Өткен сабақта біз бизнес ресурстары дегеніміз не, олар қандай болады және олардың әрқайсының ерекшеліктері неде болатындығы туралы айттық. Біз ресурстар туралы айтуды жалғастырамыз, бірақ ең алдымен бизнеске ол идеядан шынайылыққа айналатындай оның негізін қалаушы қабылдауға тиісті қатарлардың жүйелілігі сияқты қараймыз.
Бизнестің әрбір белгілі тауашасы үшін өзінің салалық ресурстары қажет. Олар программист, тіс дәрігері немесе мұғалім үшін әртүрлі болады. Бірақ, дегемен, біз оларға бірыңғай жіктелім жасаймыз. Осыны істеп көрейік.
Жалпы ресурстар – бұл біз қандайда-болмасын шеткі нәтижені алу үшін бизнес-процестерді орындау барысында көмектесетін, нысандар (материалдық немесе материалдық емес) тізбесі.
Қолайлы болу үшін өткен сабақта біз оларды бес санатқа бөлгеміз:
ақпараттық (құжаттар, файлдар, деректер, программалық қамтамасыз ету және т.б.);
қаржылық (қолма-қол ақша, есептік шоттағы қаражаттар, инвестициялар, қарыздар және т.б.);
материалдық (шикізат, матреиалдар, жабдық және т.б.);
кадрлық (персонал);
Ресурстар тізімін жасай отырып, неғұрлым көп нұсқаларды көрсету керек. Әрбір осындай нұсқа – сіздің мамандығыңыз бойынша бизнес үшін гипотеза. Гипотезалар көп болса, бизнес табысты болады. Өйткені, егер бір гипотеза өзін ақтамаса, келесіге өтуге болады. Егер гипотеза тек бір ғана болса, ол сәтсіз болған жағдайда кәсіпкер өзін тығырыққа тірелгендей сезінеді және даму тоқтайды.
2. ӨЗ БЕТІНШЕ ЖҰМЫС ІСТЕУГЕ АРНАЛҒАН ТАПСЫРМА
1-тапсырма
Сіздердің әрқайсыңыз оқып жатқан бір мамандықты таңдадыңыздар. Сіз оқуды аяқтап, өз бизнесіңізді ашайын деп жатырсыз деп елестетіңіз. Біреу өзінің балабақшасын, біреу – курстар немесе ивент-агенттік, өз шеберханасын, нотариалдық кеңсе, ветеринар клиникасын, стоматологиялық кабинет, дәріхана немесе оптика, дүкен, дизайнер агенттігін ашады, өзінің музыкалық тобын, киім немесе әшекейлер брендін және т.б. жасайды.
Осы тауашалар үшін өз ресурстары қажет болады.
Енді сіз төменде ұсынылған ресурстың әрбір типі үшін сауалнаманы алып, нақты сіздің мамандығыңыге рналған әрбір сұраққа толық жауап беруге тиіссіз. Сіздің жауаптарыңыз қаншалықты толық және нақты көрінсе – соншалықты жақсы.