Бизнес және кәсіпкерлік негіздері



бет7/47
Дата29.12.2022
өлшемі5,81 Mb.
#60147
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   47
Бақылау сұрақтары:



Дәріс №3. Кәсіпкерлік мотивтері
Мақсаты: Мотив және кәсіпкерлік мотивтері жайлы мәліметтерді оқып-үйрену.
Жоспары:

  1. Мотив және мотивация ұғымы.
  2. Cупер кәсіпкер қалай пайда болады?


  3. Кедейліктен миллиардерлікке

  4. Ой түйсік мәселесі. 

  5. Саланы таңдау мәселесі

  6. Бастапқы капитал ақша салымы) мәселесі

  7. Мақсат мәселесі

  8. Хабарыңыз бар ұсақ-түйектен немесе шағын нәрседен бастау мәселесі

Дәріс өткізу түрі: Визуальды
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздерін оқытуБ 26 бойынша оқу құралы / «Атамекен» ҰКП. – Астана: «Шаңырақ-Медиа» ЖШС, 2018, – 250 б.
2.Жумагалиева, А.Б. Кәсіпкерлік қызметтің негіздері : Дәрістер кешені

Мотив дегеніміз – адамның түрлі дәрежедегі саналы және астарсанадағы қажеттіліктер жүйесінен туындайтын, белгілі әрекет-қылық актісін орындауға бағытталған итермелеуші күш түрткі)


Мотивация туралы ұғым әрекет-қылықты сипаттауда емес, оның себебін түсіндіруде анықталады. Бұл “неге?”, “неліктен?”, “не үшін?” деген сұрақтарға жауап іздеуде анықталады.
Мотивация терминімен қазіргі психологияда екі психикалық құбылысты белгілеуге болады:

  • индивидтің белсенділігін тудыратын, олардың сиптын анықтайтын қозғаушы күштердің жиынтығы;

  • әрекет-қылық деңгейін белгілі деңгейде ұстап тұратын процесс.

Сондықтан, әрекет-қылықтың ішкі және сыртқы детерминацияларының аналогы ретінде диспозициялы және ситуациялы мотивациялар қарастырылады. Мотивациялардың бұл формалары өзара тығыз байланыста.
Мотивация әрекеттің мақсатты бағыттылығын түсіндіреді, біртұтас іс-әрекеттің белгілі мақсатқа бағытталған тұрақтылығы мен ұйымдастырылу деңгейімен анықталады.
Мотив мотивацияға қарағанда белгілі әрекетке итермелейтін тұлғаның өзіндік жеке тұрақты қасиеті болып табылады. Сонымен қатар, мотивті көптеген диспозияларды біріктіретін жалпы ұғым ретінде қарастыруға болады. Олар: қажеттіліктер, қызығушылық, мақсат, тілек, олардың икемділігі, көлемі және т.б. Диспозициялардың ішінде неғұрлым маңызды болып қажеттілік табылады.
Адамның әрекет-қылығыда өзара тығыз байланысты қозғаушы және реттеуші жақтар бар. Адамның кез-келген әрекетінің түбінде оны бағыттаушы, жандандырушы нақты тілек-мақсат қажеттілік. жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет