Бизнес-ойлау психологиясы



бет111/188
Дата24.07.2022
өлшемі4,9 Mb.
#37886
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   188
Байланысты:
МУ Основы пред-ва 03102019 каз

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ІРІКТЕУ

  • Математикада Фибоначчи қатары деп аталатын сандар тізбегі бар: 1, 1, 2, 3, 5, 8, 13 Мұнда әрбір келесі сан - алдыңғы екеуінің қосындысы. Фибоначчи қояндардың көбеюін сипаттау үшін осы қатарды қолданды, бірақ оны стартап қызметкерлерін сипаттау үшін де қолдануға болады.

  • 1 + 1 = 2: өнім және ресурстар. Біз стартап командасын құру туралы сөз еткенде Стив Джобс және Стив Возняктың тарихы туралы әңгімеледік. Мұнда Билл Гейтс пен Пол Аллен, Джордж Мартин мен Джон Ленонның, Ілияс Исатаев пен Мирас Ибраимовтың (А2 супермаркеттер желісінің, Crossfit Astana, Crossfit Alatau, Invictus және Shoreditch және "Лепим и варим" мейрамханалары желісінің негізін қалаушылар) командаларын жатқызуға болады. Бұл тарихтарда екі үлгі анық байқалады: оны құрумен айналысатын және белгілі бір саладағы сарапшы болып табылатын өнім авторы; және сату, кездесу, байланыс орнату жұмыстарымен айналысатын адам.

  • Мұндай байламдардың мысалдары музыкант және продюсер, автомобиль конструкторы және олардың сатушысы, оқытушы және мектеп иесі, доктор және клиника басшысы болуы мүмкін. Бірі тамаша өнім жасайды, екіншісі біріншісі сүйікті іспен айналысып, ұсақ-түйекке алаңдамау үшін оны нарықпен, сатылыммен және барлық ресурстармен қамтамасыз етеді.

  • 1 + 2 = 3: өнім, ресурстар және процестер. Екі адамнан тұратын команда — ең аз. Ол іске қосуға және алғашқы сатуға қабілетті, бірақ күн сайын және тұрақты жұмыс істей алмайды. Командада операциялық қызметпен айналысатын, барлығын жүйелейтін және баптайтын адам пайда болғанша. Дәл осы комбинация MVT (minimum vailable team) — жобаның ең аз өміршең командасы деп аталады. Команданың үшінші мүшесі контентті, дизайнды, email-маркетингті, жарнамалық науқандарды басқаруды, қолдауды, логистиканы, жеткізуді өзіне алады.

  • 2 + 3 = 5: басқару, өндіріс, сату, логистика, қаржы. Келесі тұрақты комбинация - 5 адам. Бұған дейін продюсер стартаптың дамуымен, жаңа клиенттерді іздеумен және сатумен айналысты. Енді ол сату мен қаржыны жаңа қызметкерлергебере отырып, тек басқаруға көшеді. Осы сәтте компанияда есеп жүргізу, талдау, бухгалтерия, төлемдер, шығындарды бақылау қажеттілігі өседі — бұл рөлге экономист/қаржыгер/талдаушы табылады.

  • Нәтижесінде, команда мына түрге ие болады:

  • басқарушы: команда таңдау, қаржы, инвесторларды іздеу, бизнестің негізгі көрсеткіштерін қадағалау, бизнесті дамыту;

  • сатушы: сату;

  • маркетолог: маркетинг бизнеске байланысты, осы және алдыңғы рөлді бір адам немесе екі түрлі адам ойнайды;

  • сарапшы: өнімді әзірлеу және тестілеу;

  • әкімші: қаржы, оларды бақылау және есепке алу, бухгалтерия;

  • менеджер: контент, пайдаланушыларды қолдау, логистика, жеткізу.

  • Егер командада 2 адам болса, компанияда алғашқы сату пайда болады. Егер 3 адам болса, сату саны 100 дейін артады: бұл нарық пен өнім туралы қорытынды жасап, компания штатын ұлғайту үшін жеткілікті. 5 қызметкер жағдайында иерархия пайда болады және компания өсе бастайды. 8-13 қызметкер кезінде иерархияның екінші деңгейі пайда болады, бірақ компания әлі "отбасы ретінде" - барлығы бір-бірімен қарым-қатынас жасайды. 21-34 қызметкер кезінде бөлімдер құрылады және барлығымен тікелей қарым-қатынас тоқтатылады.



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет