі5,81 Mb.
#60147
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
Дәріс № 1. Бизнес пен кәсіпкерліктің жалпы теориялық негіздері
Мақсаты: Бизнес пен кәсіпкерліктің теориялық негіздерін оқып- үйрену.
Жоспары:
1. Кәсіпкерлікке кіріспе. Өз ісіңді қалай бастау керек?
2. Кәсіпкер психологиясының негіздері.
3. Ісіне жауапсыз кәсіпкердің психологиясы.
Дәрісті өткізу түрі: кіріспе
Тірек ұғымдар: «бизнес», «кәсіпкер», «комфорт аймағы».
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздерін оқытуБ 26 бойынша оқу құралы / «Атамекен» ҰКП. – Астана: «Шаңырақ-Медиа» ЖШС, 2018, – 250 б.
2.Жумагалиева, А.Б. Кәсіпкерлік қызметтің негіздері : Дәрістер кешені. - Рудный: РИИ, 2014. - 51 б.
3.Мұқаев Д.Т. Бизнеске бағыт. – Нұр-Сұлтан, 2020 ж.-204 б


1.КӘСІПКЕРЛІККЕ КІРІСПЕ. ӨЗ ІСІҢДІ ҚАЛАЙ БАСТАУ КЕРЕК? Жеке ісіңізді бастамас бұрын, есіңізде болсын, кәсіпкерлік дегеніміз – мамандық, және де кез келген мамандық сияқты оны күн сайын игеру қажет. Өз ісінің шебері болу үшін көп күш салуыңызға тура келеді. Ең бастысы, қол жеткізген жеріңізде тұрып қалмай, алға қарай жылжи беріңіз!Сіз кәсіпкер ретінде бизнесіңіздің ең маңызды құрамдас бөлігі болып табыласыз, себебі ісіңіздің басқарылуына және жетістікке жетуіне жауап бересіз. Қызметкерлеріңіз бен компанияңыздың қызметіндегі нәтижелер үшін жауапкершілік алатыныңызды есте сақтаңыз. Жеке істі бастау идеясының өзі сіздің өміріңізді, сол сияқты айналаңыздағылардың өмірін де айтарлықтай өзгертуге қабілетті аса маңызды шешіміңіз болып табылады. Аталмыш процесс қиын әрі негізгі уақыттан тыс жұмыс жасауға алып келсе де, тәжірибеңізді байытады. Жеке ісіңіздің жетістігі тұлғалық мінездемеңізге, жағдайға және дағдыларға байланысты болады. Бойыңызда кәсіпкерлік қабілет пен дағдылар қаншалықты көп болса, істің жетістікке жету ықтималдығы соншалықты арта түседі. Қабілет мен дағдылар ерекшеліктері айналысатын қызмет түріне қарай ерекшеленеді. Сіз тұлға ретінде белгілі бір қабілет пен дағдыларға иесіз. Егер белгілі бір дағдылар жетіспейтін болса, онда оларды машықтану немесе сабақ алу арқылы үйре-нуіңізге болады. Сонымен қатар жеке ісіңізге қажет дағдыларды сондай қабілеті бар адамдарды жалдау арқылы алуыңызға болады. Әрі қарай жылжып, кәсіпкерлік қызметтің қыр-сырына кіріспей тұрып, кәсіпкерлікпен айналысу үшін қандай қабілет пен дағдыларыңыз бар екенін талдай кетейік. Оған сізге психологиялық тестілер жұмыс дәптеріндегі «Кәсіпкерлік қабілетті анықтау деңгейі» тестісінен өтіңіз) жәрдем береді. Тәжірибе көрсеткендей, дәл осы тестілеу мынадай сауалдарға жауап беруге мүмкіндік береді:
• Мен перспективалы бастаулардың бастамашысы болып, өз қызметкерлерімді соңымнан ертуге қабілеттімін бе?
• «Кәсіпкерлік қабілетім» қандай деңгейде?
• Ақша ұстай аламын ба? «Ақша жасай» аламын ба?
• Идеяларымды қандай жолмен жүзеге асырамын?
• Табысты кәсіпкерге қандай қабілет қажет? Және тағы басқа.Сонымен бизнесті неден бастаймыз? Бизнесті бастау үшін, ең алдымен, барлық қорқыныш пен үрейді алып тастау керек! Алдыңызға нақты мақсат қойып, соған әрекет етіңіз! Кәсіпкер болу өте тиімді, себебі сіз тәуелсіз боласыз және өз армандарыңыз бен қажеттіліктеріңізді жүзеге асыруға толық мүмкіндіктер ашылады. Сіздің бастапқы мүмкіндіктеріңізге сай жүзеге асырылып жатқан бизнестің дайын идеясын алып, болашақ бәсекелестердің кемшіліктерін анықтап, нарықты талдап, маркетингілік зерттеулер жүргізіңіз. Жеке бизнесті бастауда кәсіпкер мынадай негізгі ережелерді білуі тиіс:
• Ақшаны емес, болашақ ісіңізді ойлаңыз. Жақсы ойластырылған бизнес сізге міндетті түрде табыс әкеледі;
• Табысқа жету үшін мақсат қойыңыз және қиыншылықтарды жеңе біліңіз. Барлық қиындықтар – уақытша құбылыс!
• Табысты идеяны ойлап табыңыз және оны жүзеге асырыңыз!
• Мақсат қойып, әрекет етсеңіз, барлық мүмкіндіктер ашылады!
• Кәсіпкерлік адамнан толық күш-жігерді және жоғары мақсаттарға мән беруді талап етеді. Осыған байланысты өз арманы мен мақсаттарыңыздың аражігін ажырата біліп, қайсысын орындап, ал қайсысынан бас тарту қажеттігін білу қажет. Кез келген адам бизнесті бастамас бұрын, ең алдымен, немен айналысу қажеттігін анықтап алуы қажет. Әдетте, ол адамның кәсібіне байланысты. Алдымен, кәсібі жоқ адамдарға қиын, бірақ осы санаттан да кәсіпкерлер аз емес. Егер таңдау жасалса, оңай болады, бірақ әлбетте, бастапқы капиталды қайдан алуға болады деген сұрақ туындайды. Басты мәселе оны қайдан алу емес, оны қажет мөлшерде уақытылы қайтара алуға деген сенімділігі. Осы сұрақта екі психологиялық мәселе тұр, ол – жауапкершілік пен тәуекелге баруға дайын болу. Егер осыған дайын болсаңыз, онда кәсіпкерлікті меңгеруде тағы бір қадам жасағаныңыз, болмаса, осы сәттен бастап кәсіпкерлікпен қоштасқаныңыз дұрыс. Ең күрделісі – өз клиентін табу және өзіңізге тиімді бағамен тауарды сату мүм-кіндігі. Бұл мүмкіндікті әрқашан қолдану қажет, осыған дағдыланса, сізге таңдау жасауға болады – өз қызметін жалғастыру қажет пе, әлде басқа жоғары деңгейге өту қажет пе? Егер сізде ынта мотивация) болса, өзіңізге сенімді болсаңыз және кәсіп-керлер қатарынан табылуға дайын болсаңыз, онда өз бизнесіңіздің техника-экономикалық негіздемесін құруға дайындалыңыз. Бұл негіздеме болашақ кәсіпкер-лік қызметті жан-жақты қарап, табыс жолында кездесетін қиындықтарды түсінуге көмектеседі. Бизнестің техника-экономикалық негіздемесін жасау үшін кәсіпкерліктің басты құжаты – бизнес-идеяларды, маркетинг жоспарын, қаржылық жоспарлауды және қызметкерлерді жоспарлаудан тұратын бизнес-жоспар құру қажет. Сонымен қатар толыққанды жұмыс істеу үшін меншікті қаражат пен жинақтаулар, отбасы мен туысқандар көмегі, несие, лизинг, гранттардан тұратын бастапқы капиталды іздестіру қажет.
Барлық осы процесс бизнесті дұрыс бастау үшін кезектесіп келетін әрекеттерден тұрады:
1. Өз күші мен мүмкіндіктерін талдау;
2. Бизнес-идеяны қалыптастыру;
3. Болашақ бизнестің жоспарын құру;
4. Өз бизнесін құру туралы шешім қабылдау;
5. Меншік түрін таңдау;
6. Заңды тіркелу. Азаматтардың, оралмандардың және заңды тұлғалардың мүлікті пайдалану, тауарларды өндіру, сату, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету арқылы таза кіріс алуға бағытталған, жекеменшік құқығына жеке кәсіпкерлікке) не шаруашылық жүргізу немесе мемлекеттік кәсіпорынды жедел басқару құқығына мемлекеттік кәсіпкерлікке) негізделген дербес, бастамашыл қызметі кәсіпкерлік болып табылады. Кәсіпкер – өз ісін құрып, тәуекел етуге және эксперимент жасауға дайын, өз өмірін өзгерткісі келетін және көп әрі қажырлы еңбек ететін адам.
Кәсіпкер деп -
• кем дегенде бірнеше коммерциялық операцияны жүзеге асыруда табысқа жеткен;
• өз ісінің орындалуына жеке өзі қатысатын;
• өз ісінің нәтижесіне материалдық жауапкершілікті мойнына алатын;
• істің даму бағытын таңдау кезінде шешім қабылдау құқығына ие болатын;
• өз ісінен алынатын пайданы бөлу құқығы бар адамды айтамыз. Осы нышандардың болуы кәсіпкерлік мәртебесіне қатыстылығы үшін қажет, бірақ өздеріңіз білетіндей, кепілді түрде табысқа ие болу жеткіліксіз.
2.КӘСІПКЕРЛІК ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ. «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, еңбегің мен ақылың екі жақтап» Абай Құнанбаев «Өзіңізді салыстыратын жалғыз адам бар, ол өткен өмірдегі өзіңіз. Жақсы бола алатын жалғыз адамыңыз, ол – қазіргі өзіңіз» Зигмунд Фрейд Бастамашыл кәсіпкерлердің басты назарында оның психологиялық дайындығы мен іс-әрекет етуге дайындығы болуы тиіс. Ол үшін адам: - отбасын өзгерістер қажет екендігіне сендіру; - тұтынушыға сіздің тауарыңыз қызметіңіз) қажет екендігін түсіндіру; - өзіңіздің тәуекелге, өзгерістерге және еңбекке дайын екеніңізді сендіру мүм-кіндігіне ие болу керек. Кәсіпкердің дұрыс философиясын қалыптастыра алатын басты қасиеттерінің бірі – оның өзіне деген және күшіне деген сенімділігі.
Адамның сенімділігі оның жүріс-тұрысынан байқалады, себебі ол:
• өз ойын өзгелерге жеткізе біледі;
• өз сезімі мен әсершілдігін байқата біледі;
• өзінің жеке пікірі бар;
• өзгелерге өзгеше пікірді ұстану құқығын ұсынады;
• белсенді және бастамашыл;
• өз мақсаттарына жетуде табандылық байқатады;
• өз бетінше шешім қабылдай алады. Егер сіз кейбір қасиеттердің бойыңызда жоқ екендігін немесе толықтыру қажеттігін сезінсеңіз, онда асығыс шешім қабылдамаңыз. Алдымен, бизнесіңізге және өміріңізді өзгертуге не кедергі екенін түсініп алу керек. Біздің күнделікті өмір сүру тәсіліміз қандай себептерге байланысты? Біздің қаржылық жағдайымызға ма немесе өмірге деген көзқарасымызға ма? Қалыптасқан тәртіпті өзгертудің жалғыз жолы – адамның өзінің көзқарасын өзгерту.Өзгерістерге әкелетін екі себеп бар:
- біріншісі – шабыт;
- екіншісі – күйзеліс. Өзгерістер үнемі болып жатады, бірақ қандай себептен өзгеруімізді біз өзіміз таңдаймыз. Адамның жеке философиясы қалай қалыптасады? Басында оған біздің айналамыздағы ата-аналарымыз, бауырларымыз, қарындастарымыз...) адамдар әсер етеді, кейін оған балабақша, мектеп, достар, институт және т.с.с. әсер етеді. Біздің «жеке қолданатын бағдарламамыз» дұрыс ақпаратпен камтылған болса ғана дұрыс шешім қабылдай аламыз. Керісінше болса, шындық пен өтіріктің айырмашылығына жете алмай қаламыз да көп қателікке жол беріп, бұрыс шешімдердің нәтижелерімен күресуімізге тура келеді. Жеке философияның қалыптасуы үшін «комфорт аймағы» секілді ұғымды түсінуіміз қажет. Комфорт аймағы дегеніміз не?- Ол қажет пе? - Ол жақсы ма, әлде жаман ба? Барлығы да адамның мүмкіншілік шегіне байланысты. «Комфорт аймағы» әдемі естілгенімен, бірақ егер адам өз комфорт аймағынан шыға алмаса, оның өз өмірін өзгертуге және жақсартуға құлшынысы жоғалады. Ол өзінің ішкі шектеулерін жеңіп, «комфорт аймағы» шекарасынан шығып үйренбесе, осы жағдай жалғаса береді. «Комфорт аймағы» дегеніміз – адамның шектелген өмірлік шекарасы, сонымен қатар үйреншікті өмір сүру ұстанымы. «Комфорт аймағында» өмір сүретін адамда өз-өзін жетілдіруге, өз мүмкін-шілігін, білімі мен дағдыларын пайдалана отырып, белсенді іс-қимылдар жасауға құлшынысы болмайды. Бұл өз кезегінде, адам санасының дамымай регрессияға ұшырауына әкеліп соғады. Әрдайым күйзелісті жағдайда болу да жаман.
«Комфорт аймағында» біз күш жинаймыз, бірақ біз «комфорт аймағынан» шыққанда ғана дами аламыз.Өз ісімізді бастауға не кедергі?
- Қаржы тапшылығы
- Жеке қорқыныштар
- Мотивацияның төмендігі. Қорқыныштарды жою үшін белгісіз нәрселерді белгіліге айналдыру керек. Бизнеске қатысты қорқыныштарды жою үшін ұсыныстар:
- Өзіңізге ұнайтын бизнесті таңдаңыз;
- Білімді болыңыз;
- Сізді шабыттандыратын адамдармен араласыңыз;
- Тайм-менеджмент құралдарын қолданыңыз;
- Бизнес-жоспарыңызды жасаңыз;
- Табысты болуға сеніңіз! Әрине, кәсіпкердің әмбебап бейнесі болмайды. Қашан да жеңіске алып келетін немесе түбінде сәтсіздікпен аяқталатын стратегиялар болмайды. Психологтердің ойынша, табысты кәсіпкерлердің көпшілігінің мінезінде, тем-пераментінде, шыққан тегінде, адамның өсіп-жетілген жағдайында, сана түрткісінің ерекшеліктерінде ортақ бір дүние бар. Түрлі психологиялық мектептер адамның өз ісін ұйымдастыруға деген қабілетін зерттеген. Мысалы, темперамент адамның энергетикалық мүмкіндіктерін қалыптастыратын мінездің физиологиялық негізі ретінде: холерик идеяға жылдам құмартуы мүмкін, бірақ істі соңына жеткізбейді, ал меланхоликтің еңбекке қабілеттілігі төмен болғандықтан, жетістікке жетуге деген мүмкіндігі аз. Көптеген психологтердің пікірінше, стандарттан тыс шығармашылық ойлау, шешендік, математикалық қабілеттер жақсы қызмет етеді. Психологтер сіздің кәсіпкерлік қабілетіңізге әсерін тигізетін тағы бір маңызды фактор қоршаған ортаңыз деп санайды, яғни өмір мән-жайының сонау басынан бастап бүгінгі сәтке дейін тұлғаны қалыптастыру. Мысалы, зерттеулердің бірі еркін мамандыққа ие, фриланспен айналысқан ата-аналардың балалары табысты бизнес құрғанын көрсеткен. Психологтер бизнесмендердің шынайы өмірдегі жүріс-тұры-сын: барлық жаңалыққа деген алғырлық, сынға ашықтық, ойлау және мақсатқа лайық әрекет етуін зерттеген.Бизнес-ойлау мен балық аулаушыны не байланыстыратынын білейік.Жақсы балықшы бар және жаман балық аулаушы бар. Жақсы балықшы балық ауламай тұрып не істейді?
• Теңіздің өзін және теңізде құстар көп ұшқан жерде балық болатындықтан, құстардың ұшып келу мен ұшып кету кезеңін зерттейді;
• Жергілікті балықшылардан сол жерде қандай балықтар бар екенін сұрап біледі;
• Сол теңізде кездесетін балыққа арналған қармақ пен балықтың тамағын ал-дын ала дайындайды;
• Жақсы балықшы күте біледі ақсы балықшы күте біледі. Ол қармақпен бір сағат, екі сағат, күні бойы оты-рады, бәрібір өзінің балығын аулайды.
Жаман балықшы не істейді? Ол, керісінше, шыдамсыз болып, тіпті балық ауламай кетіп қалуы да мүмкін. Мінеки, бизнесте де жақсы балықшы секілді шыдамдылық, біліктілік пен дағды қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет