Бизнес-ойлау психологиясы


-тапсырма Енді өз идеяларыңызды нарықтық тұрақтылық тұрғысынан талдап, оларға тиісті ұпай қойыңыз. № 4 Критерий. Бағалау жеңілдігі



бет21/188
Дата25.11.2023
өлшемі1,19 Mb.
#127942
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   188
4-тапсырма
Енді өз идеяларыңызды нарықтық тұрақтылық тұрғысынан талдап, оларға тиісті ұпай қойыңыз.
4 Критерий. Бағалау жеңілдігі

Сіздің идеяңыздың жұмыс істейтіндігін анықтау қаншалықты оңай?


Сіз идея ойлап таптыңыз, бірақ сіз оны қалай жүзеге асыруға болатынын білесіз бе? Сіз өз идеяңызды іске асыру үшін қандай нақты қадамдар жасау керектігін білесіз бе?
Егер сіз жануарларды жақсы көретін болсаңыз және оған іргесінде аумағы бар кең жеке үйіңіз болса, онда үй иелері демалысқа немесе іссапарға кеткенде өздерінің үй жануарларын тапсыратын үй жануарларға арналған қонақ үй ашу үшін үйіңізге қандай өзгерістер жасау керектігін елестету өте оңай. Сіз вольерге арналған аумақты қоршайсыз, итаяқ сатып аласыз, қонақ үйдің тұрғындарына арналған азықты сақтайтын қосымша тоңазытқыш, қажетті дәрі-дәрмек және т.б. сатып аласыз. Мұндай идеяны жүзеге асырудың жеңілдігі тұрғысынан 10 балл қоюға болады. Егер сіз жаңа буындағы зымыран қозғалтқыштарын өндіру туралы ойласаңыз, мұндай идеяның балы – 0 болады, өйткені сіз оны іске асыру үшін қажетті нақты қадамдарды атап көрсете алмайсыз.


5-тапсырма
Жүзеге асыру үшін нақты қадамдарды сипаттаудың қаншалықты оңай екеніне негізделе отырып, өз идеяларыңызға 1-ден 10-ға дейін ұпай қойыңыз.
5 Критерий. Артықшылықтары

Бәсекелестермен салыстырғанда сізде қандай да бір артықшылықтар бар ма?


Мысалы, сіз жиһаз жасайтын шеберхана ашқалы жатырсыз. Сізде аулада гараж немесе уақытша баспана бар, сіз алғашқыда жұмысты өз аулаңызда бастай аласыз және үй-жай жалдауға қаражат жұмсамайсыз. Бұл сіздің бәсекелестік артықшылығыңыз.
Егер сіз видео ойындарды әзірлеу бойынша бизнес ашқыңыз келсе, осыған сай өзіңіз тәжірибелі ойыншы болсаңыз немесе тіпті бірнеше ойындарды өз бетінше жазған болсаңыз, тіпті видео ойындарды әзірлеушілер байқауын жеңіп алсаңыз, осы мәселедегі сіздің біліміңіз бен құзыреттіліктеріңіз - сіздің бәсекелестік артықшылығыңыз.
Сіздің анаңыз балабақшада тәрбиеші болып істейді Оның құрбыларының арасында жеке меншік және мемлекеттік балабақшаларда жұмыс істейтін басқа да көптеген тәрбиешілер бар. Егер сіз өзіңіздің жеке балабақшаңызды ашқыңыз келсе, онда сіздің бәсекелестік артықшылығыңыз – барлық осы тәрбиешілердің байланыстары, олардың арасында сіз үздіктерді таңдап, оларға сізге ауысу үшін неғұрлым тиімді жұмыс шарттарын ұсына аласыз.


6-тапсырма
Сіздің бәсекелестеріңізбен салыстырғанда қанша және қандай бәсекелік артықшылықтарға ие болғаныңызға байланысты бизнес-идеяңызға 1-ден 10-ға дейін балл қойыңыз.


7-тапсырма
Енді сіз әрбір бизнес-идеяңыз үшін әрбір критерийге қойылған ұпайларды қосуыңыз керек. Сізде шамамен мынадай кесте шығады.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет