Гимнастика туралы мәлімет, гимнастика сабағындағы қауіпсіздік ережелері



Дата06.01.2022
өлшемі15,06 Kb.
#13429
Байланысты:
gimnastika-turaly-mlmet-gimnastika-sabaynday-aupszdk-erezheler-ysy-universiada-2017




Гимнастика туралы мәлімет, гимнастика сабағындағы қауіпсіздік ережелері

Еңбек қызметі мен дене даярлығын жетілдірудегі гимнастиканың маңызы өте зор. Қозғалыс іскерліктері мен дағдылары, сонымен бірге гимнастиканың әр түрлі құралдары арқылы дамытылатын дене және моральдық ерік қасиеттері адамның күнделікті іс – әрекетінде кең қолдау табады. Гимнастика сабағында тепе- теңдік сақтау дене мүшелерінің, буындардың қозғалмалылығының, қозғалыстың, күштің үйлесімділігінің дамып- жетілуіне, еңбек және әскери қызметтің кез – келген түрінде кәсіби шеберлікті табысты меңгеруге көмектеседі. Гимнастика жаңа қозғалыс дағдыларын жылдам меңгеру қабілеттілігі секілді қасиеттерді дамытады. Жаңа гимнастикалық даярлығы бар адам күрделі кәсіби қимылдарды жеңіл меңгереді. Денсаулық пен жұмыс қабілеттілігін арттыратын таңертеңгілік жаттығуларды жүйелі орындаудағы қимылдың дәлдігі олардың орындалу сапасын жақсартады, әрбір қимыл үнемді және мақсатты болады.



Гимнастика шаршау сезімін жоюға, көңіл күйді, ақыл ой және дене жұмыс қабілеттілігін арттыруға, адамның сергек жүруіне көмектеседі.

Гимнастика сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері

  • Денені қыздырып алмай күрделі жаттығуларды орындауға болмайды;

  • Гимнастикалық құрал – жабдықтарда тек қана мұғалімнің көмегімен жаттығу керек;

  • Жүгіріп келіп секіретін жолда және секіріп түсетін орында тұруға болмайды;

  • Секіріп түсетін орынға гимнастикалық төсеніш төсеу қажет;

  • Спорт жабдықтарынан (ат бөрене, гимнастикалық қабырға) секіргенде, жерге міндетті түрде екі аяқпен түсу керек;

  • Бірінің артынан бірі жүгіріп келе жатқан кезде және жаттығу орындау барысында арақашықтық қатаң сақталсын;

  • Гимнастикалық құрал – жабдықтардың қолдануға жарамдылығын анықтап алу қажеттілігін ұмытуға болмайды. Құрал – жабдықтардың таза болуын, тот баспауын қадағалап отыру керек. Снарядтардың бекітілуі мұқият тексерілсін.

  • Арқан бойымен жоғарыдан төмен түскенде, екі қолмен кезек ұстап, екі аяқпен демеп, асықпай түсу керек.

  • Гимнастика сабағында міндетті түрде арнаулы киім кию қажет екенін ұмытуға болмайды;

  • Гимнастикалық таяқшамен немесе секіртпемен жаттығу орындағанда, оларды жақын тұрған балаларға тигізіп алмауды қатты ескеру керек.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет