Бизнес-ойлау психологиясы



бет161/188
Дата24.07.2022
өлшемі4,9 Mb.
#37886
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   188
Ойлау икемділігі. Қиын жағдайлар туындағанда, аудитория тарапынан қитұрқы сұрақтар қойылғанда және мінезі қиын тыңдаушылар болған кездегі келеңсіздіктерден шешен адамның ойлау икемділігіне байланысты оңай құтылуға болады.

  • Сөздік қор. Кейде шешен адамда жоғарыда көрсетілген қасиеттердің барлығы болса да, сөздік қорының болмауы немесе оның тым жұтаңдығы оны ыңғайсыз жағдайда қалдыруы мүмкін.

    • 2. КӨПШІЛІК АЛДЫНДА СӨЗ СӨЙЛЕУ ДАҒДЫЛАРЫ БОЙЫНША ЖАТТЫҒУ

    • 1. Қатысушыларды 4 адамнан тұратын шағын топтарға бөлеміз, онда бір қатысушы өзінің шағын тобының алдында 2 минут ішінде өз презентациясымен сөз сөйлеуі тиіс.

    • 2. Содан кейін қалған оқушылар жоғарыда көрсетілген критерийлер бойынша кері байланыс орнатуы тиіс. Кері байланыс тек сыртқы көрінісіне ғана емес, сонымен қатар өткен сабаққа сәйкес мазмұнға да қатысты екенін есте сақтаймыз. Кері байланысқа 2 минут беріледі. Алдымен шешенді көпшілік алдында сөйлеген сөздеріндегі "мықты тұстары" үшін мақтап, одан кейін "нені шыңдау керек?" екенін айту керек. Ешқандай жағдайда "ұнамайтын нәрсені" емес, "нені шыңдау керек" екендігін айтқан дұрыс.

    1. Жаттығу тренердің сигналы бойынша басталады және тренердің сигналы бойынша аяқталады. Сондықтан әрбір қатысушы регламенттен шықпаауға тырысады.

    2. Бұл критерийлердің міндетті емес екендігіне қатысушылардың назарын аударыңыздар. Әрине, бұл параметрлер көпшілік алдында сөйлеу сапасын жақсартады, бірақ әрбір спикердің даралығы жайында да ұмытпау керек. Аудитория спикердің кейбір кемшіліктеріне кешіріммен қарайды, себебі оның өзінің артықшылықтары бар немесе оны мұқият әрі рақаттанып тыңдауға итермелейтін бір ерекшелігі бар. Ол үшін аудитория шешеннің сол ерекшелігін көру керек. Сол ерекшелігін кейіннен танымал спикер болуы үшін шыңдауы қажет.

    3. Жоғарыда көрсетілген бағалау критерийлері, әсіресе, адам өте нашар сөйлеген жағдайда қажет. Спикердің сөзін бағалау кезінде бағалауға болатын ең болмағанда базалық параметрлерді білу керек. Келешекте, базалық параметрлер адам үшін нормаға айналғанда, ол аудиторияның алдында сөйз сөйлеудің өзіндік жеке стилін таба алады.

    • 1-тапсырма.

    • Жаттығудың қорытындысы бойынша өзіңіздің тұжырымдарыңыз, бақылауларыңыз, түсініктемелеріңіз және жаңалықтарыңызбен бөлісіңіз


    • 2-тапсырма.

    • Мына сұрақтарға жауап беріңіз:

    • * "Спикердің мықты тұстарын" табу оңай болды ма немесе бірден "несі дұрыс емес"деп айттқыңыз келді ме?

    • * Кері байланысты нақты тұжырымдай алды ма?

    • * Өзі туралы және өзінің шешендік дағдылары туралы кім жаңа нәрсе білді?




    • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   188




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет